Сабақтың тақырыбы:Жәнібек Кәрбозин «Жиырма тиын» Мақсаты: 1.Білімділік:Мәтін авторы туралы мәлімет беру. Мәтіннің мазмұнын меңгерту,көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту. 2.Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуге үйрету. 3.Тәрбиелік:Оқушылардың мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін арттыра отырып, қамқор, жанашыр болуға үйрету. Көрнекілігі:оқулық, слайд,интерактивті тақта, автор суреті, мақал-мәтелдер. Сабақтың түрі:аралас Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру Пән аралық байланысы:қазақ тілі Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылардың бір-бірімен ұлттық амандасу.Оқушыларды түгелдеу,оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, оқушы назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық: Келіңіз, төрлетіңіз! Үлкенге де «сіз» Кішіге де «сіз» Сәлемдесіп үлкендермен Бас иеміз біз! ІІ. «Ой қозғау» Үйге берілген М.Әлімбаевтың Не жомарт? Кім жомарт? Өлеңін жатқа сұрау. Өткен сабақты қорытындылау. Тақырыпқа сай мақал жаттау, қосымша сұрақтар беру. Мақал:Сараңда бар болса да – жоқ Жомартта жоқ болса да – тоқ. Жомарттық - қолы ашық, қайырымды. ІІІ.Жаңа сабақ «Қызығушылықты ояту» -Дұшпан күлдіріп айтады, Дос жылатып айтады. -Жүз сом ақшаң болғанша, .............................................. 3.Жәнібек Кәрбозин өмірі.Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған.1953 жылы Әл – Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. «Кербақбай»,«Қолғанат», «Қарбек пен қарақшы» т.б.балаларға арналған пьесалар жазды. Оның балаларға арналған «Бәйшешек», «Менің шеберханам», «Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?», «Біздің ауыл балалары» сияқты өлең, жинақтары бар. 4.Мәтінмен жұмыс. А)мазмұнын айтып беру ә)мәтінді талдау «Болжау» стратегиясын пайдаланып, мәтінді үш бөлікке бөлейік. І бөлім «Алтай апасының өтінішімен дүкенге кетті» ІІ бөлім «Қардың арасын қарап жүрген Қанат». ІІІ бөлім «Алтайдың істеген адамгершілігі!. Сөздік жұмыс: Милығына- «милық» - маңдайдың бас киім жауып тұратын жері. Тымақ- аң терісінен тігілген суықта киетін жылы бас киім. 5.Сергіту сәті:Кім үлкенді тыңдаса Кім үлкенді сыйласа Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де. 6.Кітаппен жұмыс:мәтінді оқушыларға оқыту. 7.Семантикалық картамен жұмыс 8.Ой толғаныс Түйін -Осы әңгімені қандай мақалмен қорытындылауға болады? - «Жаман аттан аяғым артық, Жаман жолдастан таяғым артық». «Теріп алу» стратегиясы бойынша Алтайға мінездеме беру. Ақылды, мейірімді,қатыгез, қайырымсыз, адамгершілігі мол, тілазар, тілалғыш, қайырымды. Ү.Қорытынды -Сонымен бүгін не үйрендіңдер? -Алтай қандай адам? -Асан сендерге ұнадыма? -Келешекте Қанат кіммен дос болады деп ойлайсыңдар? Мақалмен қорытындылау «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді,жаман күліп кетеді» сондықтан балалалр «Адам болам десеңіз» мына қасиеттердің қайсысына жақын, қайсысынан аулақ болу керек? ҮІ.Үйге тапсырма:1.Әңгімені түсініп оқу. 2. «Менің досым» атты әңгіме жазу.