Оқушыларға жүрек құрылымдары мен қан тамырларының түрлері, қызметтері туралы сұрақтарға жауап береді. Біз жүректің құрылысы, қанайналым жүйелерінің түрлері, қан тамырларының ерекшеліктері, қызметтерін білеміз. Осы мүшелер туралы тағы нені білу қажет деп ойлайсыздар сұрағын қоя отырып, осы мүшелерде кездесетін ауытқулар, яғни аурулары туралы сабақ болатынына назар аудартылады. Аурулар туралы қандай білім сіздерге қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттары анықталады.
1– қосымша
1-3слайдтар
Сабақтың ортасы
7-17 мин
Оқушыларға тақырып мазмұнын топтарда әр түрлі рөлдер тұрғысынан қарастыру ұсынылады.
Ол үшін сынып оқушылары:
1-топ:«Студенттер» - аурулардың туындау себептерін анықтап, сипаттаушылар.
2-топ: «Дәрігерлер» - аурулардың белгілерін сипаттаушылар. 3-топ:«Кеңесшілер» әр аурудың алдын алу жолдарын ұсынушылар болып жұмыстайды.
Әр топ өзінің бағытына сай зерттеу жүргізеді. Мысалы, 1топ барлық 6 аурудың туындау себептерін, 2 топ әрбір аурудың белгісін,3-топ аурулардың белгілері мен туындау себептеріне қарай алдын алу жолдарын ұсынуға дайындалады.Әр топ басқа топтардың тақырыптары бойынша сұрақтар дайындайды.
Мұғалім оқушылардың жұмысына бағыт сілтей отырып, кері байланыс ұсынады. Оқушылардың тиісті ақпаратты жинақтауына назар аударылады.
Топқа бөлу
4-11 слайдтар
Ватман
Желім
Маркерлер
18-27 мин
Білім жинақтау мен сұрақтар дайындаудан кейін оқушылар парақтарға қажетті мәлімет жазып, тақтаға шығып жауап береді. «Студенттер» және «Дәрігерлер» ватманға аурулар туралы сипаттамаларды желімдейді.
«Кеңесшілер» әрбір аурудың себептері мен белгілері айтылған сайын аурудың алдын алу жолдарына тоқталып отырады.
Әр топ алдымен тек бір ауруға қатысты талқылау жүргізгеннен соң келесі ауруға ауысады.