Сабақтың тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос



Дата25.01.2017
өлшемі33,02 Kb.
#7821
түріСабақ
Өзін-өзі тану, 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қайырымдылық, қамқорлық, жақсылық, құндылық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру.

  • Жақсы істер жасай білу іскерлігін дамыту.

  • Қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, дәптер, үнтаспа.

Шаттық шеңбері

Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасын сұрау.

«Мен мейірімді баламын» тақырыбында құрастырып келген әңгімелеріңді тыңдайық.

Балалардың жауаптары тыңдалды.

-Жарайсыңдар балалар, мен сендердің мейірімді істеріңді естіп, қуанып тұрмын. Адамға, қоршаған ортада мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.

Жақсылық жаса досыңа

Бірге ойнаған жасыңнан

Қиналған кезде әрқашан

Табылсаң болды қасыңнан

Болғың келсе жақсы адам,

Жақсылық жаса әрқашан

-Бүгінгі сабағымызда жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.

Мұғалім толықтырады.

-Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жаауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларда жақындастырады, достастырады, сыйластықтары артады.



Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу.

«Жақсылыққа –жақсылық» ертегісін айтып беру.



Сұрақ-жауап

  • Бала өзімшілдігінен қалай арылды?

  • Бала өмірден алған сабақтарымен тағы қандай қорытынды жасауы мүмкін?

  • Өздеріңнің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Шығармашылық жұмыс

Ертегілерді оқып, жалғасын өз ойларымен аяқтау.

Қарлығаш пен дәуіт

Арыстан мен тышқан


Тапсырма

Өздерінің жасаған жақсылықтары туралы шағын әңгіме құрастыру.


Дәйексөз

Жақсылық істеуден жалықпа,істеген жақсылығыңа өкінбе.



  • Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен , адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ы.Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.

Атақты жазушы атамыз М.Әуезов «Жақсылыққа-жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа – жақсылық ер кісінің ісі» деген екен. Біреуді таны – таныма жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал-мәтел біліп жүруіміз керек.

Негізгі ойды тауып, өмірден мысал келтіру.

1. Жақсы адам жолдасынан белгілі.

2. Биікке шықсаң көзің ашылады, Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

3. Жақсы адам – елдің ырысы,

Жақсы сөз – жанның тынысы.



Өзіммен – өзім

  • Балалар ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді жақсылық жасауға асығып барамыз деп елестетіңдер. Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза су жағасында, жайқалған жасыл желек ортасында, сайраған әсем құстар, айнала асқар таулар әдемі табиғат аясында жүргендеріңді сезініңдер. Көрікті, сұлу табиғаттың, ғажап жерлердің ұзақ сақталуына өз қамқорлықтарыңды көрсетіп жатырсыңдар.

Ойын

Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін сергіту мақсатында «Ептілік пен жақсылық» атты ойын ұйымдастыру. Ортаға екі бала шығып, жіпті керіп, алшақ тұрады. Белгі бергенде жіпті таяқшаға орап отырып, досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжиды. Кім тез ораса, сол жеңімпаз болады.



Үйге тапсырма

1. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазу.

2. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ болу керектігін жазу.
Жүректен жүрекке

Жақсы болу- өзіңнен

Жаман болу-өзіңнен

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен!
Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет