Латын емтихан жауаптары Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз


Араб жазуы мен төте жазудың айырмашылығы мен ұқсастығы неде? Венн



бет42/42
Дата26.01.2023
өлшемі2,56 Mb.
#166496
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Латын эмтихан жауабы дайын (копия) (копия)
презентация ин.язык, социолгия отбасы, Гистология. Өсімдік ұлпасы, 100 бизнес жоба
29. Араб жазуы мен төте жазудың айырмашылығы мен ұқсастығы неде? Венн
диаграммасына салыңыз
Араб ерекшелігі

  • Араб әліппесі 32 әріп Бас әріптері болмайды.Әріптер бір-біріне қосылып жазылады.Алты әріп (араб.: و ز ر ذ د ا‎) сөз басында жеке-дара жазылуы қажет.28 әріптің, әліф-тен басқасы дауыссыз болып табылады. Әріптердің оқылуы әріптің сөздің ішінде орналасуына байланысты өзгеріп тұрады.Алиф — араб алфавитіндегі жалғыз дауысты дыбысты әріп.

Төте жазу ерекшелігі

  • Төте жазу 24 әріпТөте жазу мәтіндерінде балалы («») сияқты сөздердің құрамындағы л-дың «ل» жазылу үлгісі бойынша соңынан келетін а-мен көлбеу «» келіп тіркеседі. Ал «لا», (мүфтилк) деген сөздің жазылуы алдыңғы л-дың жазылуына, яғни алдыңғы және соңғы әріппен тіркесіп, жалғасып жататын л-дың жазылуына ұқсамайды. Осындай жазылу бала («») сөзінен, сол сияқты сандаған сөздерден байқалады, ал «балалы («») сөзінің жазылуындағы «л мен л тіркеске түспейді, себебі алдыңғы л а-мен байланысып тұр».Мадд-сыз жазылған таяқша сүйеу таяқ немесе әліп деп аталады.Алфавиттің құрамында өзінен кейінгі әріптермен тіркеске түспейтіндері бар. Оларға: а – «ا», ә – «اء», в – «ﯟ», д –«د», е – «ﺓ», з – «ﺯ», о – «و», р – «ﺮ», у – «ﯟ», ұ – «ﯗ», ү – «ﯝ», ө – «ٶ».

Ұқсастығы

  • әріптердің сыртқы тұлғасы бір-бірімен ұқсас болуы, көпшілігінің диакритикалық таңбалар арқылы белгіленуі, дара әріптің бірнеше вариантпен берілуі, Дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады.Оңнан солға қарай жазылады


30. Латын графикасына өтудің тілдік және тілдік емес себептерін «Т кестесіне» салып, мысалдармен дәйектеңіз.
Т-кестесі

Келісемін

Келіспеймін

Біріншіден, латын әліпбиі қазіргі жазуымыздан мейлінше жетілдірілген, ыңғайлы әліпби болмақ. Қазақ тілі үшін тән емес басы артық дыбыстардан, таңбалардан арыламыз.


Екіншіден, латын әліпбиіне көшу – заман көшіне ілесу, ашық әлемдегі ғылымға жол ашу. Өйткені латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Демек, латын әліпбиіне көшкен жағдайда дүниеге кең қанатын жайған ағылшын тілін, интернет тілін меңгеру де оңайға соғады. Қазіргі кезде қоғамның барлық саласы дерлік латын әліпбиіндегі таңбалармен жақсы таныс. 
Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру. Көптеген халық үшін жазу ұлттық мәдениет пен бірегейлікті танытатын маңызды элементтің бірі екенін тарих дәлелдеді.
Төртіншіден, латын әліпбиі – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге зор ықпал етеді. Яғни шетелде жүрген жастарымыздың осы жазу арқылы өз тілін басқа да ұлт өкілдеріне түсіндіру жағдайлары қиын болмасы анық.

Бірініші - латын әліпбиіне көшсек, сауатсыз болып қаламыз. Қазіргі жазумен басылып шыққан әдебиеттерді оқи алмай қаламыз, оларды жаңа әліпбиге көшіруге уақыт пен көп қаржы керек деген пікір. Жаңа әліпбиге көшкен сәттен бастап кирилше жазылған әдебиеттер оқырмансыз қалмайды. Себебі, кирилше оқи білетіндердің буыны әлі де сан ондаған жылдар ондай әдебиеттерді қалағанынша оқи береді.
Екіншіден, латын әліпбиіне көшсек, онда қазақ тілін үйрену қиындайды дейтіндер де бар. Мәселе тек әліпбиде болса орыс тілдер 20 жылда кириллицамен тілімізді меңгеріп алар еді. Тіл үйренуді шынайы мақсат етіп қойған адам сол латын әліпбиі негізіндегі ағылшыншаны да, тіпті әліпбиі күрделі делінетін қытай тілін де үйреніп алды ғой. Ендеше тіл үйренуде ең негізгі нәрсе әліпби емес екен.
Үшіншіден, латын әліпбиін енгізсек, жаһандануға бейімделіп, ұлттық келбетімізден айырылып қаламыз деген ойлар да туындауда. Ұлттық келбетімізді сақтап қалу – әліпбиге емес, ол ұлттың дін, рух, намыс, тіл, дәстүр сияқты қасиеттерін жоғалтпай ұстануына байланысты. 
Төртіншіден, қытай, жапон, корей, еврей, грузин, армян, грек жұрттары өз әліпбилерінде, олар латынға көшпейді, бірақ солар жұрттан қалып жатқан жоқ, сондықтан бізде қазіргі әліпбиде қала берсек деген пікірлер де бар. Әлгі аталған халықтардың әліпбилері олардың байырғы жазулары. Кирилл жазуы біздің атамыздан қалған жазу емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет