Сабақтың тақырыбы: «Жігер» күй және симфония
|
Мұғалімнің аты-жөні: Шинетова Оксана
|
Мерзімі:
|
5 «а»
|
5 «ә»
|
5«б»
|
5 «в»
|
|
|
|
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
|
оқушыларға қазақ кәсіби музыкасының дамуы, оның өкілдері жайлы мағлұмат беру; аспаптық музыканы тыңдау, ән айту дағдыларын дамыту
|
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну):
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Әндерді нақышына келтіріп орындай алады, жыр мазмұнына талдау жасай алады.
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді
|
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
|
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Музыкаға деген қызығушылықтары артады. Шығармашылық қабілеттері дамиды.
|
Тілдік мақсат:
|
Классик композитор, симфония, финал
|
Ресурстар:
|
Музыка оқулығы 5, дидактикалық материалдар, көрнекіліктер, АКТ
|
Пәнаралық байланыс:
|
Тарих, қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы
|
Алдыңғы оқу:
|
Классикалық опера өнері
|
САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт
|
Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер
|
Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
|
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
... минут (1-3 минут)
|
Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
... минут (7-10 минут)
1-деңгей (білу, түсіну):
(1-2 ұпай)
|
Ітоп–Той әнін сахнада хормен айту.
|
1-2ұпай
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
(2-3 ұпай)
|
ІІ топ – Ән әуеніне бидің ырғағын тауып билеу.
|
2-3ұпай
|
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
(4-5 ұпай)
|
ІІІ топ – Абайдың музыкалық бейнесін сахналау.
|
4-5ұпай
|
ЖАҢА САБАҚ
... минут (5-7 минут)
Атақты күйші – композитор Дәулеткерей Шығайұлы өзінің «Жігер» күйін Санкт – Петербург қаласына барып келгеннен кейін шығарды. Қаланың әсемдігі мен ондағы зәулім де көп қабатты үйлер. Нева өзенін бойлай жатқан аспалы көпір, сауда орындары, көздің жауын алар сұлу да сәнді театрлар және оркестрмен орындалған музыка – барлығы Дәулеткерейді тиісті етеді. Содан бастап қазақтың болашағы жайлы терең ойға шомады. Сол ойдың терең толғанысы жетегінде өмірдің мәні мен мағыналы тіршілігін күйге салады. Дәулеткерейдің ой толғауы «Жігер» деген күймен өмірге келген. Дәулеткерейдің күйлері терең мазмұндағы күрделі туындылар қатарына жатады. Күй өте абырлы да салмақты, адам бойына өмірлік күш – қуат пен жігер беретін сезімге толы. Алғаш рет Александр Затаевич Дәулеткерейдің күйін тыңдағанда таң – тамаша болады. Ол Еуропаның симфониясына бергісіз қазақ даласында осындай терең мағыналы шығарманың бар екендігіне көз жеткізеді. Заман өте келе араға жүз жыл салып Дәулеткерейдің күйі симфонияға айналып, дүние есігін қайта ашты. Қазақтың атақты композиторы Ғазиза Жұбанова бес бөлімді симфония шығарып, ол шығармасын ұлы күйшіге арнайды. Симфонияны жазуда композитор Дәулеткерейдің «Жігер» күйін негізге алған. Композитор Ғазиза Жұбанова үшін де «Жігер» симфониясы бүгінгі заманның ой-толғауы ретінде туған ерекше туынды болды. Симфония жаңа заманның сан түрлі тіршілік ағымы мен шынайы өмірлік құбылыстарын бейнелейді. Жер бетіндегі соғыс қасіреті мен бейбіт өмірді аңсаған халық. Техникалық зор жетістіктер мен ғарышты бағындыру.Адамзат баласыныңтабиғатқа келтірген зардаптары мен қоршаған ортаға жасаған зияны және тағы басқа сан түрлі ойлар тоғысып, симфониялық музыканың дүниеге келуіне себепкер болған. Дәулеткерейдің күйі Ғазиза Жұбанованың симфониясында жаңа замандық мазмұнға толы шығарма ретінде қайта жаңғырды. Оқушылар, осы уақытқа дейін сендер көптеген музыкалық шығармаларды тыңдап, үйрендіңдер. Осы музыкалық шығармалар өзінің құрылымы, мазмұны, орындалу ерекшелігі мен көркемдеуші құралдары арқылы бір-бірінен ерекшеленеді. Оларды музыка тілінде музыка жанры немесе түрі деп атайды. Мысалы: ән, би, күй, опера, балет, симфония, оратория хор т.б. музыкалық жанрлар. Н.Меңдіғалиевтің «Елім-ай» әніне жазылған вариациясы аспаптық музыка жанрына жатады. Осындай көп жанрлардың ішінде ерекше орын алатын жанрдың бірі симфониялық музыка. Симфониялық музыканың өзі бірнеше жанрларға бөлінеді: симфония, симфониетта, симфониялық поэма, симфониялық картина, оркестр мен жеке аспапқа арналған концерт т.б. Қазақ композиторларының ішінде симфониялық музыкаға жол ашып, бірінші рет симфониялық музыка жазған композитор Қапан Мусин. Ол өзінің симфониялық шығармаларында халық әндері мен күйлерін алғаш қолданушылардың бірі. /Қапан Мусин жайлы қысқаша мағлұмат беріледі, суреті көрсетіледі/. Симфониялық музыка-симфониялық оркестр орындайтын музыка. Симфониялық оркестр-ішекті, үрлемелі, ұрып ойналатын аспаптардан тұратын оркестрдің жетілдірілген түрі. Ол опера, балет, симфониялық шығармаларды орындайды. Симфония-симфониялық оркестрге арналған көлемді бірнеше бөлімді шығарма. Симфониялық поэма-халық өмірінен алынып, бостандық үшін күресті немесе табиғат көріністерін баяндайтын бір бөлімді шығарма. Алдын-ала дайындалған тақырыбы бар белгілі бір шығармаларды бағдарламалық музыка деп атайды. А) «Ақсақ құлан» күйін тыңдату (Күйдің мазмұнын баяндау). «Ақсақ құлан» күйінің терең мазмұны, көркемдігі тек орындаушыларды ғана емес, сонымен бірге көптеген колмпозиторларды да қызықзтырды. Композитор Ғазиза Жұбанованың «Ақсақ құлан» симфониялық поэмасында аңыз-күй жаңа қырынан ашылды. Ғ.Жұбанованың «Ақсақ құлан» симфониялық поэмасының негізгі тақырыбы –күйші мен күйдің құдіретін көрсету. Поэмада негізгі тақырып виолончель мен контрабаста орындалады. /аспаптардың суреттерін көрсету/ Жұбанова Ғазиза Ахметқызы /1927-1993/ Алматы қаласында туған. Музыканттардың отбасында дүниеге келген Ғазиза қазақ әндері мен күйлерін жастайынан жадына түйіп өсті. Әкесі Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің дирижері, атақты композитор Ахмет Жұбанов.Кішкентайынан осы оркестрді тыңдай жүріп өзінің музыкалық қабілетін дамыта білді. Әуелі Мәскеуде музыкалық училищеде, онан соң консерваторияда оқыды. Оның қаладм тартқан жанрлары: опера, балет, оратория, ән, хорлар т.б.
Ғ. Жұбанова –композитор
Опера балет оратория ән хор
Жаңа ән үйренейік.
|
САБАҚТЫ БЕКІТУ
... минут (15-20 минут)
1-деңгей (білу, түсіну):
(1-2 ұпай)
|
Нұрғали Нүсіпжановтың орындауында Әсет Бейсеуовтың «Армандастар» әні
|
1-2 ұпай
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
(2-3 ұпай)
|
Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау»
|
2-3 ұпай
|
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
(4-5 ұпай)
|
Е.Хасанғалиевтің әні«Атамекен»
|
4-5 ұпай
|
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
... минут (5-7 минут)
1-деңгей (білу, түсіну):
(1-2 ұпай немесе «3» баға)
|
Нұрғали Нүсіпжановтың орындауында Әсет Бейсеуовтың «Армандастар» әні
|
1-2 ұпай
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
(2-3 ұпай немесе «4» баға)
|
Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау»
|
2-3 ұпай
|
3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми - зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)
(4-5 ұпай немесе «5» баға)
|
Е.Хасанғалиевтің әні«Атамекен»
|
4-5 ұпай
|
БАҒАЛАУ
... минут (2-3 минут)
|
(Сабақ барысында қанша ұпай жинақтаса13-15- «5», 10-12«4»,8-12 «3» немесе1-8 «2» баға алатыны жазылады)
Бағалау парақшаларын толтыру.
|
|
КЕРІ БАЙЛАНЫС
... минут (1-2 минут)
|
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату
|
|