Проективті тесттер “Өмірде жоқ жануардың суреті”



Дата24.10.2019
өлшемі51 Kb.
#50628
Байланысты:
өмірде жоқ жануар

Проективті тесттер
Өмірде жоқ жануардың суреті”
“Өмірде жоқ жануар”тесті өмірде ең көп қолданылатын проективті әдіс. Креспондент бұл тесті көбінесе қиялын зерттеуге арналған деп ойлайдыда, қорғаныстық іс-әрекетін әлсіретеді. Тесті жүргізу үшін стандартты ақ бет қағаз және қарындаш қажет. Қаламсапты, пламастерді және жұмсақ қарындашты қолдануға болады, алайда бұл жағдайда диогностикалық көрсеткіш батыру күшін анықтай алмай қаламыз.

Нұсқау: ақ бет қағазға өмірде жоқ жануардың суретін салып, оны өмірде жоқ есіммен атаңыз.

Өңделуі: ортада орналасса - қалыпты жағдай. Егер сурет оң жақта орналасса ол қазіргі уақытпен немесе балалық кезеңіне, жағымды эмоциямен байланысты. Егер сурет төменде сол жағында орналасса, ол өткен уақытпен, жағымсыз эмоциямен және пассивтілікпен байланысты. Сурет неғұрлым жоғары орналасса зерттелушінің өзін-өзі бағалауы жоғары және қоғамда өз орнына разы емес, қоршаған адамдардың көңіл бөлуінің жеткіліксіздігіне қарай оның өзін-өзі көрсетуі жоғары екенін байқатады. Егер сурет беттің төменгі жағында орналасса респондент өзіне-өзі сенімсіз, өзін-өзі бағалауы төмен, айналасындағы адамдарға да сенбейтін, көңіл күйі төмен болып жүретін адам.

2-критерий: Жануардың басының бағыты. Егер жануардың басы оң жаққа қарап тұрса, ол адам өзі жоспарлаған істерін міндетті түрде орындатады. Егер жануардың басы, сол жаққа қараса, мұндай сурет салған адам бір нәрсе істеу үшін көп ойланады және оның біраз бөлігі ғана орындалады, кейде ол белсенді іс-әрекеттер көрсетуге қорқады. Ал егер басы тура қараса – бұл эгоцентризм ретінде қарастырылады.

3-критерий: Бас бөлшектерінің мағынасы. Құлақ-жаңалықтарға деген қызығушылығы айналасындағылардың өзі туралы көзқарасына мән беруі, эмоционалды түрде қабылдайды, бірақ өз іс-әрекетін өзгертпейді. Сәл ашылған ауыздан тілдің байқалуы - орынсыз көп сөйлейтін адам. Ерін салу сезімталдық. Ауыздың ашық болып, ерінсіз, тілсіз ерекше сурет қорқыныш, сенімсіздік, қауіптенуді білдіреді.

Тістердің салынуы: вербалды агрессияның белгісі.

Көз: егер көздері ерекше айшықталынып салынса, адамның қорқынышын білдіреді.

Кірпіктер: адамның өзін-өзі көрсетуі, яғни іс-әрекетінен, сыртқы киім кию ерекшеліктерімен айналасындағыларды таң қалдыруға көп көңіл бөледі.

Басында қосымша бөлшектер: (тырнақ, сақалдары) агрессияның басқа түрлерімен байланысты.

Қанаттары, қауырсындары: өзін-өзі сәндеуге, өзін-өзі ақтап алуға арналған қасиеттері жақсы дамыған.

Жалы, жүндері: сезімталдық, сексуалдық рөлде өз жынысын айқын түрде байқататын адам.

Аяқтары: егер аяқтары фигура өлшеміне қарағанда (денесіне қарағанда) дұрыс негізделіп салынса, ол адамның негізділігін, ойлау, шешім қабылдауда радционалдылығын көрсетеді.

Нәзік аяқтар: немесе болмаса, қортынды шығаруда импульсивтілікті байқатады, бір типті, қаталанбалы болуы ой-пікірінің стандарттылығын көрсетеді. Аяқтарының детальдарының әртүрлі орналасуы – ой-пікірінің оригиналдылығы өз беттілігін, ерекше ойлау қабілетін көрсетеді.

Фигура деңгейінен жоғары шығып тұрған бөлшектер: қанаттары, қысқыштары, антена – адамның өмірінің әр аймағын қамтуға ұмтылысы. Басқаларды шетке шығарып өзіне жақсы орын тандай алады. Батылдығы, қуаттылығы, өзіне сенімділігі байқалады.

Сәндік бөлшектері: қауырсындары, бантиктері, бұйра шаштары - өзін-өзі көрсетуге талпынысы, өзіне басқалардың көңілін аударуға тырысуы.

Құйрық: жоғары қараса адам өз іс-әрекетімен, шешімдерін жағымды бағалайды. Төмен қараса өз-өзіне деген көңілінің толмауы, істеген ісіне, айтқандарына өкіну.

Фигураның контуры: қорғаныш жапқыштардың болуы – айналасыдағылардан қорғануды байқатады. Егер олар үшкір, бұрыштар, инелер түрінде болса, бұл агрессияның белгісі. Контурларды қоюлатып сызу, қос сызықтардың болуы – адамның қобалжуы, қорқуы, сенімсіздігін көрсетеді. Суреттің жоғары жақ контуры қоюланып сызылса, ол өзіне жоғары тұрған адамдардан қорғанысын көрсетеді. Төменгі контур қоюланып сызылса, басқаларға күлкі болудан қорғану, айналасындағылардың сөзінен қорқу, өзінен кішкентайларға бағынышты болуы, беделінің жоқтығы. Шеті қоюланып сызылса - әртүрлі жағдайларға байланысты, кез-келген тәртіпке өзін-өзі қорғауға дайындығын көрсетеді.

Суреттің қатты басылып сызылуы (беттін артынан байқалатын болса) адамның мазасыздануы, қобалжуы.

Жануарды жалпы бағалау: қорқынышты болса, өзіне меніне көзқарасы, өзінің мәнділігі бойынша өмірдегі орыны. Шеңбер фигурасы әсіресе ешнәрсемен толықтырылмаған болса, адамның тұйықтығын, ішкі сезімін ешкімге ашпайтынын көрсетеді.

Механикалық бөлшектердін болуы: жануарды тірі организмге қосып алу адамның шизофренияға бейімдігін көрсетеді.

Ат қою: егер ат қойғанда мағынасы бар болса, адамның рационалдығын, бейімделгіштігін көрсетеді.

Ғылыми мағыналы ат қойса, адамның интеллектісінің жоғары екенін көрсетеді.

Дыбыстық ат қойса: адамның жеңіл мінездігін, қауіптік сигналдарды дұрыс ескере алмайтынын көрсетеді.

Ирониялық ат: айналасындағыларға кешірімділікпен, ирониямен қарайтын адам. Ұзартылған ат: қоғаныс тенденцияларының жоғары дамуы.



АВТОПОРТРЕТ

БАСЫ: интеллектісіне (ақыл-ойға)байланысты критерий


Әлсіз салынса ақыл-ойына көңілі толмайтын адамдар.

Қатты салынса ақыл-ойына көңілі толатын адамдар.

Кішкентай бас болса, ақыл-ойға көңіл бөлмейтін адамдар.

Кішкене ақырын салынса,ортада өзін көрсете алмайды.

Қатты үлкен салынса,өзін ақылдымын деп санайтын адамдар.

КӨЗІ: үлкен ашылса,сенімсіз(басқалардың пікіріне аса назар аударады).

Кішкене болса,өз-өзімен жүретін(интроверт)ойы бітпейтін адамдар.

КІРПІК: бар болса,салқын адамдар,жоқ болса,тік мінезді.

АУЫЗ: салынса,бұл тіл байлығының жеткіліксіздігі. Ауыз салынбаса,дипрессияда жүрген адам.

Жымиған ауыз салынса,өзін-өзі қинап,сыпайы болуға тырысатын адам.

Түзу салынған ауыз, бұл кекшіл адам.

Екі шеті төмен қарай жымқырылған ауыз,бұл ештеңегекөңілі толмайтын,енжар адам.

ТІС: көрініп тұрса, агрессивті адам.

ҚҰЛАҚ: үлкен болса,сынға қарсы тұратын адам,кішкене болса,сынға назар аудармайтын адам. Құлақ жоқ болса,адамның интеллектісінің төмен болуы.

МҰРЫН: қатты бейнелеу сексуалды проблемасы бар екенін көрсетеді,

Нүкте түрінде салынса,сексуалды проблемасы жоқ.Мұрынның

қанаттарының қатты салынуы агрессияның белгісі.

ҚОЛЫ: басқа адамдармен қарым-қатынасын көрсетеді. Егер қолда қысым болса, бұл қарым-қатынаста қатал ,тұйық, өз парызын жақсы түсінетін адам. Қол төмен қараса,қарым-қатынас нәтижесіздігі. Нәзік салынған қол болса, физикалық энергиясының аз болуы, басқа адамдарға тәуелді болатындығын көрсетеді, психологиялық энергиясы аз, сөз таба алмай қалады. Қолы қысқа немесе жоқ болса, адамның сезімінің нашарлығы немесе жоқтығы. Егер қолын үлкен қатты салса, айналасындағылармен көп араласатын адам. Қолын қалтаға салуы немесе артында ұстауы өзіне-өзі сенімсіз, өзі кінәлі сезінетін, ұялшақ адам. Қолы домалақ болса, жаратылысында агрессия бар. Бірақ оны сыртқа көрсетпейді.Саусақтары бестен артық болса, амбициозды, агрессивті адам, яғни өзін жоғары санайды. Қолына нәрсе ұстап тұрса, қарым-қатынастың қандай екенін көрсетпеуге тырысатын адам.

АЯҚТАРЫ: денесінің көлеміне байланысты. Аяғы ұзын болса, еркін жүретін адам. Қысқа немесе жоқ болса, өмірде психологиялық тіректері нашар және жасқаншақтығы көрінеді.

ПОЗАСЫ: егер суреттен желкесін байқауға болса, яғни бетін тура салмайтын болса, адамның тұйықтығы.

ДЕНЕСІ: амфаз, басы профиль болса, маңайындағы біреуден жасқанатынын көрсетеді.

Орындықта отырса, адамның жалғыздығын көрсетеді. Бірақ ситуациядан шығуға тырысатын адам, жалғыздықтан қорқатын адам.

Жүгіріп немесе жүріп бара жатқан адам біреуден қашып жүргендігін көрсетеді.

Адам төсекте жатса, жалқау адам екендігін көрсетеді.

Тура салса, адамның өзін-өзі жақсы көретіндігін және енжарлығын көрсетеді


«Үй салыңыз» тесті
Бұл тест кең таралған тесттердің бірі.

Нұсқау: «Үй» деген сөзді естігенде, сіздің қиялыңызда қандай сурет пайда болды, соны бірден салыңыз.
Қалалық үй.

Көп қабатты ғимарат. Бұл суретті көп адамдар сала бермейді. Себебі, барлық адамдар «идеалды» үй салуға талпынады. Бұл сурет өз мәселелерін ешкіммен бөліспейтін, өз-өзімен жүретін тұйық мінезді адамдарды көрсетеді.


Кішкентай аласа үй.

Шатырды аласа салған адам өзін шаршаған адам деп есептейді. Өткен өмірінде еске алатындай жағымды сәттер болмаса да, өткенді еске түсіргенді жақсы көретін адам.


Сарай (замок).

Мұндай сурет мінездегі жұмсақтықты, салмақсыздықты, жеңілтектікті білдіреді. Адамның аса қиялдылығын көрсетеді. Өз міндеттерін орындап үлгере алмайтындар.


Кең ауылдық үй.

Өз тұрғын үй орынын кеңейту қажеттілігін білдіреді. Егер осындай үй салған адам жалғыз, баласыз болса, онда оның жанұясының құрып, бала өсіру қажеттілігін көрсетеді. Егер үйді темір қорған қоршап тұрса, онда ол тұйық мінезді білдіреді. Ал егер үй айналасында тоғай, гүлдер болса, ол керісінше, басқаларға деген сенімділікті көрсетеді.


Терезелер.

Үлкен терезе – ашықтық, мейірбандықты білдіреді. Бір немесе бірнеше кішкентай терезелер, торлы терезелер – тұйықтық, комплекстің барлығын, сараңдықты, басқаларға ешнәрсе бермеу, олардан бір нәрсе алмау қасиетінің белгісі.


Есіктер.

Егер есік үйдің ортаңғы бөлігінде орналасса, қонақжайлылық пен ашық жарқындықты білдіреді. Шатырлы есік – кең пейілділік пен өзіне сенімділікті білдіреді. Ашық есік – ашықтық.. Жабық есік – тұйықтық.. Егер есік қабырғаға жақын болса, қарым – қатынастың жетіспеушілігін білдіреді. Мұндай адамдар контактіге тез түсе алмайды. Егер есік тым үлкен болса, жеңілтектікті, сонымен қатар аса кең пейілділікті білдіреді.


Мұржалар.

Мұржаның жоқ болуы – сенімсіздіктің белгісі. Түтінсіз мұржа - өмірге разы болмау, өмірден көңіліқалғандықты білдіреді. Түтінді мұржа – кеңпейілділіктің белгісі. Мұржада ұсақ бөлшектер, кірпіш салынса - өмірлік оптимизмді білдіреді.

Көріп тұрғандарыңыздай, суретте су астындағы екі балық, екі кесек тас, балдыр және беті ашық әрі бос сандық бейнеленген. Бұл суретті қалай жалғастырар едіңіз? 

Егер сіз екі балықтың жанына өзге де балықтардың, су асты иелерінің суретін салсаңыз, зор махаббатты қалайтыныңызды білдіреді. Қаумалаған достың ортасында жүргенді ұнатасыз. Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысасыз. Позитивті ойларды ұнатасыз. Адал дос бола аласыз.

Ал егер балдыр тәрізді су асты өсімдіктерін бейнелесеңіз, рухани жетістікке жеткізіңіз келетінін көрсетеді. Ішкі дүниесі өркендеп, көп біліп, көп үйреніп, жаңа белестерді бағындырғысы келетін адамдар өсімдіктердің суретін салады. Мұндай адамдар қиялға жақын, көптен ерекшеленіп тұрады.

Егер су түбінде жатқан тастарды бейнелесеңіз ше? Тасты бейнелеген адамның арманы – материалдық байлық. Яғни, көлік не үй секілді ірі көлемдегі мүлік алу – осы адамдардың арманы. Олар заттық бұйымдарды жақсы көреді.

Егер сіз кеменің не қайықтың суретін бейнелесеңіз, әлемді шарлап, саяхаттағыңыз келетінінен хабар береді. Арманыңызға жетіңіз!
Сандықтың ішіне не салар едіңіз? Сандыққа не салсаңыз да, оларды сізді арманыңызға жеткізетін дүниелер деп біліңіз. Егер сандықты ақшамен толтырсаңыз, қаржы мәселесінде қиналып жүргеніңізді көрсетеді.

Ақшаның арасында бағалы тастарды көрсек, онда сіз өзіңізге қанша ақша керектігін білмейсіз.

Егер сандықтың іші бағалы тастарға толы болса, сыртында да гауһар-жақұттар шашылып жатса, онда сізге шешім қабылдап үйрену керек деген сөз.

Кейбір адамдар сандықтың ішіне қаңқаның (скелет) суретін салады. Бұл адамдар – реніштен кейін өз-өзіне келе алмай жүрген жандар. Олар уақыт өткен соң, мықты тұлға болып қалыптасқанын түсінетін болады.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет