Сабақтың тақырыбы: Жыныс генетикасы, оны анықтау механизмдері. Гемофилия және дальтонизм Оқу мақсаты



бет2/4
Дата21.08.2023
өлшемі163,5 Kb.
#179892
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
10-сабак. Жыныс генетикасы

Ресурстар
1мин


5 мин
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Көңіл күйлерін анықтау.
Ой қозғау сұрақтары:
Хромосома деген не?
Адамда қанша хромосома бар?
Презентацияда проблемалық сұрақтар жазылып тұрады:
1.Әлем ғалымдарының зерттеуі бойынша, ұл мен қыздың туылуы 1:1 қатынасқа жуық. Қалай түсіндіре аламыз?
2. Неліктен бір анадан туған ұл баласына анасы арқылы ауру беріледі, ал қыздары ауруға шалдықпайды. Қалай түсіндіре аласыз?
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы жаңа тақырыпты болжап көреді.
Назарын сабаққа аудару
Оқушының қызығушылығын тарту

Слайд 1



8мин

14 мин

7 мин


2 мин


4 мин
1 мин


3 мин

Жаңа сабақ

Сабақтың ортасы


Бекіту

Сабақтың соңы

Бағалау

Рефлексия


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жыныс генетикасы, оны анықтау механизмдері. Гемофилия және дальтонизм.
Жынысты анықтау механизмі:
Жыныс анықтаудың 2 әдісі бар.
Генотиптік әдіс-жұмыртқа жасушасының ұрықтануынан және зиготаның қалыптасуынан гаметалардың генетикалық материалы арқылы анықталады.
Фенотиптік әдіс-кезінде жыныс зиготаның хромосомалық жиынтығымен емес, ал ағзаның қоршаған орта жағдайымен анықталады.
Адамның 46 хромосоманың тек 44 өлшемі, пішіні, және ер адам мен әйелдегі ген жиынтығы бойынша бірдей. Бұны аутосомалар деп атайды. Аутосомаларда болатын гендердің белгілері Мендель заңдарына бағынады. Тұқымқуалаудың мұндай типі аутосомалы тұқымқуалау деп аталады.
Ер адам мен әйелдерде айырмашылық жасайтын қалған 2 хромосома жыныстық хромосомалар деп аталады. Олар құрылысы бойынша ұқсас, яғни гомологты әйелдер ХХ хромосома. Ер адамдарда бұл хромосомалар әртүрлі, гомологты емес ХУ.

Жынысты алдын ала генотиптік жолмен анықтау. Жынысты алдын ала генотиптік жолмен анықтау ұрықтану кезінде жүреді. Әйел жасушаларның құрамында 44 аутосома мен 2 жыныстық хромосомалар ХХ болады. Сондықтан оның ағзасында 22 аутосома және 1Х хромосомасы бар жұмыртқа жасушасы түзіледі. Әйел жынысы гомогаметалы деп аталады.
Егер құрамында Х хромосомасы бар спермотозоид жұмыртқа жасушасына түссе, онда екі жыныстық хромосомасы бар ХХ және 44 аутосомасы бар диплоидты жиынтық қалпына келеді. Осындай зиготадан қыз бала туады.
Егер ұрықтануға құрамында ХУ бар спермотозоид қатысатын болса, ХУ+44 аутосомалы жиынтығы бар зигота түзіледі. Одан ұл бала туады. Осылай болашақ нәрестенің жынысы спермотозоидте болатын әкесінің жыныс хромосомасы арқылы анықталады.
Табиғатта кездесетін көптеген тірі организмдердің арасындағы аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады. Жүргізілген цитогенетикалық зерттеулердің нәтижесі жануарлар мен өсімдіктердің көпшілігінде аталық және аналық организмдердің хромосома жиынтығындағы бір жұп хромосоманың өзгелерінен ерекше болатындығын көрсетті. Кейінірек бұл хромосомалардың жынысты анықтауға қатысы бар екендігі анықталды, сол себепті олар жыныстық хромосомалар деп аталды. Сөйтіп, адам мен жануарлардың және өсімдіктердің хромосома жиынтығында кәдуілгі хромосомалар немесе аутосомалармен қатар жыныстық хромосомалар да болады. Олар Х және У деп белгіленеді. Соның ішінде Х хромосома аналықты, ал У хромосома аталықтыанықтайды. 

(ТЖ) Оқушыларға постер немесе кластер құру ұсынылады. Оқушылар топтық жұмыстың ресурсы ретінде дайын берілген материал немесе интернет қолданса болады. Әр топқа бағалау парағы беріледі.


І топ. Жыныстың анықталуының механизмдері
ІІ топ. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау
ІІІ топ. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын аурулар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет