Сабақ жоспары
Күні
Сабақтың тақырыбы: Құймалар, олардың атауы, құрамы, қасиеті, қолданылуы. Шойын , болат және алюминий өндіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құймалар туралы білім беру. Шойын мен болат және алюминий өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашу.
Дамытушылық: Шойын, болат және алюминий өндірудегі химиялық реакция теңдеулерін құрастыра білу, есте сақтау, іздену қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Тәрбиелік: Оқушылардың іздемпаздық, іскерлік және химиялық тілде сауатты жауап беру қабілеттерін бағалай отырып,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі : Аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсінік айту, сипаттау және ізденіс жұмыстары тірек-сызба жүргізіледі.
Сабаққа қажетті құралдар: Интерактивті тақта, таратпа көрсетілімдер.
Сабақтың барысы:
1-аялдама - “Өткенді ұмытпа, ол - болашақтың ұстазы”. Үй тапсырмасын сұрау.
2-аялдама – “Білгенің - бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз”. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
3-аялдама – “Талаптыға нұр жауар”. Оқушылардың іздену жұмыстары.
4-аялдама – “Ерінбей талмай төгіп тер, білгеннің үстіне біле бер”. Сабақты бекіту тапсырмалары.
5-аялдама – “Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар”. Қорытынды.
6-аялдама – “Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар”. Бағалау. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 минут)
1 кезең: сәлемдесу
2 кезең: оқушыларды журнал бойынша түгендеу
3 кезең: сабаққа дайындығын тексеру
4 кезең : оқушылар көңілін аударту
1-аялдама - “Өткенді ұмытпа, ол - болашақтың ұстазы”.
ІІ. Үй тапсырмасы ( 7 минут)
Өнеркәсіптік химия дегеніміз не?
Жалпы технологиялық принциптер дегеніміз не?
Процестің үздіксіздік принципі.
Қарсы ағыс принципі.
Жалған қайнайтын қабат принципі.
Реакция жылуын іске жарату принципі.
Өнеркәсіптік қалдықтарды қолдану принципі.
“Металлургия” сөзінің мәні, түрлері.
Металдарды алу әдістері.
2-аялдама – “Білгенің - бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз”.
ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны
ҚҰЙМАЛАР
Құймалар-қажетті қасиеттері бар, екі немесе одан да көп компаненттен түзілген, оның біреуі міндетті түрде металл болатын қосылыстар.
Алғаш алынған мыстың құймасы – қола болатын. Оның атымен тарихи кезең – қола ғасыры аталды. Оның қаттылығы болаттың қаттылығына жуық. Ертеде одан пышақ, балта, қару-жарақ, тұрмыстық бұйымдар жасаған.
Осы күні техникада 10 000-нан астам құймалар қолданылады.
Шойын-темірдің көміртекпен құймасы,оның да құйылғыштық қасиеті жоғары.
ШОЙЫН МЕН БОЛАТ
Темір-жер қыртысында таралуы бойынша АL кейін 2-ші орында. Басқа металдардың ішінде оның тұтыну үлесі 95% құрайды.
Темірді алу процесі-құрамында едәуір мөлшерде С бар шойынды балқыту сатысынан басталады. Шойын қаттылығымен ерекшеленеді, бірақ ол морт. Одан С толығымен бөліп алуға болады.
Шойын (Чугун)
жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы;
темірдің көміртек (2%-тен астам, өдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын). Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру(лигерленген шойын алу) және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.
Шойынды арнайы домна пештерінде
өндіріледі, оның биіктігі 30 м.
Жоғары жағынан алдымен кокс, одан сон қабат-қабат етіп кенді, коксты,флюсті салады, соңынан коксты салады.
Жоғарғы жағындағы шахтасы
Достарыңызбен бөлісу: |