1. Конкурстық жұмыстардың (эссе) тапсырмалары: «Ұстаз өмірінен бір күн»



Дата19.12.2016
өлшемі169 Kb.
#4205
Жоғарғы сынып оқушыларына арналған тапсырмалар

(Командадағы оқушылардың саны 5- тен көп болмау керек)


1. Конкурстық жұмыстардың (эссе) тапсырмалары:

«Ұстаз өмірінен бір күн»;

«Менің педагогикалық ұмтылуым»;

«Мен сенемін, балалар ...»;

«Балалар және әлем ...»;

«Менің алғашқы ұстазым...».



Бағалау өлшемдері:

1) мазмұнының өзектілігі;

2) тақырыптың толық және түбегейлі ашылуы;

3) мазмұнының креативтілігі;

4) тіл мәдениетінің көркемдігі.

Эссе жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық адресіне жіберу керек: shkirabaeva@mail.ru


2. «Өзін таныстыру» конкурсы. Конкурстың ұзақтығы – 5 минут.

Конкурстың мақсаты - өз мектебінің имиджімен таныстыру, оның жоғарғы сынып оқушыларының педагогикалық мамандықты таңдаудағы қызметі.



Бағалау өлшемдері:

1) өз мектебінің ерекшелігінің мінездемесі (оның құрылу тарихы, жетістіктері, даму болашағы);

2) орындау мазмұндылығы, құрылымы;

3) безендіру (команданың аты, ұраны, эмблемасы, киім түрлері);

4) орындау мәдениеті;

5) берілген уақытты сақтау.


3. Педагогикалық шеберлік конкурсы (мектеп өмірі және мектеп туралы өлеңді сахналандыру). Орындау ұзақтылығы – 3 минөт.
4. Плакат түріндегі үй тапсырмасы. Тақырыбы «Болашақты бірге жасаймыз»!

Екі ватман көлеміндегі плакат болуы тиіс. Плакатты қорғау уақыты - 6-8 минөт.



Бағалау өлшемдері:

1) Команданың ұсынылған тақырыпты плакат арқылы түсіндіруі;

2) плакатты безендіруі және орындауы;

3) команданың плакаттың мазмұнын ашу шеберлігі;

4) команданың білімдарлығы және өз бетімен жұмыс істей алуы.
5. Тәуелсіз Қазақстанның жиырма жылдығына арналған «Менің отанымның тәуелсіздігі» атты үй тапсырмасы. Орындау уақыты – 5 минөт. Әр команда ұжымдық- шығармашылық жұмыстың (ҰШЖ) толық өңдеуін ұсынады. ҰШЖ көрініс ойналады.

Бағалау өлшемдері:

1) қойылымның ерекшелігі;

2) орындау әсерлілігі;

3) орындау мәдениеті.


6. Капитандар конкурсы. «Кемеліне келген мұғалім болу деген не?» деген тақырыпта әрбір команданың капитаны сұрақ дайындайды.


Мектеп психологтарына арналған тапсырмалар
1.Конкурстық жұмыстардың (эссе) тақырыбы:

«Менің психолог ретінде көзқарасым»;

«Мектеп психологиясы: өткені, қазіргі және болашағы;

«Мектеп психолог - ол ғажап»;



Бағалау өлшемдері:

  1. Мазмұнын

  2. ың өзектілігі;

  3. тақырыптың толық және түбегейлі ашылуы;

  4. мазмұнының креативтілігі;

  5. тіл мәдениетінің көркемдігі;

Эссе жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 сәуірін дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық адресіне жіберу керек: shkirabaeva@mail.ru
2. «Психолог – өте керемет мамандық» өзін таныстыру

Әңгіме түрінде,музыка, сахна, поэзия элементтерімен өзін-өзін таныстыру. Орындау уақыты - 5 минөт.



Бағалау өлшемдері:

- өзгешелігі;

- айқындығы;

- әсерлілігі.


3. Психология пәні бойынша элективті курстың бағдарламасын немесе авторлық түзету дамыту бағдарламасын қорғау. Конкурсқа тек қана қолданыста жүрген, апробациядан өткен нақты тәжірибелік қорытындысы бар жұмыстар ұсынылады.

Орындау уақыты 7-10 минут.



Бағалау өлшемдері:

- бағдарламаның тұтастылығы;

- жаттығулар және тапсырмалар кешенін таңдауының ғылыми дәйектемесі;

- жаттығулар мен тапсырмалардың бағдарлама (курстың) мақсатына сәйкестігі;

- бағдарламаның (курстың) тиімділігі.


4. «Ата-аналар жиналысы» конкурсы (әрбір қатысушы өз бетімен тақырыпты таңдайды).

Орындау уақыты - 5-7 минөт.



Бағалау өлшемдері:

  • таңдалған тақырып мазмунының толық ашылуы;

  • өз тәжірибесінде инновациялық идеяларды қолдана білу;

  • жалпы және қәсіптік эрудиция;

  • көпшілік қауым алдында сөз сөйлеу қабілет.


5. Психологиялық тест тапсырмаларын ұсыну
Гуманитарлық колледж оқушыларына арналған тапсырмалар


  1. «Өзін таныстыру» конкурсы. Конкурстың ұзақтылығы – 5 минөт.

Конкурстың мақсаты - өздері оқитын оқу орындарының имиджімен, студенттердің педагогикалық мамандықты таңдау бағдарының міндеттерін шешудегі қызметімен таныстыру. Өз факультеті туралы ерекше әңгімелеу (музыка, театр, пантомима, поэзия, сурет өнерінің элементтерін қолдану).

Бағалау өлшемдері:

1) өз оқу орындарының ерекшеліктеріне мінездеме (құрылу тарихы, жетістіктері, даму болашағы);

2) орындалу мазмұндығы және композициялығы;

3) безендіру (команданың аты, ұраны, эмблемасы, киім түрі);

4) өнерпаздылығы, бірегейлігі, мазмұндылығы, әсерлілігі;

5) регламентті сақтау.


2. «Педагогикалық жағдаятты талдау» психология-педагогикалық тосын жағдай. Орындалу уақыты – 5 минөт.

Әрбір командаға педагогикалық жағдаяттар ұсынылады.



Бағалау өлшемдері:

  1. педагогикалық жағдаяттың мағынасын түсінуі;

  2. субъектілердің қарым-қатынасындағы позицияларын түсінуі;

  3. педагогикалық проблемаларды тұжырымдау;

  4. проблеманы шешу әдісінің мүмкіндігін анықтау;

  5. өз нұсқасын шешудегі дәлелдері;

  6. педагогикалық білімдарлығы.


Педколледж оқушыларына ескертпелер:

  1. Қосымшаларды пайлана отырып, жағдаятты баяндау.

  2. Педагогикалық жағдаяттың қатысушыларын және олардың ұстанымын анықтау.

  3. Әрбір қатысушы не ойлады, не істегісі келді, не істейді, нені сезінді?

  4. Берілген проблеманы шешудің қандай жолдары болуы мүмкін? Берілген проблеманы шешудің барлық амалдарын баяндаңыз.

  5. Берілген проблеманы шешудегі өз амалыңызды дәлелдеп түсіндіріңіз.




  1. Педагогикалық жобаны қорғау. Тақырыбы: «Жаңа мектеп-жаңа ұстаз». Жобаны қорғау уақыты – 10 минөт.

Қазылар алқасына жобаның қысқаша мазмұны тапсырылады, онда келесі мәселелер қарастырылуы керек: жобаның шеңберінде шешілетін проблема, жобаның тұжырымдамалық негізі, жобаны іске асыру түрлері, күтілетін нәтижелер (2 баспа беттен аспау керек).

Бағалау өлшемдері:

1) команданың жобалау бағытын таңдаудағы өзінің педагогикалық ұстанымдарын және нақты педагогикалық міндеттерді шешуде жобаның маңызын дәлелдей білуі;

2) қазіргі проблемалардың педагогикалық ерекшеліктері мен білім беру жүйесінің даму жағдайын жобада көрсетуі;

3) педагогикалық жобаның ауқымдылығы және жүйелілігі;

4) жобаның ерекшелігін сұрақтарға жауап беру және ауызша баяндау арқылы аша білуі.
4. «Ұжымдық-шығармашылық жұмыс жобасын жасау» конкурсы (көрініс көрсету). Орындау уақыты 5-7 минөт.

Тәуелсіз Қазақстанның жиырма жылдығына арналған «Менің отанымның тәуелсіздігі» атты үй тапсырмасы тақырыбында әрбір команда толық және кеңейтілген әзірлемесін көрсетеді.



Бағалау өлшемдері:

  1. әзірлемелердің қазіргі талаптарға сай болуы;

  2. ҰШЖ оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру деңгейі;

  3. ҰШЖ мазмұнының іріктелу сапасы;

  4. жалпы педагогикалық және психологиялық білімдарлығын пайдалануы;

  5. әдістемелік талаптарға сәйкестігі, ҰШЖ негізгі құрылымдық компоненттерінің болуы;

  6. ҰШЖ безендіру сапасы;

  7. ҰШЖ негізгі компоненттерінің сапасы.




  1. Капитандар конкурсы. Әрбір капитан «Элитарлық білім беру» тақырыбына бір сұрақ дайындайды.


Студенттерге арналған тапсырмалар


    1. «Өзін таныстыру» конкурсы. Орындау ұзақтығы - 5 минөт.

Конкурстың мақсаты - өздері оқитын оқу орындарының имиджімен және оның студенттердің педагогикалық мамандықты таңдау бағдарының міндеттерін шешудегі қызметімен таныстыру. Өз факультеті туралы ерекше әңгімелеу (музыка, театр, пантомима, поэзия, сурет өнерінің элементтерін қолдану).

Бағалау өлшемдері:

1) өз оқу орындарының ерекшеліктеріне мінездеме (құрылу тарихы, жетістіктері, даму перспективасы);

2) орындалу мазмұндығы және композициялығы;

3) безендіру (команданың аты, ұраны, эмблемасы, киім түрі);

4) өнерпаздылығы, бірегейлігі, мазмұндылығы, әсерлілігі;

5) берілген уақытты сақтау.




    1. «Педагогикалық басылымдарды жарнамалау» конкурсы.

Конкурстың мақсаты – кәсіби қызығушылығын дамыту үшін педагогикалық басылымдарды (кітаптар, жорналдар, әдістемелік құралдар) аудиторияға таныстыра білуін қадағалау.

Құрама командалардың капитандарына педагогикалық басылымдар салынған пакет тапсырылады. Команда жарнамалау үшін ұсынылған басылымдардың біреуін таңдайды және оның дайын жобасын сахнада көрсетеді.

Орындау уақыты – 5 минөт.

Бағалау өлшемдері:


  • Басылымда көтерілген мәселелердің негізгі оралымын аша білуі;

  • Басылымдардың қолдану ортасы мен тәсілдері туралы ұсынымдары;

  • Жарнаманың аудиторияға әсері;

  • Сөйлеу мәдениеті;

  • Вербалдық емес айқындылық құралдарын тіл құралдарымен бірге пайдаланудың орындылығы және педагогикалық мақсаттылығы;

  • Орындау шеберлігі, шығармашылық, жаңашылдық, бірегейлік;

  • Жарнаманың көркемдігі және жоғары талғамға сай болуы.




    1. «Ұстаздық­­­-маңызын жоғалтпаған өнер» педагогикалық идеяны қорғау. Жобаның қорғау уақыты – 10 минөт.

Конкурстың мақсаты – таңдап алынған проблема бойынша айтатын ойын дұрыс құра білу, атап айтқанда: тақырыптың негізгі бөлігін толық және тұтас аша білу, қорытындылау; ғылыми терминологияны дұрыс қолдану; аталған проблема бойынша негізгі және күрделі сұрақтарға жауап бере алуын анықтау; өзекті мәселелерді талқылау; кеңістік пен уақытта өз мамандықтары бойынша қабілетін анықтау; студенттердің шығармашылық әлеуетінің көрінуі.

Сахналанған педагогиканы, мультимедия құралдарының, музыкалық көркемдік сүйемелдеу элементтерін пайдалану құпталады. Педагогикалық идеяны ұсынғаннан кейін команда қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруі тиіс.



Конкурстың бағалау өлшемдері:

    1. ұсынылған педагогикалық идеяның өзектілігі;

    2. тақырыпты анық түсінуі;

    3. педагогиканың түсіндірмелі аппаратына сүйену;

    4. парасаттылық идеясына сүйенген философиялық, психологиялық, педагогикалық білімдердің кірігуі;

    5. қарастырылған проблемаға өзіндік көзқарастың дәлелдері мен дәйектемелері.

    6. безендірудің талғампаздығы, жарқын және образды жеткізілуі (көркемөнер, мультмедиялық құралдардың қолданылуы);

    7. ойын мазмұнды, көркем және бірегей жеткізу;

    8. сын тұрғысынан ойлау.

Конкурстың қазылар алқасына жобаның қысқаша мазмұны ұсынылады (көлемі екі беттен аспау керек).


    1. Дәстүрлі емес сабақ жоспарларын дайындау конкурсы (сабақтан үзінді көрсету).

Әрбір команда кеңейтілген және толық ұжымдық-шығармашылық жұмысын (ҰШЖ) ұсынады.

Бағалау өлшемдері:

  1. әзірлеменің қазіргі талаптарға сай болуы;

  2. сабақтың дидактиканың принциптеріне сәйкес келуі;

  3. сабақта оқытудың дәстүрлі емес түрлері мен әдістерін пайдалану;

  4. оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыру деңгейі;

  5. таңдап алынған сабақ мазмұнының сапасы;

  6. оқушылардың өзіндік жұмысының болуы және олардың танымдық қызметін белсенді ету тәсілдері;

  7. шығармашылық үй жұмысының болуы.

5. Студенттерге олимпиадада педагогикадан тест сұрақтары ұсынылады.

Мұғалімдерге арналған тапсырмалар


    1. "Мұғалім маманы - әлемдегі барлық мамандықтардың анасы" тақырыбына эссе.

Бағалау өлшемдері:

1) мазмұнының өзектілігі;

2) тақырыптың толық және түбегейлі ашылуы;

3) мазмұнының креативтілігі;

4) тіл мәдениетінің көркемдігі.

Эссе жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық адресіне жіберу керек: shkirabaeva@mail.ru




    1. Өзін таныстыру «Менің кәсіптік ерекшелігім».

Қызықты әңгіме түрінде, музыка, поэзия, сахналық көрініс элементтерімен өзін-өзі таныстыру. Орындау уақыты - 5 минөт.

Бағалау өлшемдері:

- өзгешелігі;

- айқындығы;

- әсерлілігі.




    1. «Менің педагогикадағы жаңалық ашуым» педагогикалық жобаны қорғау.

Мұғалім жобаны дәйектеп ұсынады, жобаның іске асуы және алынған нәтиже туралы есеп береді. Жоба қандай да бір курс тақырыбының әдістерін үйрену үшін немесе оқытудың ерекшелігін түсіну үшін жасалуы мүмкін.

Бұл жобаның дайындығы технологиялық карта, оқу сабақтарының топтамасы, сабақтан тыс шаралар түрінде ұсынылады; алға қойылған мақсаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді; педагогтың белгіленген мәселелерін шешуге көмектеседі.


Жобаның әзірлемесін қамту керек:

  • педагогикалық проблема туындаған жағдаятты баяндау;

  • проблеманың қойылуы;

  • көрсетілген уақыттың ішінде және технологияларды қолдану барысында жобаның мақсатына жетуі;

  • проблеманы шешудегі тәсілдердің дәйектемесі (проблеманы шешуде танымал тәсілді пайдалану жеткілікті);

  • жұмыс жоспары және міндеттері;

  • жоспарланған білім нәтижелері;

  • диагностика тәсілдері және нәтиже жетістіктерінің көрсеткіші туралы баяндау;

  • алынған білім нәтижелерін баяндау, жетістіктерінің куәлігі және жобаның нәтижесі туралы талдау.

Жобалық және әдістемелік икемділігінің қалыптасу деңгейін растайтын жоба қосымшасының мазмұны үлкен рөль атқарады. Қосымшада оқу-бағдарламалық құжаттар, нормативтік оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету, қолданылатын технологиялар ұсынылуы мүмкін.

Жобаны қорғау барысында мүмкіндігінше компьютердің көмегімен орындау.

Жобаны ауызша баяндау түрі ұсынылады (10 минөт).


    1. Пікірталас.

Тақырып – конкурс болатын күні жарияланады. Кез-келген ақпарат көздерін пайдалануға болады.

Бағалау өлшемдері:

  • педагогикалық білімдарлық;

  • проблеманың мәнін түсінуі;

  • проблема бойынша өз ойын дәлелдеп жеткізе білу;

  • қазіргі педагогикалық терминологияларды білуі.


5. Педагогикалық-психологиялық білім саласындағы нормативтікқұқықтық құжаттар бойынша тесттік тапсырмалар.

Педагог-ұйымдастырушылар, лагерь тәлімгерлеріне (орталықтарға) арналған тапсырмалар
Балалардың сауықтыру лагерлерінің (орталықтардың, мектеп жанындағы алаңдардың тәлімгерлері, тәрбиешілер (педагог-ұйымдастырушылар) қызметіндегі мамандары, ЖОО студенттері қатыса алады. Қатысушылардың жас деңгейі шектеусіз.
1. «Мен және менің мамандығым» тақырыбына эссе.

Бағалау өлшемдері:

1) мазмұнының өзектілігі;

2) тақырыптың толық және түбегейлі ашылуы;

3) мазмұнының креативтілігі;

4) тіл мәдениетінің көркемдігі.

Эссе жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық адресіне жіберу керек: shkirabaeva@mail.ru


2. «Менің кәсіптік өзгешелігім» конкурсы .

Қызықты әңгіме түрінде, музыка, поэзия, сахналық көрініс элементтерімен өзін-өзі таныстыру.Орындау уақыты - 3 минөт.



Бағалау өлшемдері:

- өзгешелігі;

- айқындығы;

- әсерлілігі.


3. «Балалар және жастар ұйымы: олар бізге керек пе?» педагогикалық идеяны қорғау. Жобаны қорғау уақыты – 10 минөт.

Конкурстың мақсаты – таңдап алынған проблемасы бойынша айтатын ойын дұрыс құра білу, атап айтқанда: тақырыптың негізгі бөлігін толық және тұтас аша білу, қорытындылау; ғылыми терминологияны дұрыс қолдану; аталған проблема бойынша негізгі және күрделі сұрақтарға жауап бере алуын анықтау; өзекті мәселелерді талқылау; кеңістік пен уақытта өз мамандықтары бойынша қабілетін анықтау; студенттердің шығармашылық әлеуетінің көрінуі, яғни өздерінің педагогикалық ұстанымдарын ашық көрсетуі.

Сахналанған педагогиканың, мультимедия құралдарының, музыкалық көркемдік сүйемелдеу элементтерін пайдалану құпталады. Педагогикалық идеяны ұсынғанннан кейін команда қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруі тиіс.

Конкурстың бағалау өлшемдері:

1) ұсынылған педагогикалық идеяның өзектілігі;

2) тақырыпты анық түсінуі;

3) педагогиканың түсіндірмелі аппаратына сүйену;

4) парасаттылық идеясына сүйенген философиялық, психологиялық, педагогикалық білімдердің кірігуі.

5) қарастырылған проблемаға өзіндік көзқарастың дәлелдері мен дәйектемелері.

6) безендірудің талғампаздығы және жарқын, образды жеткізілуі (көркемөнер, мультимедиялық құралдардың қолданылуы);

7) ойын мазмұнды, көркем және бірегей жеткізу;



  1. креативтік ойлау.


4. «Мен тәлімгермін» жедел-шығармашылық конкурсы.

Номинацияда болуы мүмкін:

- фольклорлық, халықтық, классикалық, эстрадалық, авторлық, рэп-композициялық әндердің орындалуы;

- аспапта ойнау;

- бірегей жанр;

- әдеби шығарма;

- актерлік шеберлік, миниатюралар, пантомималар,конференсье.

Қатысушылардың сахналық киімдері болу тиіс.




    1. Қазақстан Республикасында халықаралық балалар демалысы және сауықтыруды дамыту тарихы туралы, балалардың оқу-сауықтыру орталықтары жағдайында тәрбие жұмысының теориясы мен әдістері, балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық және республикалық нормативтік-құқықтық актілер бойынша тестік тапсырмалар.


Балалар оқу-сауықтыру орталықтарының волонтер – сынақ мерзімінен өтуші педагогтар-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер) номинациясындағы олимпиада қатысушылары үшін тапсырмалар.
Жазғы уақытта балалардың сауықтыру орталықтарында – ұйымдастырушылар (тәлімгерлер), мектеп жанында ашылған алаңдарда - тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істегісі келетін жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары олимпиадаға қатыса алады.


    1. «Тәлімгер – мамандығы қызықты» тақырыбына эссе.

Бағалау өлшемдері:

1) мазмұнының өзектілігі;

2) тақырыптың толық және түбегейлі ашылуы;

3) мазмұнының креативтілігі;

4) тілдік көркемдеу мәдениеті.

Эссе ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық адресіне жіберу керек: shkirabaeva@mail.ru




    1. «XXI ғасырдағы балалар орталығы» авторлық идеяны қорғау.

Авторлық идея слайд көмегімен 7 минөт ішінде таныстырылады.

Бағалау өлшемдері:



  1. берілген тақырыптың мазмұнын аша білу;

  2. орындау ерекшелігі;

  3. орындау айқындығы, ойының тереңдігі, өнерпаздығы;




    1. «Мен жаспын» жедел-шығармашылық конкурсы. Номинацияда болуы мүмкін:

фольклорлық, халықтық, классикалық, эстрадалық, авторлық, рэп-композициялық әндердің орындалуы;

- аспапта ойнау;

- бірегей жанр;

- әдеби шығарма;

- актерлік шеберлік, миниатюралар, пантомималар,конференсье.

Қатысушылардың сахналық киімдері болу тиіс.


4. Конкурсқа қатысушыда мектептегі балалар ұйымының белгілері болуы керек (галстук, төсбелгі және т.б.).

Магистранттар, аспиранттар үшін


    1. «Менің ғылыми-кәсіби өзгешелігім» конкурсы.

Өзі туралы қызықты әңгіме түрінде, музыка, театр, поэзия, кескіндеме, сурет өнері элементтерін қолдана отырып таныстыру.

Орындалу уақыты – 5 минөт.



Бағалау өлшемдері:

  • өзгешелігі;

  • айқындығы;

  • әсерлілігі.




    1. Қысқаша зерттеу бағдарламасын қорғау. Аталған бағдарлама ауызша баяндау түрінде ұсынылады (7-10 минөт).

Конкурстың қазылар алқасына жобаның қысқаша мазмұны ұсынылады, бұнда келесі тұстары көрінуі қажет:

  1. қолданылған диагностикалық әдістер;

  2. алынған диагностикалық материал;

  3. алынған мәліметтердің жалпы қорытындысы.

Зерттеу бағдарламасы келесі жоспар бойынша ұсынылуы керек:



  1. зерттеу бағдарламаларының теориялық дәйектемелері және өзектілігі;

  2. мақсаты мен міндеттері;

  3. жүзеге асыру кезеңдері;

  4. диагностикалық әдістерді жинақтау;

  5. алынған мәліметтердің жалпы қорытындысы;

  6. дәлелдемелер.

Бағалау өлшемдері:

  • зерттеуді қисынды жобалай білуі;

  • зерттелінетін затты есепке ала отырып, зерттеудің әдістерін таңдай білуі;

  • алынған нәтижелерді рәсімдей білуі.

  • зерттеу бағдарламасы үшін жалпы мәселе ретінде Сізге өз зерттеуіңіздің негізінде ұсынылады: «XXI ғасыр басындағы тұлға, білім, қоғам».




    1. Пікірталас.

Тақырып – конкурс болатын күні жарияланады. Кез-келген ақпарат көздерін пайдалануға болады.

Бағалау өлшемдері:

  • педагогикалық білімдарлық;

  • проблеманың мәнін түсінуі;

  • проблема жөнінде өз пікірін дәлелді жеткізуі;

  • қазіргі педагогикалық терминологияларды білуі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет