Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.
Сабақтың ортасы
Ширату тапсырмасы. Зерттеу жүргізу үшін не қажет?
Өлшеуді қалай жүргізуге болады?
Зерттеуді қалай жоспарлау керек?
Зерттеу алгоритмге сәйкес өткізіледі. 1. Зерттеу нысаны таңдалып, зерттеу сұрағы құрылады. Оқушылар нысанның қандай параметрін зерттейтінін анықтауы керек.
2. Зерттеуге қажетті құралдар анықталады. Ол қолжетімді, қолдануға қауіпсіз және балалардың жасына лайықты болуы керек.
3. Зерттеуді өткізуге қажетті уақыт аралығы және нәтижелерді көрсету формасы анықталады.
4. Зерттеу нәтижелері жайлы гипотеза жасалады.
5. Өлшеулер мен бақылаулар жүргізіледі. Назар аударыңыз! Тәжірибе жасау кезінде параметрлердің біреуі ғана өзгертіледі.
6. Нәтижелерді жазу формасы анықталады. Жазба шамалардың байланысын көрнекі етіп көрсету керек.
7. Зерттеу нәтижелері туралы, оның гипотезамен сәйкестігі жайлы қорытынды тұжырымдалады.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.