Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының Бұлдырты Жалпы білім беретін мектебі - Бегайдарова Гүлжихан Болатқызы
- Химия пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: - Жемірілу және онымен күресу жолдары
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ: - Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын сұрау (Оқушылардың шығармашылық жұмыстары, ).
- Өткен материалдарды қорыту (сұрақ-жауап)
- Жаңа сабаққа кірісу кезеңі (көкейкестілігі, мақсаты мен міндеті)
- Жаңа сабақ
- Жаңа сабақты бекіту кезеңі
- Оқушыны бағалау
- Үй тапсырмасы
Үйге берілген тапсырма: - Қазақстандағы металдар кеңі. Темірдің биологиялық рөлі.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - “Туған жердің қара тасын
- мақтан ете білмеген адам,
- бөгде жердің алтын тасын да
- мақтап жарытпақ емес”.
- Қ.И.Сәтбаев.
Темірдің биологиялық рөлі - Темірдің биологиялық рөлі
«Мақал сөзде де металл жүреді» - От көмір жейді, .....
- Арпа, бидай ас екен, ....
- Қойдың сүті ...
- Ақыл арымас....
Мына құбылыс қалай аталады? МЕТАЛДАРДЫҢ ЖЕМІРІЛУІ - Жемірілумен күресу жолдары
Қазақ тілінде жемірілу деген сөз қандай мағына береді? - жемір етістігінің қимыл атауы. Бірте-бірте құртып тауысу, қыспаққа алу, қажыту.
- Қазір біздің қызыл батырлар жер жүзінің байларының, патшаларының тілеуі болып отырған Врангель лағнаттың әскерін қамап, күннен-күнге қысып жеміруде. (С.Сейфуллин, шығ)
Жемірілу = ет. мүжілу, қажалып түсу. - Жалынмын мен, келме жақын, жаңарсын, Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсын. Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ, Көз қырымен күліп қана қарармын.
Жемірілу сөзінің орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасы қандай? - Жемірілу:
- Орысша –
- Ағылшынша -
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ - Жемірілу туралы түсінік
- Жемірілудің зиянды әсерлері
- Жемірілудің түрлері
- Жемірілу жүру үшін қажетті факторлар
- Жемірілу процесінің химизмі
- Жемірілумен күресу жолдары
АҚПАРАТТЫҚ КЕЗЕҢІ - ЖЕМІРІЛУ- қоршаған орта факторларының әсерінен (химиялық, электрохимиялық) металдардың бүліну құбылысы
- Бұл – тотығу-тотықсыздану реакциясына жатады, метал атомы ионға айналады. Металл неғұрлым белсенді болса соғұрлым тез бұзылады.
- Тотығу процесіне атмосферадағы оттегі мен су буы әсер етеді.
- Ерітіндіде (қышқылдық, сілтілік, тұзды)
Металдардың жемірілуі жүретін жерлер: - Оттегі және сулы атмосфера
- Көмірқышқыл және күкіртті газдың атмосферада кездесуі
- Теңіз суы
- Қалдық сулар
ХИМИЯЛЫҚ – металдар мен оның құймаларының жемірілуі электр тогын өткізбейтін ортада болады. - ХИМИЯЛЫҚ – металдар мен оның құймаларының жемірілуі электр тогын өткізбейтін ортада болады.
- Ол металдардың әртүрлі бейэлектролиттермен, газдармен, сұйықтармен әрекеттесуінен пайда болады
ХИМИЯЛЫҚ ЖЕМІРІЛУ Химиялық коррозияның реакция теңдеулері: ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ – электролит ортада (қышқыл, сілті, мұхит суы) электр тогы пайда болуы арқылы жүреді. - ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ – электролит ортада (қышқыл, сілті, мұхит суы) электр тогы пайда болуы арқылы жүреді.
- Химиялық процесс – бұл металдардың тотығуы арқылы жүреді
- Электрохимиялық процесс – бір металдын электроны басқа металға ауысуы арқылы жүреді
Электрохимиялық коррозияның жүруін тездететін жағдайлар: - Екі белсенді металдың қатар орналасуы;
- Металдардың белсенділігі;
- Металда пайда болған жарықшақтар;
- Лас сулар, теңіз суы, электролит орта;
- Температураның жоғарылауы;
- Микроорганизмдердің әсері (саңырауқұлақтар мен бактериялар).
ЖЕМІРІЛУДІҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІ - Мұнай-газ тасымалын, басқа да химиялық өнімдерді бүлдіреді.
- Көптеген химиялық өңдірістерді жарамсыз етеді: авиациялық, химиялық, машина жасау.
- Адамдардың өмірі мен денсаулығына кері әсер етеді.
Жемірілуден қорғану жолдары: - Металдарды қорғаныштық беттік қабаттармен қаптау (лактау, сырлау);
- Металдың бетін басқа металмен қаптау (мырыш, қалайы, никель, хром) ;
- Жемірілуге тұрақты құймалар алу (болат)
- Сүйенішті (протекторлық) қорғау;
- Металдарды жаңа қазіргі конструкциялық материалдармен (пластмассалар, шыны пласиктер т.б.) алмастыру.
Жаңа терминдер: - Жемірілу –
- Сүйенішті қорғану –
- Құйма –
- Электролиз –
- Пирометаллургия –
- Гидрометалургия –
- Электрометаллургия -
Жаңа сабақты бекіту кезеңі: - Жемірілу дегеніміз не?
- Жемірілудің қандай түрлері бар?
- Химиялық жемірілу дегеніміз не?
- Электролит пен бейэлектролит дегеніміз не?
- Жемірілуден қорғанудың қандай жолдары бар?
Үй тапсырмасы: - §34 Металдардың жемірілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |