1.Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
2.Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.
3.Ізі бар,
Адымы жоқ.
4.Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
5.Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін.
6.Бірі үлкен, бірі кіші,
Туысқан бәрі топ кісі.
7.Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүтті тәтті.
8.Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
9.Жаһанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,Қорек қыппайдаланар тамам халық.
10.Тәтті, тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті.
11.Алма дерсің ішіне қарап,
Жүгері дерсің түсіне қарап.
12.Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.
13.Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем.
14.Сатайын дасем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.
15.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
16.Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
17.Бір нәрсе өзі молда,өзі жорға,
Құрады жібек ауды оң мен солға.
18.Ерте тұрады,
Жар салады.
19.Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
20.Аспай түскен,
Қайнамай түскен.
21.Аласа тауда алуан алма,
Алқызыл болмай, аузыңа салма.
22.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
23.Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған.
24.Бір үйде көп бала,
Біреуі- көк бала,
Біреуі- қызыл бала.
25.Сәуле астында жүз ине.
26.Жердегі құстың серкесі,
Көктегі құстың еркесі.
27.Отбасында құмған,
Екі көзін жұмған.