Ортағасырлық Шығыс ғалымы, Хорезмде туылған Әбу Рейхан Мұхаммед ибн Ахмед әл – Бируни. Ай тұтылуы кезінде, Ай түсінің өзгеруін, Күннің толық тұтылуы кезіндегі Күн тәжі құбылысын бақылап және суреттеп жазған. Ол Жердің күнді айнала қозғалуы туралы ойын айтты және геоцентрлік теорияны жетілмеген деп есептеді.

Бирунидің замандасы, Еуропада Алхазен деген атпен белгілі болған египеттік Абу Али әл- Хасан ибн әл- Хайсам көрнекті физик болды. Оның негізгі зерттеулері оптикаға қатысты. Алхазен жарықтың сынуына арналған зерттеулермен айналысты. Ол сыну бұрышын өлшеу әдістерін жете зерттеді және сыну бұрышы түсу бұрышына пропорционал емес екенін эксперимент жүзінде көрсетті. Алхазен сыну заңының дәл анықтамасын таппағанымен, түскен және сынған сәулелер жарықтың түсу нүктесінде екі ортаның шекарасына тұрғызылған перпендикулярдың бір жазықтықта жататынын айтып, Птолемейдің нәтижелерін біршама толықтырды. Алхазенге жарық дөңес линзаның ұлғайтқыш әрекеті “көру бұрышы” ұғымы және оның қашықтықта тәуелділігі белгілі болды.