Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс әрекет Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата08.09.2017
өлшемі63,19 Kb.
#30497
Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс - әрекет

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Программалармен жұмыс жасау барысындаүйренгендерін қолдана білу , өз бетімен жұмыс жасау , көпшілік алдында сөйлесу дағдыларын дамытуға ықпал ету

Дамытушылық: Оқушылардың 5 сынып информатика курсы бойынша өтілген программалармен жұмыс жасау біліктілігін арттыру, программа-лардың қызметі туралы алған білімдерін жетілдіру , пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту, жан – жақты болуға, кауіпсіздік ережесін сақтауға , жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақың түрі: Жалпылау, қорытындылау сабағы

Сабақтың тәсілі: Пікірлесу, сұрақ – жауап , компьютерде жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, окулық, практикум, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлмдесу, сыныпты түгендеу, кітап – дәптерлерін ретке келтіру, зейінін сабаққа аудару



ІІ. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру

IІІ . Білімді тексеру кезеңі

а) Үй тапсырмасын тексеру

ә) Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап алу

б) Өтілген тақырыптар бойынша тест сұрақтарына жауап алу , тапсырмалар орындау

1. Төмендегілердің қайсысы дыбыстық ақпарат жазуға арналған?

А) WordPad

В) Блокнот

С) Фонограф

D) Калькулятор

2. Информатика ғылымы ­­­ -

А) техникалық тасылмалдаушыға ақпараттарды орналастыру ;

В) ақпарат , оны сақтау және мәліметтерді таңдау ;

С) ақпарат , оның қасиеттері өрнектеу тәсілдері, оны жинау, сақтау және беру әдістері

D) оқу процесіне пайдалануға

3. Windows 98-дің стандарттық прoграммаларын көрсет!

А) Microsoft Word,Microsoft Excel,

В)Miсrosoft Access; Microsoft Power Point

C )қысу , дискіні тазарту,Paint , WordPad

D) айырбас буфері, қысу агенті, дискіні тазарту

4. * .bmp файлының ішінде ... болады.

А)мәтін


В)статистикалық сурет

C)бейнефильм

D)басқа

5. Калькулятордың түрлерін көрсет!

А) қарапайым және инженерлік

В) қарапайым және жұмыскерлік

С) инженерлік және бағдарламалық

D) Бағдарламалық және жүйелік

6. батырмасының көмегінсіз пернетақтаның көмегімен терезені қалай жабуға болады?

А) Alt +F3 В) Alt +F4 С) Alt +F11 D) Alt +F12

7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі

A)Кбайт; B) Гбит; C) бит; D)Мбайт;

8. Төмендегі құрылғылардың қайсысы шығару құрылғысына жатады?

A)процессор;

B)пернетақта;

C)тышқан;

D)монитор;

9. Төмендегілердің қайсысымен келіспейсіз?

А) Paint – графикалық редактор

В) WordPad – графикалық редактор

С) Калькулятор – есептеуіш құрал

D) принтер – ақпаратты баспаға шығару құрылғысы

10. Информатика кабинетінде ... болмайды!!!

А) орнында отырып амандасуға

B) пернені ақырын басуға

С) қауіпсіздік ережесін сақтауға

D) ашық тұрған сымдарға тиісуге


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

C

C

C

B

А

В

С

D

В

D

IV. Жобамен жұмыс

Мәтіндік редакторда таңдалған тақырып бойынша кітапша құрың-дар. Кітапша кем дегенде 10 бет болып, оның мұқабасы мен безен-дірулері , мазмұны болуы керек.

« Проект » сөзі латынның сөзінен шыққан, « алға тасталған » мағына-сын береді. Жоба жасағанда жұмыстарыңның нәтижесін өзгеше етіп көрсететіндей тақырыпқа өз көзқарастарыңды білдіруге тырысыңдар.

Жобамен жұмыс жасау кезеңдерінің барысы: мәселелі жағдаят – мәселе, осы мәселені шешу жолдары – шешім.

Жұмыс жасау кезеңдері:



Жұмыс мазмұны

Оқушылардың

іс - әрекеті



Мұғалімның

іс - әрекеті



1

Жобаның тақыры-бы мен мақсатын анықтау

Мұғаліммен бірлесе талдап, қажет болса қосымша ақпарат алу

Жобалау амалдары мәнін түсіндіреді, оқушыларды ынталандырады, мақсат қоя білуге көмектеседі

2

Ақпарат жинау көз-дерін, тәсілдерін, сараптау жолдарын анықтау және есеп беру түрін, бағалау критерийлерін анықтау, міндеттер қою

Міндеттерді тұжы-рымдайды, іс - әрекет-тің жоспарын белгілейді

Идеялар ұсынып, жорамал-дар жасайды

3

Ақпарат жинау, аралық миндеттер-ді шешу

Аралық міндеттерді

шеше отырып, зерттеу жүргізеді



Бақылайды, кеңес береді, жанама түрде ғана басқарады

4

Ақпараттарды жинау, қорытынды жасау

Алынған нәтижелерді талдау

Бақылайды, кеңес береді

5

Нәтижелерді көрсетеді

Есеп береді, талдайды

Тыңдайды, қатардағы қаты-сушы ретінде сұрақтар қояды

6

Рефлексия

Ұжымдық талдау жолымен бағалауға қатысады, өзіне - өзі баға береді

Оқушылардың пайдаланыл-маған мүмкіндіктерін, тақырыпты жалғастыру әлеуетін бағалайды

Жұмыс барысында жобалық жұмыстардың бағалау критерийлері:


  • Жоба бойынша жұмыс жасай білу

  • Жоба тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығы

  • Тақырыптың толық ашылуы

  • Ұсынылғын шешімдердің ерекшелігі

  • Жобаның мазмұнын аша білу, тусаукесердің дұрыстығы

  • Сөйлеу мәнерінің анық, әртістік қабілеттің болуы

  • Көрнекі құралдарды, жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білуі

Тапсырмаларды оқушылар оқулықта берілген тақырыптар бойынша таңдайды, өздерінікіні ұсынуғада болады, немесе мұғалімнің ұсынысы бойынша алуғада болады.

Тапсырманың күрделілігіне байланысты жоба жеке немесе топтық болуы мүмкін. Егер бірнеше адам бір тақырыпты таңдаса, ол мазмұны және рәсімделуі жағынан ерекшеленуі тиіс.



Рефлекция әртүрлі формада болуы мүмкін.

Сабақты нәтижелеу және оқушылар білімін бағалау

V. Үйге тапсырма § 19 – 26 қайталау, жоба жұмысына дайындалу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет