Сабақтың тақырыбы Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#124895
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
8 кл 1 сабақ
Төкен Әлия баяндама

Тексерілді: __________ З.Ақбалаева

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
«Жылу құбылыстары»

Мектеп: «Қақпақ» жалпы орта мектебі

Күні: 2.09.2021 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Абуева Жанерке

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.3.1.1-молекула- кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау.

Сабақ мақсаттары:

  1. Молекула -кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын білу.

  1. Молекулалардың жылулық қозғалысын түсіндіру.

  1. Броундық қозғалыс, диффузияға мысалдар келтіру, тәжірибелік дәлелдемелермен сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, талдау

Бағалау критерийі

  • Молекула - кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын біледі.

  • Молекулалардың жылулық қозғалысты түсінеді.

  • Броундық қозғалыс, диффузия құбылысын эксперимент жүзінде дәлелдеп, мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: молекулалық физика, молекула-кинетикалық теория, жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия
Диалогтермен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Атом-грекше атомос – бөлінбейтін.
Диффузия-латынша diffusio-жайылу, таралу,ену.

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей- еңбек қоғамы құндылығы аясында оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, іздену қабілеттерін арттыруға, қамқорлық құндылықтарын дамытуға баулу.

Пән аралық байланыс

Атомдармен молекулалар арасындағы бос кеңістікті, молекулалар арасындағы тартылыс күштерін, жаратылыстану пәнімен байланыстырамын, заттардың қасиеттерін сипаттау кезінде сурет сызу пәндерімен байланыстырамын, дәлірек айтсақ ауа құрамындағы әртүрлі газдар: азот, оттек, судың буы, т.б химия пәнімен байланыстырамын.

Бастапқы білім

Молекула-кинетикалық теорияның қағидалары,заттардың молекулалық құрылысы негізінде газдардың, сұйықтармен қатты денелердің құрылымын сипаттауды 7-сыныптан біледі.



Жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет