Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті Мұғалімнің аты-жөні: Ильясова Г. С



бет5/6
Дата23.10.2023
өлшемі450,36 Kb.
#187513
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
үйсіндер мен қаңлылар Ильясова Г

Басталуы
5 минут

Сәлемдесу.


Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топ:
«Бақыт» вагоны
2-топ:
«Сүйіспеншілік» вагоны
3-топ:
«Жарқын өмір» вагоны
«Қызыл гүлім-ай» би билету.

Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.


«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
Зерттеу сұрағы: Үйсіндер мен қаңлылар мәдениетінің ерекшеліктері қандай?

Оқулық,
мәтіндер.

Ортасы
10 минут

Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
Үйсіндердің материалдық мәдениеті
Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті жеткілікті дәрежеде толық зерттелген. Жетісудағы, негізінен алғанда Іле аңғарындағы қоныстар мен қорымдарды қазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар үйсіндердің тұрғын жайларының сипатын, олардың ішкі көрінісін елестетуге, керамиканың эволюциясы мен негізгі үлгілерін зерделеуге, үйсін тайпаларының еңбек құралдары мен қаруларын білуге мүмкіндік туғызды.
Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.
Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битянқаласы. Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталмыш кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесіңде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.
Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, қаңлылардың зерттелуі әлі де қанағаттандырмайды. Бұған жазбаша деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп болды, оның үстіне деректер үздік-создық және қарама-қайшы, мұның езі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұланбайтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуандария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың онтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь сияқты бес «шағын иелік», сондай- ақ Янцай бағынды. Алайда олардың орналасуы даулы болып қалып отыр. Айтылған аймақта археологтар сол уақыттағы негізгі үш мәдениетті - қаңлы мәдениетіне баланатын Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениетін атап көрсетеді. Осы мәдениеттерді 70—80-жылдары белсенді түрде ерістетілген зерттеу қаңлы тұрғындарының материалдық мәдениетінің сипаты, шаруашылығы, қоленері туралы деректерді едәуір толықтыра түседі.
Түсіндіру.
Топтық, жеке жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс.



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Сергіту сәті
2 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет