Сұлтанқажиева Мейрамгүл №148 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Пәні: 6-сынып Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер тарихы
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға Oтан тарихын оқыта отырып қазақ халқының ататегі болған тайпалардың бірі – үйсіндердің мекендеген жері, археологиялық ескерткіштері және олар жөніндегі деректер туралы мәлімет беру;
Дамытушылық:Интерактивті тақта арқылы қосымша деректер пайдалану, оқушылардың ой-өрісін дамыту, тарихи танымын кеңейту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа отансүйгіштікке, адамгершілікке, ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, талдау, ізденуге ой қозғау, өз бетімен шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтамен слайдтар, әртүрлі суреттер, кесте, карталар.