5.1.3.7.Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
5.2.5.5.Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
5.3.3.7.Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру
Сабақ мақсаттары
Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді
Нақты ақпаратарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.
Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады.
Бағалау критерийі
Сұрақтарға жауап береді.
Ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.
Суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады.
Тілдік мақсат
Пәнге қатысты сөздік қормен терминдер:автокөлік,көлік,жол белгілері,бағдаршам,т.б.
Талқылауға арналған сұрақтар: -Адамдар үшін көліктің мағызы неде?
-Жол белгілерін білу қаншалықты маңызды?
-Жол белгілерінің қандай түрлерін білесіңдер?
Құндылықтарды дарыту
Жол ережесін сақтау,жолға құрмет.
Жолмен жүрсең, жортып жүр, Жортып жүрсең, жол өнер.(мақал-мәтелдер)
1.Күнделікті шаралар: а)Оқушылармен сәлемдесу
ә)Жағымды ахуал қалыптастыру
Үй тапсырмасын сұрау:<<Миға шабуыл>>әдісі. Өтілген тақырып бойынша сұрақтар беру арқылы пысықтау.
-Жол белгілерін білудің қандай маңызы бар?
-Жол белгілері қанша топқа бөлінеді?
-Жолдан өтерде қай жаққа бірінші қарайсың?
-Жол белгілерін толықтай білесің бе?
-Көше тәртібіне не жатады?
ҚБ:<<Жарайсың>>,<<Жақсы>>,<<Керемет>> мадақтау сөздерін айту. Бөлім бойынша сұрақтарға жауап беру. <<Зымыран сұрақтар>>әдісі
Жол белгілері не үшін керек?
Егер жол белгілері болмаса, не болар еді?
Жол белгілері нені білдіретінін білесің бе?
ҚБ:<<Жарайсың>>,<<Жақсы>>,<<Керемет>> мадақтау сөздерін айту. Оқулықпен жұмыс.
Мәтін мазмұны бойынша естіген деректік ақпараттарды есіңе түсір.Оларды қатыстырып,мәтін мазмұнын қысқаша түйіндеп жаз.
ҚБ:<<Жарайсың>>,<<Жақсы>>,<<Керемет>> мадақтау сөздерін айту. 6-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің сабақ тақырыбымен байланысы неде?Ойыңды дәлелде
ҚБ:<<Жарайсың>>,<<Жақсы>>,<<Керемет>> мадақтау сөздерін айту.
Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қарсы) 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: