Құрамы
Хим. құрамына қарай көміртекті және легирленген Болат болып бөлінеді. Көміртекті Болаттың құрамында темір мен көміртектен басқа марганец (1%-ке дейін) және кремний (0,4%-ке дейін), сондай-ақ, зиянды қоспалар — күкірт, фосфор, т.б. элементтер болады. Болаттың сапасын жақсарту үшін қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний, т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген Болат деп аталады.
Қазақстандағы қара металлургия
Соколов-Сарыбай темір кені өнеркәсібі
Лисаковск кен байыту комбинаты
Теміртаудағы Металлургия зауыты орналасқан
Бұл екі зауыт
Атасу және кокс,флюстер, отқа төзімді заттар мен электр энергиясын өндіретін өнеркәсіптермен бірге ірі қарағанды металлургиялық комбинатын құрайды.
1964 ж. Қазақстан магниткасы — Қарағанды металлургия з-тында (1970 жылдан кейін Қарағанды металлургия комбинат, 1997 жылдан “Испат-Қармет”) Болат қорытатын екі мартен пеші (әрқайсысының сыйымд. 650 т), ал 1970 ж. әрқайсысының сыйымд. 300 т (іс жүзінде 350 т) үш оттекті конвертерлер іске қосылды. Конвертер цехтарының жылдық өнімд. 5,7 млн. т. Онда ауыр жүк көтеретін автомобильдердің рамаларына керекті аса берік лонжеронды Болат балқыту, Болаттың оттегісі аз және оттегісі төмен маркаларынан ақ қаңылтырлы және сортты прокат алу, сондай-ақ, электр тех. Болат алу, т.б. технологиялар игерілген.
Алюминий өндірісі
Алюминийді алғаш 1828 ж. неміс химигі Ф. Велёр алюминий хлоридың калиймен тотықсыздандыру арқылы бөліп алған.
Табиғатта таралуы. Алюминий табиғатта ең көп тараған металл, жер қыртысы массасының 7,5%-і алюминийдің үлесіне тиеді. Алюминий актив металл болғандықтан тек қосылыстар түрінде кездеседі. Алюминийдің маңызды қосылыстарына — алюмосиликаттар, боксит, корунд, криолит жатады.
Алюмосиликаттар жер қыртысының негізгі құрамды бөлігі. Алюмосиликаттардың құрамына сілтілік, сілтілік-жер металдар, алюминий, кремний, оттек т. б. элементтер кіреді. Алюмосиликаттардың бұзылуынан табиғатта ақ саз Al203·2Si02·2H20 түзіледі.
Алюминийдің маңызды кендеріне нефелин Na20·Al203·2Si02 , боксит А1203·пН20, корунд А1203 т. б. жатады. Нефелин Кола түбегінде, Краснояр өлкесінде, боксит Оралда, Сібірде, Ленинград облысында, Қазақстанда кең тараған. Алюминийді негізінен боксит кенінен өндіреді.
Кенен металдық алюминийді алу технологиясы 4 өндірістен тұрады.
Глинозем (алюминий оксиді) өндірісі.
Фторлы тұздар мен криолит өндірісі.
Көмір бұйымдарының өндірісі.
Электолиздік алюминий өндірісі.
Жаңа сабаққа қорытынды жасалады.
№ 1 тапсырма Толтырылмаған домна пешінің үлгісі беріледі. Соган домна пешінде жүретін реакция теңдеуін жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |