Сабақтың тақырыбы: Жылу. Фариза Оңғарсынова Сабақтың мақсаты



Дата12.09.2020
өлшемі18,83 Kb.
#63828
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Жылу. Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың анасына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру.
1.Жылулық шеңбер

Қол ұстасып бәріміз

Жылылықты сезейік.

Күндей болып әрқашан,

Күлімсіреп жүрейік.

2. «Гүл теру» ойыны

3.Ой қозғау Нақыл сөз

Құт береке – атаң қымбат,
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - апаң қымбат

Асқар тауың-әкең қымбат
- Бұл даналық сөзді жазған адамның кім екенін білеміз бе?(Қазыбек би).
Бейнекөрініс тамашалау
4. Асыл ана Сәкен Майғазиев
- Балалар, қазіргі тыңдаған әндерің кім жайында?
- Дүниеде анасыз адам болмайды. Осында отырған мен де, сендер де анадан туып, ананың көкірегінен нәр алғанбыз. Дүниедегі жақсылықтың бәрін, нәресте көзімде анадан үйренеміз. Ең алғашқы сөзді, ана тілінде дұрыс сөйлеуді үйретеді.
1. Біздің ана тіліміз қай тіл?
2. Аналар мерекесін жылдың қай мезгілінде тойлаймыз?
3. Көктемнің ең алғашқы гүлін кім атайды?
- Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, әлі еріп кетпеген қалың қардың астынан бүршік жарып шығады. Біздің аналарымыз да өмірдің қиындығына қарамастан, нәзікте болса, жеңіп шығады: Тіршілік күннен нәр алса, адамзат анадан тарайды.
4.Ананың жылуын, сендерге деген қамқорлығын қалай сезіп байқайсыңдар? (сөздерінен, көмегінен, қимылынан, ботақаным, құлыншағым, айналайын)
5. Топқа бөлу Ботақаным, Құлыншағым, Қошақаным

6. Фариза Оңғарсынова «Жылу»

7. Ф. Оңғарсынова туралы қысқаша әңгімелеу.
«Білім керек бәріне»өлеңі

8.Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

8. Сыр сандық

Өң-бет,ажар,түс.

Жалғанда-дүниеде.

Ғұмыр-өмір

10.Кестемен жұмыс

Сұрақтар

Берілген сөз

Қандай?

анам

Кімнің?

құшағы

Қандай?

жанары

Кімнің?

сүті

Ненің?

нұры


11.«Ізден,ойла,қорға»

І топ-Ана деген кім? Ол қандай адам?(күннің сәулелерін толтыру)



Асыл жан, мейірімді, шуақ төгеді, сұлу, тілекші, қамқор, пана, ақ сүт берген, отбасының жылуы, сезімтал

ІІ топ- Бес жолды өлең



Зат есім: Ана
Сын есім: Мейірімді
Етістік: Аялайды
Сөйлем: Ана - біздің күніміз.
Мәндес сөз: Шеше

ІІІ топ-Сөз тіркестерін пайдаланып әңгіме құрау



Айдай анам, оның құшағы, күн көзіндей жанары, ананың сүті , күн нұры

12.Сергіту сәті

13. Шығармашылық тапсырма

----------------------------------- сыйлаймын,
----------------------------------- тыңдаймын.
----------------------------------- аламын,
------------------------------------ баламын.

14.Венн диаграммасы

Күн мен Ананы салыстыру.

Күн
1. Өлі табиғат.
2. Жерді жылытады, шөп шығарады, қарды ерітеді.
3. Жарық береді.



Ана
1. Тірі табиғат.
2. Адамды өмірге әкеледі
3. Баласын азамат етеді.
Ұқсастығы
1. Жылу береді.
2. Барлық халық тағзым етеді
3. Тіршілік бастауы.
Сергіту сәті
15. « Даналық сөзден дән ізде»
демекші, ана туралы мақал - мәтелдер айтып жіберейік.(Оқушылар білетін мақал - мәтелдерін айтады).
16.Жүректен шыққан жылы сөз (гүлге тілек жазу)

17.Топ басшыларының бағалауы

18.Пікірлер ағашы




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет