«Қызметші сөздер» бөлімі - программада қолданылатын қызметші сөздер жарысын ұйымдастыру. Фотошоп бағдарламасында жиі қолданылатын сөздерді тауып айту. Топтық ойын болып есептеледі. Топтағы әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Барлығы 5 минут уақыт беріледі.
«Саммит» және «Азиада» тақырыбында коллаж жасау бөлімі.
Бұл тақырыптар Қазақстанда өткен жылы және биылғы жылдың ең елеулі оқиғалары болғанғандықтан осы тақырыптар таңдалды. Әр оқушының компьютерінде жеке қапшықта жинақталған тақырыптық суреттер жинағы беріледі. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Қай топтағы оқушының суреттері үйлесімді құрастырылған болса және олар әсем безендірілсе, олардың сапасына қарай әр жұмысқа 1 ұпай беріледі, яғни әр топтағы оқушы өз тобына 1 ұпай әпере алады. Жалпы ұпай саны есептеліп, қосылады. Барлығы 10 минут уақыт беріледі.
Суреттердің үлгілері арнайы қапшықта сақталады. Оқушыларға олардан таңдап, коллаж жасауына мүмкіндік жасалған. Ү КЕЗЕҢ
«Жаттанды командалар» бөлімі. Әр топтан 1 оқушы тұрып жүргізуші қойған сұрақтарға сәйкес келетін командаларды атайды немесе командалық тізбекті орындай отырып көрсетеді. Жауабы таусылған команда ойынды аяқтайды. Барлығы 5 минут уақыт беріледі.
Түссіздендіру – Изображение – Режим + черно – белый
Т.б.
ҮІ кезең
«Галлерея» бөлімі. Әр топқа 1 флэшка беріледі. Өздерінің тобындағы коллаждарды жинақтап негізгі компьютерге салады. Үлкен экраннан жұмыстар көрсетіледі. Жұмыстарды тез жинақтаған топқа тағы да 1 ұпай беріледі. Барлығы 5 минут уақыт беріледі. ҮІ кезең