Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан алауы тәуелсіздік бастауы



бет2/2
Дата14.02.2018
өлшемі292,37 Kb.
#37681
түріСабақ
1   2
ТУ

Желбіре туым желбіре,

Көргенде сені қуанам.

Мақтан қып сенің сәніңді,

Арманмен алыс аттанам.

Желбіре туым желбіре,

Әлемде жетсін шуағың.

Өзіңді ұстап қолыма,

Қасқайып төрде тұрамын.



Рабиға: ЕЛТАҢБА

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен қыран,


Жай бейне емес ұғып ал.

Көгілдір түс аясы,

Бейбіт дала елесі.

Шаңырақ жұрт панасы,

Уықтан күн сәулесі.

Аңызға ұшқыр төзімді,

Пырақ халық арманы.

Жоғары да түсер көз,

Бас бармақты жұмуға

Ал, Қазақстан деген сөз,

Таныс барлық ұл, қызға.

маған, саған қымбатты

Ел таңбасы ол –Елтаңба

Ерасыл: ТЕҢГЕ



Шыныменен Алла рахым берді ме?

Қазағымның көз жасын ол көзді ме?

Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз

Қолды жаймас, кезегіне келді ме?

Нұрлан: АТА ЗАҢ



Табиғаттың шуағынан нәр алған,

Қазағымның өз заңы бар жаңарған!

Адамшылық қағидадан жаралған!

Шұғыласы әділ заңнан – таралған!

Жүрегіме зор қуаныш құясың,

Жарқын заңын,

Жарқылдаған күндей күліп шығасың.

Алтын заңым – Асыл Заңым –

Теңдесі жоқ қуатым!



Ақмарал: ҚАЗАҚ ТІЛІ

Тілім менің, қолымдағы қаруым,

Тілім менің, бойымдағы дарыным.

Биіктікке тілмен ғана өрлеймін,

Тілім менің енші болмас бауырым.

Өз тілінде Абай, Мұхтар сөйлеген,

Мұқағали мұңын шаққан елменен,

Тілім менің қол жетпейтін құдірет,

Көңілімді көкке өрлетіп тербеген.

Ердәулет: ПРЕЗИДЕНТ



Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап, сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Аман бол алтын жүрек, дана басым,

Ел үшін өлімгеде бара аласың.

Буынның бүгілмесін ел алдында,

Ертең де еңбегіңді бағаласын.

Қуанышымызға қош келдіңіздер!

осы тойға біз бүгін

1-Жүргізуші:

Қуанышымызға қош келдіңіздер!

Осы тойға біз бүгін,

Өлеңмен шашу шашайық,

Дүбірлі той жасайық!

Ән: Қазақ қыздары

Орындаушылар: Париза мен Бексұлтан

2-Жүргізуші:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім,

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді айта бергім.

Өлең: Үш бақытым

Орындаушы: Қодиркулов Нұрлан

Халқымыздың анасы

Атасы ол, данасы.

Көз жетпеске төсілген,

Қазақстан даласы.

Пейілдері кең болып,

Дәуіріне тең болып,

Өсер дәйім ұл – қыздар,

Шеттерінен ер болып

1-Жүргізуші:

Би: Сарбаздар



2-Жүргізуші:

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Алатаудың күндерін.

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген,

Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

Өлең: Менің Республикам

Орындаушы: Яхшиликова Нұрай

1-Жүргізуші:

Би: қазақша би

Орындаушы топ: Қыздар тобы

2-Жүргізуші:

Естіген жұрт тамсанар,

Тамылжытып ән салар.

Бізде сондай балалар бар,

Енді соны тыңдаңдар.

Ән: жаса, Қазақстан!

Орындаушы: Согиндикова Париза

1-Жүргізуші:

Өлең: Туған жер



Орындаушы: Холиков Талибжон
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет