Сабақтың тақырыбы: Жемістер Сабақтың мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі44,29 Kb.
#38753
түріСабақ
ШҚО,Семей қаласы,

нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернатының

қазақ тілі пәні мұғалімі, дефектолог

Каримова Маржан Жұмабекқызы

Сабақтың тақырыбы: Жемістер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды жеміс түрлерімен таныстыра отырып, фонетикалық тұрғыдан білімдерін толықтыру, мысалдармен бекіту.

Дамытушылық: 1) ойлау, есте сақтау, есту мен көру қабілеттерін дамыту

2) сөздік және ауызекі сөйлеу дағдыларын байыту

3) пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Коррекциялық: ауызекі сөйлеу кезінде тіл кемістігін түзету

қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтылуын қадағалау



Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Табиғаттану

Сабақтың амал-тәсілдері: 1) баяндау

2) сұрақ-жауап

3) қайталау

4) түсіндірме

5) аударма

6) пысықтау



Сабақтың көрнекі құралдары: 1) жемістердің муляжі

2) себеттер макеті

3) сусындардың суреті

4) тапсырмалар тізбегі



Сабақтың оқу құралдары: 1)Дыбыс күшейткіш аппараттары

2)Экран


3)Тірек кестелері

4)«Ө» дыбысына фонетикалық жаттығу сызбасы Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сыныппен сәлемдесу

- Сыныпты кезекші арқылы түгендеу (экран арқылы)

- Дыбыс күшейткіш аппараттары тексеріледі (сұрақ-жауап арқылы)

- Андрей, қазір жылдың қай мезгілі?

- Мөлдір, жыл мезгілдерін ата

- Ира, ай аттарын ата

- Вадим, апта күндерін ата



ІІ. Фонетикалық жаттығу: Кезекші дыбыс «Ө» дыбысы

Мақсаты: ауызекі сөйлеу кезінде қазақ тіліне тән «ө» дыбысын дұрыс, таза айтылуын қадағалау

Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)

  • Біз не істейміз ?

  • Біз оқимыз

БӨ-МӨ-КӨ-КӨЗ (глаза)

ӨК-ӨТ-ӨР-ӨРТ (огонь)

Оқыту түрі: топпен

жұппен


тізбектеп

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Сусындар»

Сусындардың суретін пайдалана отырып, сусындардың қазақша атауларын сұрау. Сусындар атауларын қолданып, ауызша сөйлемдер құру.



ІV. Жалаңаш құлаққа жаттығу:

Қолданатын сөздер : айран, сүт, қатық, шұбат, қымыз, шай, шырын

Мақсаты: нашар еститін оқушының есту дәрежесін анықтау, есту қабілетін қалыптастыру мақсатында құлақты жаттықтыру.

V. Жаңа тақырыпты меңгерту: «Жемістер»

Меңгерілетін сөздер: Алма-яблоко

Алмұрт-груша

Шие-вишня

Жүзім-виноград

Өрік-слива

Дәмді-вкусный

Тәтті-сладкий

Қызыл-красный

Сары- желтый

Меңгерілетін сөздермен жүргізілетін жұмыс түрлері:

Оқыту түрі:

1) Мұғалім дауыстап оқиды

2) Оқушылар топпен оқиды

3) Оқушылар жұппен оқиды

4) Оқушылар тізбектеп оқиды

5) Жемістердің суретімен танысып, қазақша атауларын қайталайды



Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)

  • Біз не істедік ?

  • Біз жаңа сөздермен таныстық

Фонетикалық тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздерді жуан және жіңішке сөздерге бөлу

  2. Аталған сөздерді буынға бөліп айту, неше буыннан тұратынын анықтау

Меңгерген сөздерді пысықтау үшін «Не артық ?» ойынын жүргіземін.

Мақсаты: нашар еститін оқушылардың есте сақтау, ойлау, есту мен көру қабілеттерін дамыту.

Алмұрт Дәптер Қызыл

Шие Өрік Дәмді

Қалам Алма Тақта

Жүзім Алмұрт Тәтті

Тақтамен жұмыс:

1 тапсырма: Сөйлемді жалғастыр, орыс тіліне аудар.



  • Мынау не ?

  • Мынау алмұрт

  • Алмұрт қандай ?

  • Алмұрт ............

Пысықтау сұрақтары: (тірек кестелері)

  • Біз не істедік ?

  • Біз тақтаға сөйлемдер жаздық. аудардық.

2 тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойып жаз.

Алм...рт, өр...к, ж.....зім, ш...е, а...ма, қ....зыл, д...мді, т...тті, сар..



Тақырыпты бекіту: «Базарда» атты ойынын жүргізу

Мақсаты: Меңгерген сөздермен сөйлемдер құрай білу, ауызекі сөйлеу мен тілдік қорларын байыту.

Сатып алушы: Мынау не ?

Сатушы: Мынау-алма

Сатып алушы: Мынау қандай алма?

Сатушы: Мынау- дәмді алма

Сатып алушы: Мынау қандай шие?

Сатушы: Мынау- тәтті шие

Сабақты бекіту:

  1. Біз қандай жеміс атауларын білдік?

  2. Жемістерді атап, орыс тілііне аударып, себетке салыңдар

VІ.Үй тапсырмасын беру: Сөздіктерді жаттау, жемістерге байланысты екі сөйлем құру, жемістерге қатысты жұмбақ жаттау

VІ І. Білімдерін бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет