Сабақтың тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясына кіріспе. Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі101,6 Kb.
#27276
түріСабақ

Топ

Күн

БС-31

9.09.15
1 Сабақ жоспары

Пән: Психология

Сабақтың тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясына кіріспе.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жасерешелік психологиясының даму тарихымен таныстыру.Жасерекшелік психологиясының тармақтарымен зерттеу әдістерін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың психология туралы білімдерін дамыту.Жасерекшелік психологиясының басқа ғылымдар мен байланысын түсіндіру.

Тәрбиелік:Оқушылардың жауапкершілікке тәрбиелеу.Әр жас кезеңдегі балалардың психологиясына сай тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,слайд, сұрақ-жауап, карточка.

Пән аралық байланыс:Психология,анатомия,физиология.

Пайдаланған әдебиеттер:Бейсенбекова Г.Б.,Молдабаева Р.А.,

Нұрғалиева С.А Жас ерекшелік психологиялы. Оқу құралы.-Қарағанды

«Ақ Нұр»,2012.-187 бет.

Сабақтың барысы мен мазмұны.

І кезең.Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин

ІІ кезең.Үй тапсырмасын тексеру 20 мин

ІІІ кезең. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.30мин

ІV кезең. Сергіту сәті.5мин

V кезең.Жаңа сабақты бекіту. 15мин

VІ кезең. Бағалау.5мин

VІІ кезең. Үй тапсырмасы 2мин



I. Ұйымдастыру кезеңі.

-Екі жақты сәлемдесу.

-Түгендеу.

- Аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру.



ІІ кезең.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ кезең. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.

Кіріспе сөз:

Отбасында әртүрлі жастағы балалар тәрбиеленеді. Сондықтан әр ата-ананың, отбасы мүшелерінің тәрбие мен білім беру жүйесінде балалардың жас кезеңдерін еске алуы қажетті шарттардың бірі.

Соңғы жылдар ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса зор көңіл бөлуде.

Зерттеу мәліметтері бұл мәселе жөнінде әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Педагог-ғалымдар балаларды тәрбие және білім беретін жүйенің сатылары бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мысалы, бөбек жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар.

1.Дәрістің жоспарымен таныстыру:

а) Жас ерекшелік психологиясына кіріспе

б) Жас ерекшелік психологиясының пайда болуы

в) Жас ерекшелік психологиясының тармақтары

Жасерекшелік психологиясы- адам психикасының дамуы және оның жас тұрғысынан әр түрлі кезеңдердегі ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.

Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жасерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі.

Жасерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайықты мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын зерттейді.



Жасерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары:

Жаңарыстар (жетістіктер)- нақтыкезеңдегі мүмкіндіктерінің алғашқы және осы жастағыларының басқалардың ерекшелінуіндегі жеке бастың және психикалық процестердің сапалық өзгерістері.

Әлеуметтік даму жағдайлары- әр кезеңдегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдайлар.

Дағдарыс-бір кезеңнен екінші кезеңге секірмелі түрде өту.

Жетекші іс-әрекет белгілі бір кезеңдегі адамның психикалық дамуының сипатын анықтайтын іс-әрекет.

Жасерекшелік психологиясының міндеттері.

  • Балалардың дербес ерекшелігін қарастыру.

  • Психикалық дамуды жас кезеңдерге бөлу.

  • Психологиялық диагностикалық әдістерін жаңарту.

Жасерекшелік психологиясының даму тарихы. XIX ғасырдың ортасына дейін балалар психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей келді. Кейін XIX ғасырдың екінші жартысында психология саласына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері болып проблемасына зейін аудартты. Жас ерекшелік психологиясы мәселелерін ғылымды күрделі еңбектерімен байытқан белгілісоветтік психолог-ғалымдар Б.Г. Ананьев, И.И. Божович, П.Я.Галперин, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская нәтижелі зерттеді және зерттеп келеді.

Жасерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы:анатомия, физиология, философия, жалпы психология.

Жалпы психология-барлық психологиялық ғылымдардың теориялық негізі. Жалпы психология-психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оның зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді.

Анатомия және физиология- бала дене құрлысының әр жасқа қарай нығайып өсуі, органдардың атқаратын қызметін әр жаста түрліше өзгерістерге ұшырау себептерін көрсетеді.

Философия-барлық ғылымдардың әдіснамалық негізі.Философия барлық ғылымдар ескеретін ортақ заңдылықтарды ашады. (қарама-қайшылық, дамудық секірмелігі заңдылығы)

Жасерекшелік психологиясының ең тығыз байланысатын ғылымы педагогика болғандықтан-зерттейтін обьектісі бір, яғни бала, жеткіншек, жасөспірім.

Жасерекшелік психологиясының тармақатры.


  • Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы (туғанан 6-7 жас)

  • Бастауыш сынып оқушылар психологиясы (10-11-14-15 жас)

  • Балғын жастық психологиясы(15-18)

  • Ересектер психологиясы(21-35,35-60)

  • Қарттар психологиясы (60-75,75-90)

Жасерекшелік психологиясының зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері. Кез-келген ғылым негізгі факторларды зерттеуден тұрады.Факторларды тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп аталады.

Бақылау әдісі жас ерекшелік психологиясындағы зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті обьектілеріне қарау емес,әдейі мақсат қойып баланың тиісті мінез-құлқын тексеру. Бұл кейде кесінді ретінде жүргізіледі.Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді,керек деген мезгілде (аз уақыт ішінде) жүргізіледі.

Байқау әдісі деп таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп және психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.

Бұл әдіс бойынша зерттеуші адам зерттелушінің әрекеттерін сырттай бақылап жазып отырады.Оны жүргізу шарттары жоспарлап алу, мақсат қою,жүйелі түрде жүргізіп отыру, кездейсоқ болмай байқауды қалай жүргізу керектігін алдын ала белгілеп алу және оған қорытынды беру.Байқау әдісі жаппа және ішнара болып бөлінеді.

Бала психологиясы тарапынан жасалатын эксперименттер мектепке дейінгі және мектеп жасындағыларымен түрліше жүргізіледі.

Эксперимент деп баланың психикасының даму заңдылықтарын бірнеше рет өзгертіп, құбылтып кейде жасанды жағдайда зерттеу.

Эксперимент әдісі арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәлзерттеуге болады.

Эксперимент екіге бөлінеді: табиғи және лабораториялық.

Табиғи эксперимент күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында ойын, сабақ оқу, еңбек әрекеті кезінде жүргізіледі. 1910 жылы орыс педагогі А.Ф. Лазурский (1874-1917ж) табиғи эксперименттің негізін қалады. Лабораториялық эксперимент арнайы жабдықталған лабораторияда жүргізілетін зерттеу.



Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобын қолдануда.

Ұйымдастыру әдістері- салыстыру әрқандай топты, жасы, қызметі т.б бойынша салыстыру зерттеу, кешенді зерттеуге әр түрлі ғылымдар өкілдері қатысып бір обьектіні жан-жақты әр түрлі құралдармен зерттеу, лангитюд-бір адамды немесе адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап зерттеу.

Эмприкалық әдістер-бақылау мен өзіндік бақылау, эксперимент психодиагностикалық әдістер: психологиялық болжау, тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу әдістері.

Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалдарды топқа жіктеу) талдау әдістері.

Интерпретациялық әдістер: генетикалық, құрлымдық.

Сондай-ақ реттеу түзету әдістеріне:аутотренинг, топтық тренинг, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі.



ІV кезең Сергіту сәті.

Vкезең.Жаңа сабақты бекіту. Өтілген жаңа сабақ негізінде оқушыларға сұрақ қою. Карточка толтырту. (Жасерекшелік психологиясының тармақтарын жаздырту)

Сұрақтар:



  • Жасерекшелік психологиясының даму тарихына (қысқаша шолу)

  • Жасерекшелік психологиясының негізгі ұғымдарын атаңыз?

  • Жасерекшелік психологиясының зерттеу әдістері.

  • Эксперимент әдісі.




(туғанан 6-7 жас)




(10-11-14-15 жас)




(15-18 жас)




(21-35,35-60жас)




(60-75,75-90жас)

VІ кезең. Бағалау. Жаңа білімді меңгеруге байланысты бағалау.Берілген сұрақтарға және карточканы дұрыс толтырған, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

VІІ кезең. Үй тапсырмасы Топты екі топқа бөліп бірінші топқа 2 ребус құрастыруға беру, екінші топқа сөзжұмбақ құрастыруға беру.

.





(туғанан 6-7 жас)




(10-11-14-15 жас)




(15-18 жас)




(21-35,35-60жас)




(60-75,75-90жас)






(туғанан 6-7 жас)




(10-11-14-15 жас)




(15-18 жас)




(21-35,35-60жас)




(60-75,75-90жас)






(туғанан 6-7 жас)




(10-11-14-15 жас)




(15-18 жас)




(21-35,35-60жас)




(60-75,75-90жас)






(туғанан 6-7 жас)




(10-11-14-15 жас)




(15-18 жас)




(21-35,35-60жас)




(60-75,75-90жас)






(туғанан 6-7 жас)




(10-11-14-15 жас)




(15-18 жас)




(21-35,35-60жас)




(60-75,75-90жас)






(туғанан 6-7 жас)




(10-11-14-15 жас)




(15-18 жас)




(21-35,35-60жас)




(60-75,75-90жас)

Каталог: uploads -> doc -> 1270
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1270 -> Сабақтың тақырыбы: Аласа таулы өлкелер
1270 -> Сабақ тың тақырыбы: «Математикалық сандық»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет