Сабақтың тақырыбы: «Жыл мезгілдері»



Дата11.01.2017
өлшемі69,44 Kb.
#6968
түріСабақ
Әлия Галеева, Розовка

жалпы орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Павлодар облысы, Павлодар ауданы.


Сабақтың тақырыбы: «Жыл мезгілдері».

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:балалардың жыл мезгілдері туралы ұғымдарын жетілдіру, әр мезгілдің ерекшеліктерін салыстыра білу.

2.Дамытушылық:оқушылардың ойлау, сөйлеу,есте сақтау,есту,көру сезімдерін жетілдіре түсу,сөздік қорларын байыту.

3.Тәрбиелік:оқушылардың табиғаттың әсем көріністерін қызықтай білуге, табиғат байлығын сезе біліп, оны қорғай, аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру,суретпен жұмыс, жұптық жұмыс, топпен жұмыс, тест.

Пәнаралық байланыс:әдебиет, орыс тілі, математика.

Көрнекіліктер: тірек сызба, суреттер, слайдтар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Олардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар төрт топқа бөлініп, үй тапсырмасын айтады.

Үйде оқушылар әр жыл мезгіліне өлең дайындап келуі керек.

1-ші топ: «Алтын күз» өлеңін дайындап келіпті.



Сары алтындай сары күз,

Қамбадағы дәніміз.

Шелек-шелек балымыз,

Ағыл-тегіл ағымыз.

Жаздай күткен бәріміз

Сары алтындай сары күз.

Алтын ұя- мектепте

Сабақ бастар шағымыз.

2-ші топ «Ақпан» өлеңін дайындап келіпті.



Бұрқыраған ақ қарлы,

Көрдіңдер ме, Ақпанды?

Жыл аяғы кеп алды.

Дауысы да тым өктем-ді,

Борандатып өткен-ді.

Бұлт боп көкке шөккен-ді.

Қыс мінезі тым қатал,

Оған, сірә,кім батыр?

Қорқып ерте күн батар.

3-ші топ «Көктем» өлеңін дайындап келіпті.



Су ақты, жетті апрель, қырдан ойға,

Секіріп арық-тұрақ кетті тойға.

Жас бала: «Жазғытұры туды», десіп

Жабағы, көтерем тай, ақсақ қой да,

Қуанып жан-жануар, алшаң басып,

Қалмады қайғы- уайым ешбір ойда,

Нұрлы күн алтын нұрын шаша бастап,

Шықсын деп қысқы ызғар өткен бойға.

Су ақса, тау жаңғырар сылдыр қағып,

Дәл сұлу бұраңдаған шолпы тағып.

4-ші топ «Жайдарлы жаз» өлеңін айтады.



Асқақтаған Алатау,

Киді жасыл шапанын.

Күн сәулесі ағыла,

Жерге түсті жылу боп.

Сол сәулеге сағына,

Құшақ жайды шалғын шөп.

Балалар да тосылмай,

Сайран салып ойнады.

Жаз мезгілі осындай ,

Қуаныштар сыйлады.
Өлеңдер бойынша әр топтың оқушыларына сұрақтар қойылды. Әр жыл мезгілінің өз ерекшеліктерін оқушылар түсіндіріп берді.
III.Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Балалар, біз бүгін сабағымызда жыл мезгілдері туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Сабақта әр түрлі тапсырмалар орындаймыз, сұрақтарға жауап береміз.

Мотивация кезеңі-қызығушылықты ояту.

Ерте кезде белгісіз,

«Жыл» деген шал бар екен.

Бірі мыңға бергісіз-төрт баласы бар екен.

Төрт баласы кезекпен

Күз бен Қыс, Көктем мен Жаз

Сүйсіндіріп халықты, әкелерін мәз еткен.

Немересі төрт ұлдан-он екі екен тараған.

Шеттерінен бәрі де,жастай іске жараған.

Қамын ойлап кәрінің, кезекпен кеп тұрыпты.

Ортасында бәрінің, шал салтанат құрыпты.
IY.Сұрақ- жауап өткізу.


  1. Шал деп отырғанымыз кім?

  2. Төрт ұлының аттарын атаңдар.

  3. Он екі немересі деп отырғанымыз нелер?

Әр жыл мезгілінің айлары туралы өлеңдерді оқушылар жай музыканың ырғағымен мәнерлеп оқиды. Ал тақтадан жыл мезгілдеріне байланысты слайдтар көрсетіледі.

1-оқушы. Көктем айлары.

2-оқушы. Жаз айлары.

3-оқушы. Күз айлары.

4-оқушы. Қыс айлары.

Оқушылардың көркем оқу қабілеттерін жан-жақты талқылап, үздік оқылған өлеңді атау. Оқушылардың бәріне де қолдау жасау.
Сергіту сәті.

Жыл мезгілдеріне арналған сергіту жаттығулары.



Жаңбыр жауды тамшылап, (іс- қимылмен көрсету)

Жерге түсті жапырақ. (балалар отырады)

Құстар келді, балақай, (қолдарын қағады)

Көктем де келді, алақай! (қолдарын шапалақтайды)
Әр топ оқушылары ақ қағазға өздеріне ұнаған жыл мезгілдерінің суреттерін салып, әңгімелеп береді. Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақтар, ребустар құрастырады. Белсенді жауап берген оқушыларды атап өту.
Жұмбақтар шешейік.

Бірнеше жұмбақты үш тілде шешіп жауап беру.

1.Мамықтай ұлпа, қанттай ақ

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. (қар, снег,snow)

2.Она приходит с ласкою,

И со своею сказкою.

Волшебной палочкой взмахнет-

В лесу подснежник расцветет. (весна,көктем,spring)

3.Суға батпайды,

Отқа жанбайды. (мұз,лед,ice)

4.Меня не растили,

Из снега слепили.

Вместо носа ловко

Вставили морковку. (аққала, снеговик, snowman).
Оқушылардың тіл білімдерінің деңгейін саралап, олардың өзге тілдерді де терең оқып білуіне, тіл білудің зор маңызы бар екенін түсіндіріп, тапсырманы аяқтау. Белсенді жауап берген оқушыларды атап өту.

Y. Қорытынды. Бағалау.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға тест тапсырмалары ұсынылады.
Венн диаграммасы бойынша жыл мезгілдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша Не білемін? Не білдім? Не үйрендім? Деген тірек –сызбаны толтырып айтып береді.

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар қояды:

1.Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

2.Сендер қандай жыл мезгілдерін қайталадыңдар?



3.Әр оқушыдан: саған қай жыл мезгілі ұнайды?-деп сұрады.
Оқушыларды марапаттау.
YI. Үй жұмысы.Өздеріңе ұнайтын жыл мезгілі туралы қысқаша әңгіме құрастырып келіңдер.











Мұғалім: Галеева Әлия Тастанбекқызы.

Розовка орта мектебі
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет