Сөзжасамдық талдау



Дата08.02.2022
өлшемі16,26 Kb.
#118294
Байланысты:
С зжасамды талдау (1)


Сөзжасамдық талдау

  1. Сөздің тұлғасы : туынды

  2. Туынды сөздің түрі:

  • Сөз тудырушы жұрнақ арқылы

  • Тіркесу арқылы

  • Қосарлану арқылы

  • Біріккен

  • Қысқару арқылы

3. Тәсілі:

  • Синтетикалық тәсіл

  • Аналитикалық тәсіл

  • Лексика – семантикалық тәсіл

4. Тілдік бірліктер:

  • Егер аналитикалық тәсілмен жасалған сөз болып талданса, түбір сөздердің мағынасы беріледі.

  • Егер сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалса немесе бірнеше жұрнақ арқылы, онда әр жұрнаққа сипаттама беру қажет. Жұрнақ түрлері:

  • Құнарлы, құнарсыз

  • Актив, пассив

  • Өнімді, өнімсіз

  • Тірі, өлі

  • Полисемия, омоним,

  • Жалаң

5. Ұғым атауы:

  • Заттық ұғым атауы

  • Абстракты атау

  • Адамзаттық атау

  • Мезгіл, мерзім атауы

  • Іс - әрекет атауы

6. Ыбырайым Маманов шарттары:

  • Туынды сөз болуы керек

  • Түбір таңдап жалғанады

  • Түсіндірмелі сөздікте болу керек

Нұржамал Оралбаева жіктемесі бойынша:

  • Тепе-тең мағына

  • Өзгерген туынды мағына



7. Сөзжасамдық ұя (бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы)
Мысалы :

Ек > егіс>егістік


>егіссіз
>егін> егінді
> егінсіз

Осындағы: ек - түбір сөз


Ек – егіс, егіс- егістік, егіс- егіссіз, ек -егін, егін- егінді, егін- егінсіз > сөзжасамдық жұп (түбір мен туынды сөзді немесе туынды сөзбен туынды сөзді қатар алу)
Ек - егіс, ек- егін > сөзжасамдық тарам (екі тарам бар осы сөзде)
Егіс- егістік, егіс- егіссіз>
Егін -егінді, егін -егінсіз> сөзжасамдық саты
Ескерту:

  • сөзжасамдық саты түбір сөзден басталмайды, туынды сөзден басталады.

  • Сатының екі түрі бар: көлденең қатарлы, тік қатарлы

Ек- егін -егінді
Ек -егін -егінсіз
Ек –егіс- егістік
Ек -егіс -егіссіз>сөзжасамдық тізбек (бір түбірден тараған , бірінен бірі тікелей туындайтын, біріне бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет