«Өкіл» әдісі арқылы тексеріледі. Әр топқа өкіл барып оқушылардың тақырыпты меңгергендігін тыңдап, түрлі стикер арқылы бағалайды.
«Сиқырлы сұрақ» Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар даярлау. «Бағалау ағашы» арқылы бағаланады.
Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
Ақ жарық жайында не білесіңдер?
Ақ жарықтың спектрге жіктелуі жайында не білесің?
Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
Линзалар жайында не білесіңдер?
Линзада кескін алу жайында не білесің?
Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша жұқа линзаның формуласымен танысамыз.
Қандай құбылыс жарытың шағылуы деп аталады?
Шағылудың қандай түрлерін білесіңдер?
Қандай айна жазық айна деп аталады?
Жазық айна шын кескін бере алады ма?
Қандай кескін шын кескін деп аталады?
Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталады?
Жарық жазық параллель пластиналар арқылы өткенде қандай құбылыс байқалады?
Көлдің шын және көрінерлік тереңдігі деген не?
Призмадағы сәуленің жүру жолын қалай анықтауға болады?
Айнаны ұлғайтуды дегенді қалай түсінесіңдер?
|
1-топ:
Жазушылар
2-топ: Зерттеушілер
3-топ: Суретшілер
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.
|
Жаңа білім
10 минут
|
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау кезеңі:
«Ой қозғау» стратегиясы бойынша «Линза» сөзжұмбағын шешу.
Алыстағы нәрселердің кескінін үлкейту үшін қолданатын құрал.
Кішкентай нәрселердің кескінін үлкейтіп көрсететін құрал.
Жарықты шағылдырыатын нәрсе.
Көз бұршағы нашар жұмыс істегенде адамға көмектесетін құрал.
Шыныдан жасалған қосдөңес құрал.
Сөзжұмбақтың ерекше тор көзінде қандай сөз шықты. Линза , яғни бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Линзалар.Линзаның оптикалық күші.
Үлкейтетін аспаптар туралы не білетінімізді ортаға салайық. Бұл құралдарды біз бұрыннан білеміз. Кәне енді өткенді еске түсіріп,ортаға салайық.
Фотоаппарат,микроскоп,лупа,көзілдірік,телескоптар туралы жинаған материалдарымызды ортаға саламыз.
Енді осы қарастырған құралдардың ұқсас жерлері не деп аталады? Линза деп аталады.
Жаңа материалды меңгерту: Жұқа линзаның формуласы. Линзаның үлкейтуі.
Үш шаманың; нәрсе мен линзаның d ара қашықтығын (1-суретте ОВ) кескіннен линзаға дейінгі f ара қашықтықтың және фокустық Ғ ара қашықтықты (ОҒ) байланыстыратын формуланы геометриялық жолмен қорытып шығаруға болады (біз сіздерге қорытынды формуланы береміз). немесе
Осы қатыстарды жұқа линзаның формуласы деп атайды. d, f және F шамалар оң да,
т еріс те болуы мүмкін. Линза шашыратқыш болған жағдайда F<0 онда жоғарғы формуланың оң бөлігінде - теріс шама тұрады, мүшенің алдына кескін шын болғанда «плюс», ал кескін жалған болғанда «минус » таңбасы қойылады. Ақырында, мүшенің алдына жарықтаушы нүкте шын болғанда «плюс», ал жалған болғанда «минус» таңбасы қойылады.
Линзаның үлкейтуі. Линза шығаратьн кескіннің шамасы әдетте нәрсенің өлшемінен басқаша болады. Бұл үлкейту деген шамамен сипатталады. Сызықтық үлкейту деп кескіннің сызықтық өлшемінің нәрсенің сызықтық өлшеміне қатынасын айтады. Онда
Мұнда АВ нәрсенің биіктігін һ ал, А1В1 кескіннің биіктігін Н деп алайық.
Линзада кескін салу
Н әрсенің кез келген бір нүктесінен шыққан барлық сәулелер, линзадан өткен соң бір нүктеде қиылысатыны бізге белгілі.
Д әл осы қасиет бойынша жұқа линза, нәрсенің кез келген нүктесінің, немесе, тұтас барлық нүктесінің (немесе нәрсенің) кескінін береді. Фокустары, оптикалық центрі берілген жинағыш линза арқылы кескін салу үшін, біз сәулелердің «қолайлы» үш түрін пайдаланатын боламыз. Оптикалық бас оське параллель сәулелер, линзада сынған соң, линзаның фокусы арқылы өтетінін айытқанбыз. Линзаның фокусы арқылы келген сәулелер сынғаннан кейін, оптикалық бас оське параллель кететіні байқалады. Ақырында, линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәулелер, өзінің бағытын өзгертпейді.
АВ нәрсенің кескінін салайық. Кескін салғанда жинағыш линза 3-суретте көрсетілген белгімен, ал шашыратқыш линза 4-суретте көрсетілген белгімен беріледі. А нүктенің кескінін табу үшін, АС сәулені оптикалық бас өске
параллель бағыттайық. Сынғаннан
к ейін, ол линзаның фокусы арқылы өтеді. Екінші АД сәулені фокус арқылы бағыттап жіберуге болады. Сынғаннан кейін ол, оптикалық бас оське параллель кетеді. Осы сынған екі сәуленің қиылысу нүктесінде А нүктенің А1 кескіні болады. Сөйтіп нүктенің кескінін салу үшін «қолайлы» үш сәуленің:
оптикалық центр арқылы өтетін сәуленің,
оптикалық бас оське параллель келіп линзаға түсетін сәуленің,
фокус арқылы өтетін сәуленің, линза арқылы жүретін жолы белгілі, соның кез келген екеуін пайдалануға болады
|
Оқулық,
мәтіндер.
|
Ортасы
10 минут
|
0> |
Достарыңызбен бөлісу: |