Сабақтың түрі: Ашық сабақ Сынып 8 Қатысқандар 16 Қатыспағандар 0



бет1/3
Дата18.03.2017
өлшемі336,23 Kb.
#11868
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ: орта ғасырлардағы қазақстан тарихы

Мектеп: №15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектем

Мерзімі: 15.12.

Мұғалімнің аты - жөні: Альмуратова Назия Баймурзаевна

Сабақтың түрі:

Ашық сабақ

Сынып 8

Қатысқандар 16 Қатыспағандар 0

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның жеті кереметі.


Мақсаты:

Математикалық ұғымдар туралы түсініктерін дамыту, балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру, Қазақстан Республикасының қалалары туралы мәлімет беру. Туған жеріне еліне, деген сүйіспеншілігін арттыру.

Міндеті:

Сөздік қорын молайту, есте сақтау ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік:

Қазақстан картасы, жеті облыстың керемет жерлері туралы суреттері, ойынға арналған үлестірмелі материалдар


Біздің елімізде әлемнің жеті кереметіне тең келерлік ғажайыптар жеткілікті.
Мысалы, Қазақстандағы тарих, археология, сәулет және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан асады. Ал енді сіздің сұрағыңызға қарай Қазақстанның кереметі деп саналатын ескерткіштерді санамалап көрелік. 1.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін атақты шығыс қолбасшысы Ақсақ Темір салғызған. Оның көлемі – 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әртүрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. 2.Тайқазан. Қожа Ахмет Яссауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі – тайқазан. Өзі екі тонналық қазанға үш тонна су сыяды. 3.Айша бибі мазары. Кесене ХІІ ғасырда салынған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ. 4.Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. 5.Алтын адам. 1960 жылы Есіктен табылған бұл ескерткіштің ерекшелігі: осыдан 2500 жыл бұрын жерленген адамның киімі түгелдей алтынмен апталған. 6.Домбыра. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдеді. 7. Күлтегін ескерткіші. Күлтегін – көшпенділер тарихындағы ең көрнекті көсем, баһадүр тұлғалардың бірі.
Қазақтың жеті кереметі.

1. Таңбалы тас суреттері


2. Алтын адам
3. Қазақтың киіз үйі
4. Домбыра 
5. Иассауи кесенесі
6. Маңғыстау жерасты мешіті
7. Астана - Бәйтерек

                                              



 Таңбалы тас суреттері
Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр  тау жартастарына  жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың  рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы  таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің  қазыналы қорына қосылды. Ол суреттерде ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты  бейнелер бейнеленген. Алматы обылысындағы таңбалы тас суреттері - бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында.

  



                              Алтын  Адам
1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды»  тапты. Ол мұнан  2500  жылдай  бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген  бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ  аттың, барыстың, таутекенің, құстардың  бейнелері  жапсырылған.  Олардың  саны  төрт  мыңдай.  Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде  әлемге  әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.



 


                            Қазақтың киіз үйі


Киіз үй - көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы - І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады.Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) - киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болд

                                                     




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет