Сабақтың тақырыбы: Жердің құрылысы,негізгі ұғымдар



Дата22.08.2017
өлшемі52,12 Kb.
#24504
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні:География Сынып:6"А"
Сабақтың тақырыбы: Жердің құрылысы,негізгі ұғымдар.

Мақсаты: Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы түсінік беру.

Міндеттері: 1. Жер қабықтары туралы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту

арқылы білім негіздерін қалыптастыру.

2.Оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін – өзі реттеу

дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай

білуге жетелеу.

Күтілетін нәтиже: 1. Жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы біледі.

2. Ізденімпаздығы артады.

3. Бір – бірінің пікірін тыңдап, өз ойларын еркін жеткізе

алады.


4. Алған білімдерін өмірде қолданады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Көрнекіліктер: и/а тақта, электронды оқулық, үлестірмелі материалдар, маркер, постер,

стикер
Сабақтың барысы:



Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Жинақталады

2 мин

Топтастыру

Түстер арқылы оқушыларды 2 топқа топтастыру.

Топқа бөлінеді, топ басшыларын сайлайды

8 мин

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын бекіту



«Конверт» әдісі

- Карталар мазмұнына қарай қаншаға бөлінеді?

- Көкжиек тұстары неше?

- Азимут қай елдің сөзі?

- Бағытты анықтайтын құрал?
Географиялық диктант


Тапсырманы орындайды

5 мин

Жаңа сабақ

«Ой шақыру»



1.Бір зат бар дүниеде құшағы кең, 
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. 
Адамзат жан-жануар арасында Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. 
Бұл не? (Жер)
2. Аяғы жоқ, қолы жоқ, 
Бірақ тыныш тұрмайды. 
Сақтамасақ егерде, 
Барша тірлік қурайды. 
Бұл не? (Су) 
3.Бар ма, жоқ па оны білмейсің, 
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. 
Бұл не? (Ауа) 
4.Кристалдық тау жыныстарынан құралған, 
Жер қыртысы аталған, 
Мантияның қорғанышы. 
Бұл не? (Литосфера) 
5.Жер өзегі атанған 
ең орталық бөлігі 
Бұл не? (Ядро) 

2.Электронды оқулықтан мәтінді тыңдату.

3.Тірек сызба

Жердің қабықтары:

- атмосфера

- гидросфера

- биосфера

- литосфера

Жердің ішкі құрылысы:

- Жер қыртысы

-Мантия

-Ядро


Сұраққа жауап береді.

8 мин

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

1-топ: Жер қабықтары

2-топ: Жердің ішкі құрылысы


Топтық жұмыс (постер қорғау)

1 мин

Сергіту сәті


"Қол шапалақтайық!" ойыны

Сергіту сәтін жасайды

12 мин


Сабақты бекіту


1.Жердің қандай қабаттардан тұратынын, олардың радиусы мен құрамын жазыңдар.

2. Жер қыртысы құрылысының суретімен оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып, сызбаны толтырыңдар.

3. Географиялық есепті шығарыңдар.


Берілген тапсымаларды орындайды

5 мин

Сабақты қорытындылау

«Бетпе-бет» студиясы

1. Жер шарының ішкі құрылысы неше қабаттан тұрады?


2. Жердің ең сыртқы қабаты қалай аталады?
3. Литосфера деген не?

4. Ядро неден тұрады?

5. Жер қыртысы дегеніміз не?





1 мин

Үйге тапсырма

беру


§ 18



Үй тапсырмасын жазып алады.

2 мин

Бағалау

Формативті, критериалды бағалау

Топ басшысы әр топ мүшесін, топ жұмысын бағалайды.




Рефлексия

Сабақтың мақсаты дұрыс па?

Оқушылар бүгін не оқып үйренді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен сабақ құрылымын сәтті дайындай алдым ба?Мен уақытты сақтадым ба?

Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім?

Мен сабақта сынып және оқушылар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін?







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет