1969 жылы Мәскеуде шыққан «Көне түркі ескерткіштеріндегі етістіктің меңгеруі» атты монографиясы мамандардың жоғары бағасына ие болды. А.С. Аманжоловтың «Көне түркі жазуының тарихы туралы деректер мен зерттеулер» деген докгордық диссертациясы 1975 жылы қорғалған, бұл күрделі ғылыми зерттеу, ұзақжылғы ізденудің жемісі болды. Ғалымның «Көне түркі жазуының тарихы мен теориясы» (Алматы, 2003 ж. орыс тілінде) атты сүбелі монографиясында көне түркі руникалық графикасына түбегейлі талдау жасалған, Қазақстан бойынша соны эпиграфикалық материал берліген, түркі руникалық алфавитінің қалыптасу тарихына қатысты маңызды теориялық тұжырымдар айтылған.
|
Профессор М.Томановтың «Қазақ тілінің тарихи граммати-касы», «Орхон – Енисей жазуы ескерткiштерiнiң зерттелу тарихы мен
грамматикалық
очерктерi»,
«Көне түркі жаба
ескерткіштер тілі»
атты еңбектерінде
қазіргі қазақ
тілінің тарихи
грамматикасын бас-қа түркі халықтары-ның тілдерімен салыстыра отырып, түркі тілінің сөз колданысы, оның
семантикалық, дыбыстық, грамматикалық сипаттары, бірі-біріне үқсастық,
өзгешеліктері кең қойылып, терең баяндалған.
.
|
Ғалым О.Курышжанұлы «Сөз атасы» атты кітабы V-XVII ғасырлар арасында көне түркі тілдерінде жазылып қалган ескерткіштер өте мол, көбісі көркем туындылар.
2001 жылы «Ескі түркі жазба ескерткіштері» атты кітабы жарық көрді.
«Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» Бірінші бөлімде көне түркі тілінде жазылған ескерткіштерді туған топырағына қарай топтастырудың теориялық және тәжірибелік мәселелері талқыланады. Ал екінші бөлімінде Қараханид түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштерді грамматикалық жағынан екі топқа бөлініп қарастырылған
|
«Орхон мұралары» еңбекте осыдан 2000-1300 жыл бұрынғы көк түрік бабаларымыздың өсиеті, арман-мүддесі, айтар сөзі, дәстүр-салты, мінез-құлқы, ұлттық менталитетін қамтыған тарихи жазбалар енген. «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» оқу құралы еңбегінде жартылай көшпелі дәуірдің тарихи-мәдени мұралары Атласта тегіс қарастырылып, олардың археологиялық сипаттамасы, фото, сызба суреттері тұңғыш рет толық берілген. «Көне түркі руна жазуының генезисі» монографиясында түркілердің дүниетаным философиясы, дыбыс жүйесі, фонетикасы, дыбыс үйлесім заңдылығы егжей-тегжейлі сарапталған.
|