«Білгенімді зердеме тоқу». Сабақты пысықтау.
“Тәжірибе - физика ілімінің атасы «Физика 7-11 сынып» электронды оқулығы арқылы осы тәжірибелерге сай видеоматериал көрсетіледі.
Тәжірибе көрсету.
1. Жарықтың түзу сызықпен таралуы .
2. Күннің, айдың тұтылуы.
Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді) деп аталатын бөлімі қарастырады.
Жарық нені білдіреді?
Жарық –заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылатын фотондар ағыны.
Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады.
Фотондар жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады. Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000 км/с-қа тең. Мұндай жылдамдықпен бірде –бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері қозғала алмайды.
Вакуумде с=300 000 км/с
Ауада с= 299 711 км/с
Суда с=225 000 км/с
Шыныда с= 200 000 км/с
Вакуумдегі жарық жылдамдығы – табиғатта мүмкін болатын үлкен жылдамдық.
Жарық көздері – жарық шығаратын денелер.
Ғ аламдағы негізгі жарық көздері-жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн-бізге ең жақын жұлдыз. Күн кәдімгі жұлдыз, сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Күннің массасы Жердің массасынан 333000 есе үлкен.
Күн - өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді; оларды қыздырады, планеталар атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Күн энергиясының біраз бөлігі тас көмір, мұнай және басқа пайдалы қазбалар түрінде Жер астында сақталған.
Барлық жұлдыздар сияқты Күн-қызған газ шары негізінен, ол гелий қоспасы (10 пайыз) бар сутектен тұрады.
Ядролық белдеу – мұнда қысым мен температура ядролық рекциялардың жүруін қамтамасыз етеді.
2) Сәулелік белдеу - энергия қабаттан қабатқа электромагниттік энергия кванттарын алма кезек жұту және шығару арқылы сырқа береді.
3) Конвекция белдеуі - “сәулелік” белдеудің үстіңгі жағынан Күннін дәл көрінетін шекарасына шейінгі аралық. Мұнда температура Күннің көрінерлік шекарасына жуықтаған сайын тез кемиді де, соның нәтижесінде зат алмасу болып жатады( астынан жылытқан ыдыстағы сұйықтың қайнағаны сияқты)
4) Атмосфера – бұл бірден конвекциялық белдеуден басталады да, Күннің көрінетін дөңгелек жүзінің шегінен аулаққа таралып кетеді. Аьмосфераның төменгі қабатына газдардың жұқа қабаты кіреді, біз оны Күннің беті ретінде қабылдаймыз. Атмосфераның қалыңдығы 200 –300 км, ең терең қабаты-фотосфера. Хромосферадан жоғары Күннің 10 радиусындай аралықта Күн газдарының температурасы өзгермейді. Бұл сиретілген және ыстық қабық күн тәжі деп аталады. Күн тұтылу кезінде көруге болады. Күн тәжінің газы планетааралық кеңістікте таралып, Күннен тұрақты таралатын күн желі деп аталатын ыстық сиретілген плазма ағыны. Күн тәжінде одан да керемет, әрекетті түзілістер протуберанцтер байқалады. Олар тәж затымен салыстырғанда тығыздау газдардың бұлттарының қозғалысы.
Соңғы мәліметтер бойынша Күннің жасы 5 000 000 000 жыл жасында.
Күн Жерде болатын құбылыстарға үлкен ықпалын тигізеді. Ол жер үшін негізгі жылу көзі болып табылады. Күн жерді жарықтандырып және жылытып қана қоймайды, сонымен қатар 11 жыл сайын болып тұратын күн белсенділігі – бірқатар геофизикалық құбылыстардың тууына жол ашады. Мысалы: Күннің қысқа толқынды сәуле шығару радиотолқындардың таралуына күшті әсер етеді, кей кезде радиобайланыс бұзылады.
ІІІ. Егер көз бен жарық көзінің арасына мөлдір емес нәрсе орналастырса, онда жарық көзі көрінбейтін болады. Бұл біртекті ортада жарық сызық бойымен – түзу сызықты тарайтынын түсіндіреді. Жарықтың таралу заңы дегеніміз осы.
Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады.
Берілген шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады.
Көлеңкенің пайда болуы – біртекті ортада жарықтың түзусызықты таралуымен түсіндіреді. Жарық көзінен жарық түспейтін мөлдір емес нәрсенің сыртындағы кеңістіктің бөлігін көлеңке деп атайды. Ашық күндері адамдардың, үйлердің, ағаштардың және басқа да нәрселердің көлеңкелері анық көрінеді. Бұл құбылысты толығырақ қарастырйық. Ол үшін кішкене S жарық көзін алайық. Одан біршама қашықтықта Э экранды орналастырайық. Шам экранды жарықтандырады, яғни оның әр нүктесіне жарық түседі. Мөлдір емес кішкене Т шарды экранға түсетін жарық шоғы аймағына, яғни шам мен экранның арасына орналастырайық. Экранда қара дөңгелек түріндегі көлеңке пайда болады. Егер S және А нүктелері арқылы түзу жүргізсе, онда ол В нүктесінде жатады. Бұл жарықтың түзу сызық бойымен таралатынын дәлелдейді.
Егер жарық көзі нүктелік деп есептеуге болмайтын үлкен шам болса, онда экрандағы толық көлеңкенің айналасында өте қараңғы емес екі аймақ – алакөлеңкелер пайда болады. Алакөлеңкенің пайда болуын, жарықтың түзу сызықпен таралу заңын растайды.
Орасан зор масштабтардағы көлеңкелер мен ала көлеңкелер Күн мен Ай тұтылуларында байқалады.
Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут
Қолдану №2 Кестеге мына аталған денелердің қайсысы табиғи жарық көздеріне, қайсысы жасанды жарық көздеріне жататынын жазыңдар: Күн, шырақ, теледидар экраны, жұлдыздар, шіріген заттар, күндізгі жарық шамы, найзағай, газ плитасы жанарғысының жалыны, поляр шұғыласы, дисплей экраны.
Жарық көздері
Табиғи
Жасанды
№1. 339-суретте S жарық көзінің және горизонталь орналасқан төрт білте тақтайдың орны көрсетілген. Осы суретті дәптерлеріңе көшіріп салып, АВ қабырғасының қай жерінде жарықтың жіңішке жолақтары пайда болатынын көрсетіңдер.
№1267.Бақылаушының көзі саңылаудың алдындағы А нүктесінде орналасқан. Схемалық түрде суретін сала отырып, мынаны көрсетіңдер: а) бақылаушы ағаштың қай бөлігін көріп тұр; б) бақылаушы саңылау алдындағы нүктенің қайсысында (А1) ағаш бойын толық көре алады?
№1 Сызбаны сызып S1 және S2 жарық көздерінен жарықталған доптың көлеңкесі мен шала көлеңкесін кескіндеңдер.