Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы



Дата10.06.2017
өлшемі30,58 Kb.
#19027
түріСабақ
Ж.М.ЕСЕНЖАНОВА,

Б.Аманшин атындағы орта мектеп,

Миялы селосы,Қызылқоға ауданы,Атырау облысы


Қазақ тілі 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ауызекі және жазбаша сөйлеу туралы білімдерін арттыру,сыпайы,мәдениетті сөйлеуге,әдепті болуға тәрбиелеу,сөздік қорын,ой-өрісін,тіл байлығын,шығармашылығын,қызығушылығын дамыту

Түрі:аралас сабақ

Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,жеке-топтық жұмыс,ойын,ой қозғау,шығармашылық жұмыс,көрнекілік

Көрнекілік:слайд,кеспе қағаздар,сөзжұмбақ

Технологиясы:СТО элементтері

Өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. . –Топқа бөлу.-Топ ережесі

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз,

Оқып білім аламыз.

Ашық аспан астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

-Балалар,бүгінгі сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыға және топқа жұлдызша беріледі. Қай топтың жұлдызшасы көп болса, сол топ жеңімпаз атанады. Сіздерге сәттілік тілеймін!

II. Үй тапсырмасын тексеру.



  • Өткен сабакта қандай тақырыппен таныстық?

  • Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?

  • Ауызекі сөйлеу дегеніміз не?

Тақтаға шыққан оқушылар кеспе қағаздарымен жұмыс жасайды.
III. Жаттығу жұмысы.

Сәуірдің жиырма сегізі

Жаттығу жұмысы

Сәйкестендіру тесті.



  1. Кешіріңіз а) Халіңіз қалай?

  2. Сәлеметсіз бе ә) Кітапты алып бересіз бе?

  3. Ренжімесеңіз б) Сізден сұрауға бола ма?

  4. Айып етпеңіз в) Кіруге бола ма?

IV. Топппен жұмыс

1 – ші топ «Білім» тобы

2 –ші топ «Еңбек» тобы

3 – ші топ «Талап» тобы


  • Оқушылар, слайдта көрсетілген сурет бойынша әңгіме құрайсыздар. Әңгімеде сыпайы сөздер болуы керек.

V. Ой қозғау. «Мәдениет» сөзжұмбағын шешу.

1. Атау септіктін сұрағы

2. ... бала – арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

3. Ойпырай, бәрекелді қай сөз табы?

4. Сын – қимылды білдіретін сөз табы?

5. Шығыс септіктің сұрағы?

6. Қоян – қорқақ аң. Көзі кыли, құлағы ұзын. Қай мәтінге жатады?

7. Мен, сен, біз қай сөз табы?

8. – ды, - ді, - ны, - ні қай септіктің жалғауы?

VI. Сергіту сәті.

Сурет бойынша әңгімелеу. «Кітапханада» тақырыбына үш топ мәтін құрайды. Салыстыру. Сыпайы сөздерді табу.

VII. Өз бетімен жұмыс.

1 – топ Бөгде адам

2 – топ Туысқан

3 – топ Сыныптасын



  • Қалай сәлемдесесін?

VIII. Берілген сөздердің ішінен керекті сыпайы сөздерді теріп жазып, сөйлем құру.

IX. Әже мен баланың амандасуы.



  • Армысыз, әже!

  • Бар бол, балам!

  • Күйлі – қуаттысыз ба, әже?

  • Құдайға шүкір, жақсымын, балам!

Сәлемдесу үшін айтылатын сөздерді көшіріп жаз. Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер?

X. Сөйлеу мәнері. Телефонмен сөйлесу.

- Алло, сәлеметсіз бе?

Мен Сәуленің сыныптасы едім. Сәулені телефонға шақырып жібересіз бе?



  • Самат, амансын ба? Қазір шақырайын.

  • Рахмет.

-Алло, сәлеметсіз бе?

- Бұл кім?

- Мен Дидармын. Айнұр бар ма екен?

- Бар, қазір.

Дұрыс үлгіні дәптерге көшіріп жаз.

XI. Бекіту сұрақтары.



  • Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?

  • Қандай сыпайы сөздерді үйрендік?

XII. Бағалау.

XIII. Үйге тапсырма.

1 – топ «Аялдамада»

2 – топ «Вокзалда»



3 – топ «Театрда» тақырыбына шағын мәтін жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет