Сабақтың тақырыбы Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия


«1» тобына сұрақ 1. Барлық денелер неден түрады? 2. Молекула дегеніміз не? «2»



бет3/171
Дата27.01.2023
өлшемі7,65 Mb.
#166620
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171
Байланысты:
8 қмж физика

«1» тобына сұрақ
1. Барлық денелер неден түрады?
2. Молекула дегеніміз не?
«2» тобына сұрақ
1. Заттардың молекулалары бірдей ме?
2. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады? «3» тобына сұрақ
1.Зат қандай күйде бола алады?
2.Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

Шаттық шебері





Сабақтың ортасы
8 минут

- Балалар, міне, сендер 7 - сыныпта "Физика және астрономия" пәнінен қоршаған орта, табиғат құбылыстары және олардың заңдылықтары т. б. қызықты әрі жаңа дүниені, оқып үйрендіңдер.
- Ал, енді бұл оқу жылы сіздер жылу, электр, магнит және жарық сияқты табиғат құбылыстарын сипаттайтын ұғымдар мен шамаларды оқып - үйреніп, олардың өзара байланыстарын және физикалық заңдылықтарын зерделейсіздер.
ә) Жылу құбылыстары
Денелер үнемі қозғалып тұратын молекулалардан құралады. Ал, әрбір жеке молекулалардың қозғалысын – механикалық қозғалыс деп атаймыз.
Механикалық қозғалыста жеке молекуланың жүрген жолын және қозғалыстың υорт орташа жылдамдығын анықтап, сол молекуланың дененің басқа молекулаларымен соқтығысуын да көз алдымызға елестетуге болады.
Барлық молекулалардың тұтас алғандағы қозғалысы бұдан да күрделірек (1см3 суда - 3, 34*1028 молекула бар)
Механикалық құбылыстардан кейінгі құбылыстар – жылу құбылыстары.
Олар денелерді қыздыру немесе суыту, яғни олардың температурасын өзгертумен байланысты. Бұл процестер денелердің кейбір қасиеттерін өзгертеді. Жылулық процестердің жүруі заттың құрылысымен тығыз байланысты.
Газ, сұйық және қатты тәрізді кез келген дене қарқындылығы температураға байланысты болатын ретсіз (хаосты) қозғалыстағы сансыз көп молекулалардан тұрады. Кей жағдайда дененің молекулалық құрылысы ескерілмей термодинамикалық әдіс арқылы зерттеледі(жылу+күш).
б) Жылулық қозғалыс
Жылулық құбылыстарын түсіндіру үшін ғалымдар ұзақ уақыт бойы еңбек етті (М. Ломоносов, Р. Джоуль, Дж. Максвелл, Л. Больцмандар).
Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атайды. (Желсіз тынық ауадағы түйдектелген шіркей).
в) Броундық қозғалыс
Молекулалардың ретсіз қозғалысының нәтижесі броундық қозғалыс болып табылады.
Суда қалқыған өсімдік спорасының қозғалысын бақылаған ағылшын ботанигі Р. Броунның құрметіне осылай аталған. Спораның бөлшектері ұсақ болған сайын жылдамырақ қозғалған. Оларды көзге көрінбейтін қандай да бір күштер үнемі қозғап тұрғандай болады. Ал температура артқан сайын олардың қозғалысы үдей түседі.
Броун осындай құбылысты ашса да, оның не себептен болатынын түсіндіре алмады.
1905 - 1906 ж. ж. А. Эйнштейн мен М. Смолуховский толық теориясын жасады.
Орта молекулаларының жылулық қозғалысы мен олардың броундық бөлшекпен соқтығысуы броундық қозғалыстың себебі болып табылады.
Бөлшектердің өлшемдері мен массасы аз болған сайын оның жылдамдығын өзгерту оңайға соғады.
Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.
г) Диффузия
Диффузия ұғымы - зат бөлшектерінің ретсіз қозғалысының келесі бір салдары.
Диффузия - бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралығына ену құбылысы.
Диффузияның қарқындылығы зат тығыздығы мен молекулалардың ретсіз қозғалысына байланысты.
Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады).
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір - бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет