Сабақтың тақырыбы: К. Сегізбайұлы «Құмырсқалар»



бет2/2
Дата02.07.2018
өлшемі231,08 Kb.
#45772
түріСабақ
1   2

Мәтінмен жұмыс. Мағынаны тану. Бөлікке бөлу әдісі арқылы 3 бөлікке бөліп, оқытып, талдау. Оқушылар түсініксіз сөздердің астын сызып белгілеп отырады. Мәтінді бөлімге бөліп тізбектей оқи отырып, әр бөлімге ат қою.

Жоспар құру. – Ләйлә қандай қыз деп ойлайсың? - Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды? І бөлім. «Көрші қыз» - Ләйлә қандай құмырсқаға жақтасып жүр? Неге? ІІ бөлім. «Құмырсқалар шайқасы» - Ләйлә ертесіне неге мәз болды? Күш біріктіру не үшін қажет екен? ІІІ бөлім. «Күш біріктіру» Сөздікпен жұмыс (5 – слайд ) Қауашақ – өсімдік тұқымының қауазы, сырты, қабығы. Қайшыласып – ерсілі – қарсылы қозғалу. Қышқан ауыз – өткір тісті. Жотасынан – арқасынан. 5. Сергіту сәті. (6 – слайд ) Ұзын мұртты құмырсқа, Келе жатты жұмысқа – Допты алып қолыма, Қойдым оның жолына, Оң жағына қарады, Сол жағына қарады, Тау екен деп ойлады. Мәтінді талдау. Әңгімеден құмырсқалар төбелесі туралы жазылған тұсты тауып оқы. Енді қарасам, Ләйләнің қызыл қоңырларына қарағанда екі еседей үлкен қара құмырсқалар илеуге жақын алаңда майдан ашып жатыр. Басқыншылар ірі болғанмен, сан жағынан аз сияқты. Бір қараға үш – төрт қызыл қоңыр жабылып жүр. Кішкентайлар түгел майданға шығып, өз илеулерін қорғап жүр.

Венн диаграмасы (7 – слайд )


Қызыл -қоңыр құмырсқа



Қара құмырсқа


Жәндік Бунақ – денелі Илеуде тұрады Топпен


Ірі, күшті, әлде, ұйымшыл емес

Ұсақ, әлсіз, әлжуаз, нәзік, батыл, ұйымшыл

Ләйләнің құмырсқаға жанашыр болған сөзін тауып оқы. ( 10 – слайд ) Құмырсқаларым..... Топтастыру

Жалпы сыныпқа сұрақ: - Егер сен Ләйләнің орнында болсаң, не істер едің? ( пікірлерін тыңдау) « Табиғаттың қатал заңы » жөніндегі өз ойыңды жаз. – Біз құмырсқалардың қиян – кескі қырқысуын, одан кейін әлсіздердің күш біріктіруі туралы білдік. Табиғаттың қатал заңы күш біріктіру екенін аңғардық. Күш біріктірмесе әлсіздер дүниеден құрып кетер еді....

6. Сабақты қорыту. Салыстыру кестесі ( 8 – слайд )



Мысалдардың тақырыбы

Шегіртке мен құмырсқа

Құмырсқаның қанағаты

Құмырсқалар

Авторы

И.Крылов

Ел аузынан

К.Сегізбайұлы

Оқиға орны

Сабанда, көгалда

Бақ ішінде

Аулада

Кейіпкерлер

Шегіртке мен құмырсқа

Оқымысты мен құмырсқа

Ләйлә және іке – шешесі, көршісі

Құмырсқа қандай?

Еңбекқор

Қанағатшыл

Күштілер

Мазмұны, идеясы қандай?

Қарапайым, еңбекқор болу керек

Ақылды, шыдамды, қанағатшыл болу

Күш біріктірмесе, әлсіздер дүниеден құрып кетеді.

- Яғни, автор бүгінгі «Құмырсқалар» әңгімесі арқылы не айтқысы келіп тұр?

- Қызыл қоңыр құмырсқалар сияқты ұйымшыл болсаңдар, қара құмырсқалар сияқтылардан жеңілмес едіңдер. Еңбексүйгіштік, ұйымшылдық және ауызбіршілік болған жерде ырыс, береке, татулық, ынтымақтың болатыны анық.

- Жарайсыңдар, балалар, ендеше, татулық болған жерде, ырыс бірге жүреді.

«Байлық байлық емес, ынтымақ - байлық» демекші, алдағы уақытта да, татулығымызды арттырып, ұйымшыл болайық.



7. Үйге тапсырма берілді.

8. Бағалау. Мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет