Әріп жазуы бір елден екінші елге ауысуға икемді болды.
Кейбір халықтар басқалардан әріп жазуын қабылдай отырып, оның әліпбилік құрамын өз тілдерінің дыбыстық жүйесіне икемдеп алған.
Әріп жазуының таралуы б.з.б. 1-мыңжылдықтың алғашқы ғасырларынан басталады. Әріп жазуы негізгі екі түрлі бағытта таралды.
Шығыстағы әріп жазу жүйелерінің барлығы да (еврей жазуынан басқалары) шығу тегі жағынан арамей әріп жазуына барып тіреледі.
Арамей жазуынан тараған жазулардың 4 түрлі бұтағы бар. Олар: соғды жазуы, сирия жазуы және араб жазуы. Осы бұтақтардың әрқайсысынан бірнеше жазулар жасалып дамыған.
|
Финикий әліпбиінің негізінде грек жазуының қалыптасуы кезінде, ал грек әліпбиінің негізінде славян жазуының қалыптасуы кезінде осылай болды.
Финик жазуы арамей жүйесі арқылы араб жазуының арғы тегіне жатқызады.
Гректер финик жазуын өздерінше өзгертіп пайдаланған, одан соң римдіктер де қолданған.
Барлық еуропалық жазу жүйесінің (латын, грек, кирилл, кельт жазулары) және қазір өлі тілдер қатарына жататын Кіші Азия əліпбилерінің арғы тегі - Финик жазуы
|