Көрінетін жарық дегеніміз – ұзындығы 780 нм-ден
400 нм аралығында болатын электромагниттік тоқындар. Артық энергиясы бар қозған атомдар энергиясы аз күйге ауысады да электромагниттік толқындар шығарады, демек, жарық шығарады. Бұл процестің ұзақтығы 10 нс-ке созылады., сөйтіп атом синусоиданың бір үзігін шығарады. Оны толқындық цуг деп атайды.
Интерференция құбылысын 1675 жылы Ньютон, одан кейін Юнг және Френель байқаған.
Жарық толқынының интерференциясы тек когерентті толқындар қабаттасқанда ғана пайда болады.
Интерференцияны іске асыру әдістер:
Юнг әдісі.
Жарық дифракциясы деп жарықтың түзу сызықтың бойымен таралудан ауытқуын немесе жарықтың тосқауылды орағытып өтуін айтады. Жарық интерференциясын 1665 жылы Италия физигі Франческо Мария Гримальди ашты.
(Жарық дифракциясы туралы тәжірибелер көрсету).
Бір нүктеге жиналатын сәулелердің дифракциясы.
Параллель сәулелердегі дифракция. Оптикалық аспапатардың айыру қабілеттілігі. Дифракциялық тор дегеніміз жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар мен саңылаулар жиынтығы. Екі түрі бар:
Реттелген дифракциялық тор.
Реттелмеген дифракциялық тор.
Реттелген тор деп саңылаулары белгілі бір қатаң тәртіп бойынша орналасқан торларды айтады. Реттелмеген деп саңылаулары тәртәпсіз орналасқан торларды айтады. Геометрлиялық құрылысына қарай торларды жазық және кеңістік торлар деп те бөледі.
Практикалық бөлім
Интерференция құбылысы дегеніміз не?
Интерференция құбылысына мысал келтір?
Интерференция құбылыстары қалай көрініс табады?
Интерференция құбылысының түрлерін салыстыр?
Интерференция құбылысын іске асыру әдістерін ата?
Жаңа техникалардың дамуына интерференция құбылысының маңызы қаншама?
Дифракция құбылысы дегеніміз не?
Дифракция құбылысының түрлерін ата?
Дифракция құбылыстары қалай көрініс табады?
Дифракция құбылысының түрлерін салыстыр?
Дифракция құбылысын іске асыру әдістерін ата?
Жаңа техникалардың дамуына дифракция құбылысының маңызы қаншама?