Латын емтихан жауаптары Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз



бет1/42
Дата26.01.2023
өлшемі2,56 Mb.
#166496
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Латын эмтихан жауабы дайын (копия) (копия)


Латын емтихан жауаптары

  1. Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз.

Адамзат баласы тарихында бізге белгілі жазудың 4 түрі бар: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазуы жəне әріп жазуы. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.




Пайда болу уақыты

Жазу түрі

1

қола дәуірі б.з.б 2-1мың жылдың басы

Пиктографиялық жазу. Мұны кейде сурет жазуы деп те атайды.Адамзат баласының тарихындағы ең алғашқы жазудың түрі. Адам өзінің көрген-білгенін, басынан кешкен оқиғаларын немесе сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды, сондай-ақ шаруашылық есеп, мал, адам санағын тау, тас, ағаш, еңбек, тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (towrite – “жазу”, көнескандинавиялық rita – “керту”, “тырнау” деген мағынаны береді).Пиктографиялық жазу сурет өнері ретінде пайда болған. Қосымша коммуникацияның құралы ретінде де жұмсалды. Адамдар садақтың суретін салу арқылы садақпен аңға шығу деген хабарды білдірген.Алғашқы суретжазу Египет, Месопотамия, Финики, Крит, Испания, Оңтүстік Франция, Шумер, Қытай, Пасха аралдарында пайда болған. Қазақстан жерінен Алматы облысы Таңбалы сай (б.э.д. VІ ғ.), Талдықорған облысы, Ақсу, Қапал жерінен, Дауылбай тауы, Теректі сайы, Алакөл, Талас ойпатынан, Қарағанды облысы, Қаратаудан, Семей, Дегерес, Балқаш, Ұлытаудан табылды.

2

б.з.д. үш мың жылдықтың басы

Идеографиялық жазу. Грек тілінде «idea — ой, бейне, grapho — жазу» деген мағынаны білдіреді. Негізгі таңбалары — идеограммалар. Кейде мұны логографиялық жазу деп те атайды, таңбалары — логограммалар. Бұл жазу пиктографиялық жазудың жетілген түрі болды. Алдыңғы жазудан басты ерекшелігі пиктограмма тұтас бір ойды, сөйлемді білдірсе, идеограммалар жекелеген сөзді немесе белгілі бір морфемаларды білдірді, бірақ дыбысқа негізделмеді. Идеографиялық жазудың негізінде иероглифтер пайда болды. Алғашқыда заттың не құбылыстың кескінін білдірген белгілер кейін соның шартты таңбасына айналды. Қазіргі қытай жазуы алғашқы сипатынан көп ерекшеленеді, мұнда осы жазудың жетілген түрі морфема-логографиялық жазу қолданылады. Мұны кейде морфемограммалар деп атайды. Яғни таңбалар тұтас сөзді емес, сөздің құрамындағы жеке морфемаларды белгілейді. Мысалы, бір буынды сөздер көп буынды сөздердің морфемаларына айналған.

3

Пайда болу мерзімі — б.з.д. үш мың жылдықтың бас кезеңі.

 Буын жазуды кейде силлабикалық жазу деп атайды. Буын жазуы дауысты жəне дауыссыз дыбыстардың тіркесінен тұрады. Бұған ертедегі шумер, ассирия-вавилон, жапон, корей, үнді, араб жазулары жатады.

4

Консонантты жазу б.э.д. ІІ мыңж
Вокалды жазу б.э.д. І мыңж. жатады.

Буын жазудан кейін дыбысжазу пайда болған. Бұл жазуды әріпжазу деп атайды.Əрқайсысы жеке дыбысты таңбалайды.Ең алғашқы əрíп жазуы — финикий жазуы 22 таңбадан құралған. Дыбысжазудың екі түрі бар. Олар: консонантты, вокалды. Консонантты жазу таза консонантты және жартылай консонантты болып бөлінеді.
Консонантты жазу ең алғаш египет жазуында пайда болды.
Дауыстыларды белгілеуіне қарай алфавит үшке бөлінді: І тип – грек, латын алфавиті (дауыстылар арнайы таңбамен белгіленді). ІІ тип – арамей, еврей, араб әліпбиі. ІІІ тип – үнді әліпбиі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет