Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми зерттеуі



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі96,25 Kb.
#96776
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
Таратпа материал
Таратпа материал, 5 сынып матем, Дұрыс тамақтану қмж, Дұрыс тамақтану қмж



РЕСЕЙ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУІ.
Ресей империясы қазақ жерін өзінің құрамына қоса бастады. Соның нәтижесінде орыс және шетел ғалымдары Қазақстанды зерттеуге кірісті. Олар қазақ халқының тарихын, мәдениетін, этнографиясын және шежіресін зерттейді. Қазақ жерін зерттеуге байланысты көп экспедициялар құрылды. XVIII ғасырда Қазақстанды зерттеуде айрықша із қалдырған екі академиялық экспедиция (30-40 жж. 60-70 жж.) ұйымдастырылды.Оған қатысушылардың ішінде 1759 жылы белгілі тарихшы Г.Миллер (1705–1783 жж.) «Сібір патшалығының тарихы» атты еңбегі жарық көрді.Онда Сібір мен Қазақстан халықтарының тарихы мен этнографиясының сипаттамасын берді. И.Фальк, академик П.Паллас (1741-1811 жж.) табиғат зерттеуші ғалым И.Г.Георги Қазақстанда дербес экспедиция ұйымдастырды.Сонымен қатар ХҮІІІ ғасырдағы кешенді зерттеулер М.В. Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол Қазақстанның географиялық картасын жасаудың бастамашысы болды.П.И.Рычковтың қызметінің соңғы жылдары 1768-1774 жж. жасалған әйгілі экспедицияның ұйымдастырылуымен сәйкес келді, бұл экспедициядан соң «академия бүкіл әлемге Ресейдің жаңа бөлігін ашты деп айта беруге болады» деген пікір қалыптасты. П.И.Рычковтың «Орынбор өлкесінің географиялық суреттемесі» атты еңбегі (Орынбор, 1887) қазақ жүздерінің көшіп-қону орналасулары, көш жолдары, сауда және жер иелену формалары туралы мәліметтер берумен құнды.Қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы көптеген мәліметтерді Ғылым академиясының 1768-1774 жылдары ұйымдастырған экспедициясына қатысқан ғалымдардың еңбектерінен табуға болады. Ол экспедицияның жетекшісі академик П.Паллас еді. Ол Қазақстанның батыс, солтүстік және солтүстік-батыс бөлігі (Орал, Гурьев, Троицк және Семипалатинск) жүріп өтті.
1796 жылы И.Георги неміс тілінде «Ресей мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тұрмыс салттарының, тұрғын жайларының, киімдерінің және басқа да есте қаларлық дүниелерінің суреттемесі » деген еңбек дайындап жарыққа шығарды. Оның бұл кітабы орыс әдебиетіндегі Ресей халықтарының суреттеген жерлердің бәрінің басын біріктірген еңбек болды.И.Георги Орталық Азия мен Қазақстанды зерттеушілердің жекелеген еңбектерінде бытырап шашылып жүрген көптеген материалдардың басын біріктірді. И.Георги еңбегінің екінші бөлігі тұтастай түркі халықтарына, оның ішінде қазақтарға арналған. Автор өз кітабында суреттеп отырған халқының тұрмысына сыртқы келбеті жағынан да жақын болуын қалағанын атап өткен жөн. Кітаптың сыртында киіз үй және қазақтардың көшпелі өмірінің суретті берілген.
ХҮІІІ ғасырдың аяқ кезінде орыс офицері И.Г.Андреевтің «Қырғыз-қайсақтардың Орта жүзінің сипаттамасы» (1795) еңбегі жарық көрді. Сібір шекара шебінде ұзақ уақыт қызмет етіп, Орта жүз қазақтарының тарихы мен шекарасы туралы көптеген мәліметтер жазып қалдырған.Экспедицияның басқа да қатысушылары секілді И.П.Фальк орыстың тарихи – этнографиясы жөнінде ғылымға жаңа материалдарды беруді немесе басқа авторлардың толық емес және жалған мәліметтерін анықтауды саналы түрде өз алдына міндет етіп қойды.Кіші жүз аймағының табиғи байлықтарын зерттеуде капитан Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі П.И.Рычковтың (1712–1777 ж.) «Қырғыз-қайсақ даласына жасаған саяхатының күнделікті жазбалары» деген атпен өз еңбегін жариялады. Өскемен бекінісінен шыққан генерал-майор А.Д.Скалон алғашқы орыс-қазақ сөздіктерінің бірінің авторы болы.Көптеген сауда-саттық жасау және саяси мақсаттарды көздеп келген ағылшын және неміс зерттеушілері де болды. Олар: ағылшын теңіз қызметінің капитаны Джон Эльтон (1735 ж.), суретші Джон Кэстль (1736 ж.), саудагер Реональд Гок (1741-1742 ж.) т.б. болған. Бұлар да жергілікті халықтардың тұрмыс тіршілігі жөнінде құнды мағлұматтар қалдырды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет