Бекітемін: ______________ Күні: 12.01.2016ж Сыныбы: 10 "А"
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жынысты көбею. Мейоз. Спермотогенез және овогенез
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жынысты көбею. Мейоз. Спермотогенез және овогенез туралы
мағұлмат беру
Тәрбиелілік: Оқушыларды жынысты көбею. Мейоз. Спермотогенез және овогенез туралы
білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың жынысты көбею. Мейоз. Спермотогенез және овогенез
туралы ой - өрісін дамыту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: плакат
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру
II. Үй тапсырмасын тесеру
1. Көбеюдің қандай түрлері бар?
2. Жыныссыз көбею дегеніміз не?
3. Жыныссыз көбеюдің қандай түрлері білесіңдер?
III.Жаңа сабақ
Аталық және аналық жыныс клеткаларының (гамета) өзара қосыла келіп , бір- бірімен ұрықтану нәтижесінде жаңа организмнің пайда болуын жыныстық жолмен көбею деп атайды.
Жыныс клеткалары ұрықтанғаннан кейін пайда болатын клеткалар зигота деп аталады. Өсімдіктің жыныс клеткалары ұрықтана алмаса, ол клеткалар өсе алмайды, өліп қалады.
Балдырлар мен саңырауқұлақтардың кейбіреулері, қазіргі гүлді өсіміктердің бәрі де жыныстық жолмен көбейеді. Екі жыныс органдары бір гүлде болса ,мұндай гүлді қос жынысты немесе гермафродит деп атайды. Сондай ақ бір өсімдік түрінің бір гүлінде аналық, аталық жыныс органы жеке болса, мұны дара жынысты гүлдер деп атайды.
Эволюциялық тұрғыдан өсімдіктердің жынысты жолмен көбею процесі 3 түрлі болаы. Олардың әрқайсысы өзінше жыныс процесінің жетілуіндегі 3 сатысы. Осылардың ішінде ең қарапайымы-изогамия (төменгі сатыдағы балдырлар мен саңырауқұлақтарда .)
Изогамиалық жолмен көбейгенде ұрықтанатын жыныс клеткаларының көлемі де, құрылысы да бірдей, пішні алмұрт жемісінікі сияқты, сүйірлеу, екі-екіден талшық бар. Аталық пен аналығын ажырату мүмкін емес.
Жынысты жолмен көбеюдің екінші түрі-гетерогамия. Жыныс клеткалары әр түрлі, құрылысыда төменгі сатыдағы жасыл балдырлар, қоєыр балдырлар.
Жынысты жолмен көбеюдің соңғы сатысы –огамия. Мұнда жыныс клеткаларының пішіні, құрылысы, физиологиялық қасиеттері айқын жіктелген.
Аналық жұмыртқа клетка, ал аталық- спермотозоид деп аталады. Аналық жұмыртқа клеткасы үлкен, протоплазмасында қоректік зат көп ,ядросы да үлкен, талшықтары жоқ сондықтан қимылдамайды. Ал аталық клетка майда, біршетінде талшықтары бар қимылдайды, ядросы кіші, протоплазмасы аз. Жоғарғы сатыдағы және кейбір төменгі сатыдағы өсімдіктерде болады. Өсімдіктердегі жыныс клеткалары түзілетін органдарды- антерида, аналық жыныс клеткасы түзілетін төменгі сатыдағылардың органын –оогомия, ал жоғарғы сатыдағы өсімдіктердієкі архегония деп атайды. Оогомия бір клеткадан ғана тұрады, ал архегония көп клеткадан тұратын күрделі құрылысты өркен. Жер бетінде жеке өсімдік болып табылады.
Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс клеткаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір клетка екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде клеткалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс клеткалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық клеткаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене клеткаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
Профаза (prophasis, гр. pro, protos — бірінші, phasis — фаза) — митоз бен мейоздың бірінші фазасы. Жасушаның митоздық бөлінуі кезінде профазада жасуша ядросындағы хромосомалар ширатылып көрінеді және центросомадан мигоз ұршығы қалыптасады.
Метафаза (грек. meta – аралық, кейін және фаза) [1] – клетка және оның ядросының бөлінуінің екінші фазасы.
Митоз процесінде көптеген организмдердің клеткалары ядросының бөлінуі кезеңінде хромосомалар және ядро мембранасы жойылады және ұршық жіпшелеріне центромералары арқылы қосылған хромосомалар цитоплазмада қалады.
Анафаза - жасушалардың митозды және мейозды бөлінуі кезінде жұп хромосомалардың жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай ахроматин үршығы жіпшелерінің көмегімен тең екіге бөлініп ажырау кезеңі; хромосом жұрнақтары жасушаның қарама-қарсы полюстеріне ажырайтын ядроның күрделі бөлінуі кариокинездің үшінші кезеңі.
Телофаза – аналық клеткадан екі жас клетка түзілетін митоздың соңғы фазасы. Телофазада клетканың қарамауылықарсы өрістеріне ажыраған хромосомалар ісініп, көлемі ұлғаяды. Олар таралып, ұзын жіпшелерге айналады. Хромосомалардың айналасындағы мембраналы көпіршіктерден ядро қабықшасы (кариолемма) түзіледі. Клетка аймағында РНҚ және белоктардың мөлшері көбейіп, ядрошық пайда болады. Телофаза кезінде митоздық аппарат біртіндеп ыдырайды. Жас клеткалар ядролары түзілгеннен кейін аналық клетканың цитоплазмасы екіге бөлініп, тең екі клетка пайда болады. Мұнда хромосомалар саны диплоидты (2n). Телофаза кезеңінің әр клеткадағы ұзақтығы 1,5 мин-тан 400 мин-қа дейін созылады.
. 1. Митоздың сызбасы: 1, 2 - профаза; 3 - прометафаза; 4 - метафаза; 5 - анафаза; 6 - алғашқы телофаза; 7 - соңғы телофаза.
IV. Бекіту
1. Овогенез, спермотогенез дегеніміз не?
2. Жынысты көбею деген не?
3. Мейоз деген не?
4. Диакинез деген не?
V. Қорытынды
Аталық және аналық жыныс клеткаларының (гамета) өзара қосыла келіп , бір- бірімен ұрықтану нәтижесінде жаңа организмнің пайда болуын жыныстық жолмен көбею деп атайды.
Жыныс клеткалары ұрықтанғаннан кейін пайда болатын клеткалар зигота деп аталады. Өсімдіктің жыныс клеткалары ұрықтана алмаса, ол клеткалар өсе алмайды, өліп қалады.
Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс клеткаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір клетка екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде клеткалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс клеткалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді.
.VI.Үйге тапсырма
§17 Жынысты көбею. Мейоз. Спермотогенез және овогенез
VІІ.Бағалау
Сабақ айтқан оқушыларды бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |