10-тақырып. Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді
нығайтудың маңыздылығы мен жолдары
1 Қазақстандағы
көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың
этникалық құрылымындағы өзгерістер.
2 «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың тарихи Отанына
қайтып оралуы.
3 Қазақстан халықтары Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы және оған
жаңаша көзқарас. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің бірегейлік
тұжырымдамасы.
Негізгі терминдер мен түсініктер
: көші-қон, демография, көші-қон
үдерістері, демографиялық өзгерістер, этникалық құрылым, бірегейлік,
біртұтас ұлт,
доктрина, бірлік, ұлттық мүдде, ұлттық саясат, ұлтшылдық,
«Нұрлы көш», оралман, отандас, Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА).
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы көші-қон және демографиялық
үдерістерін талдай отырып, «Нұрлы көш» бағдарламасының мағынасын ашу
және Ұлттық саясат қағидаттарын, оны іске асырудың негізгі бағыттарын,
ҚХА ның ұлттық
бірлікті нығайтудағы рөлін, оның міндеттері мен
бағыттарын білу, сонымен бірге ұлттық бірліктің негізгі қағидаттарын
қарастыру.
Әдістемелік нұсқаулар
Бірінші мәселе бойынша
:
-
Қазақстанда
көші-қон,
демографиялық
процестерді
қарастыру кезінде 1999, 2009 жылдары халық санағының
қорытындысы бойынша ұсынылған статистикалық деректерді
зерттеу және салыстыру керек.
-
Статистикалық
жинақтардың
материалдары
келесі
ақпаратты құрайды: халықтың саны мен ұлттық құрамы, оның
жастық-жыныстық
құрылымы, мемлекеттік, орыс және басқа
тілдерді білу деңгейі, күнкөріс қаражат көздері, сонымен бірге
кейбір басқа деректер. Студентке
осыларға жеке-жеке анықтама
беру жағы талап етіледі.
Екінші мәселені қарастыру кезінде
:
-
Мемлекеттік көші-қон саясатының негізгі бағыттарына,
соның ішінде этникалық қазақтардың отанына қайта оралуына
тоқтала кету керек.
-
«Нұрлы көш» бағдарламасын қарастыру керек, оның
мақсаты
аймақтардың
демографиялық
және
әлеуметтік-
экономикалық даму мүддесі және қатысушылардың әлеуетін іске
асыру ерікті түрде жүзеге асырылатын оңтайлы қоныстандыру,
сонымен
бірге этникалық қазақтарды, Қазақстанға оралуға ниет
білдірген еліміздің бұрынғы азаматтарын және ішкі мигранттарды
жұмыспен қамту мен жұмысқа орналастыруға көмектесу болады.
Осы бағдарламада алға қойған мақсаттарға жету үшін қандай
міндеттердің белгіленгенін анықтаңыз?
Үшінші мәселе бойынша
:
-
мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруда, республикада
қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз
етуде және ұлтаралық
қатынастар саласында қоғамның мемлекеттік және азаматтық
институттарының өзара әрекет ету тиімділігін арттыруда Қазақстан
халқы Ассамблеясының жұмысын талдаңыз.
-
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауында айтылған
мына сөздердің маңыздылығын ашу талап етіледі: «Біз,
қазақстандықтар, бірегей халықпыз! Және біз үшін ортақ тағдыр –
бұл біздің Мәңгілік Ел, біздің қадірлеуге тұрарлық және ғұлама
Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің жалпы қазақстандық
үйіміздің
мемлекеттік идеясы, арғы аталарымыздың арманы». 26
жыл егеменді даму ішінде қазақстандықтарды біріктіретін және
еліміздің болашағының тірегін құрайтын бас құндылықтар пайда
болды. Бұл құндылықтар уақытпен сынауды өткен Қазақстан
жолының тәжірибесі».
Бақылау сұрақтары:
1) Қазақстан Республикасы демографиялық саясатының ерекшеліктері
қандай?
2) Мемлекеттік көші-қон саясатының негізгі бағыттарын атаңыз?
3) «Нұрлы көш» бағдарламасының мәні неде (2008ж.)?
4) 1999, 2009 жылдары халық санағының қорытындылары бойынша
қандай өзгерістерді ерекше атап көрсетуге болады?
5) Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу мәні неде?
6) «Ел бірлігі доктринасында» (2010 ж.), «Қазақстандық бірегейлік пен
бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасында» (2015 ж.) ұлттық
саясаттың қандай идеялары, міндеттері және қағидаттары баяндалған?
7) Қазақтандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы не болып табылады?
Әдебиеттер
Оқулықтар
1. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. -
Алматы, Қазақ университеті, 2016.
2. Қазіргі Қазақстан тарихы: Хрестоматия / Б.Ғ.Аяғанның ред. –
Алматы, 2010.
Дереккөздер мен зерттеулер
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - Алматы, 1998.
2. Назарбаев Н.А. Казахстанский путь. - Караганда, 2006.