Сабақтың тақырыбы: К. Сегізбайұлы «Құмырсқалар»



бет1/2
Дата02.07.2018
өлшемі231,08 Kb.
#45772
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: К. Сегізбайұлы «Құмырсқалар» Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларды мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, ондағы негізгі ойды табуға, қорытынды жасауға үйрету. Дамытушылығы: құмырсқалар туралы танымдық білімдерін толықтыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, құмырсқалардың іс – әрекеті арқылы ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Түрі: жаңа сабақ. Типі: кіріктірілген сабақ. Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап,талдау, ой шақыру,топтастыру,қызығушылықты ояту. Көрнекілігі: автордың суреттері, тақырыптық суреттер, салыстыру кестесі, интерактивті тақта, слайдтар. Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Психологиялық дайындық (оқушылардың назарын сабаққа аудару) 3. Үй тапсырмасын тексеру. Ой қозғау 1 –слайд. (илеудің суреті)

Мынау не деп ойлайсыңдар? - илеудің суреті. – Көргендерің бар ма? (оқушылардың өткен сыныпта дүниетану пәнінен алған білімдері еске түсіріліп, пысықталады.) - Яғни, илеу бойынша бағытты қалай анықтаған? - Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтақтың онтүстік жағына салады. Илеудің онтүстік жағы көлбеу, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді. Ендеше илеу ненің үйі? - Құмырсқаның үйі. – Ендеше осы құмырсқаның илеуін көргендерің бар ма? (оқушылардың пікірлері тыңдалады.) 2 – слайд. « - Мына ғажапты қарап көрші. Кішкене қызыл қоңыр құмырсқалар кешегі майданнан кейін күш бірктіріп жатыр». Ол қандай майдан болды екен, әңгіме оқып көрейікші... – Бұл әңгіменің авторы Кәдірбек Сегізбайұлы.



3 – слайд. Кәдірбек Сегізбайұлы – 1941 жылдың 1 маусымында шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жарасу ауылында туған. Зайсан қаласындағы М. Әуезов атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң екі жылдай туған ауылында тракторист, тәрбиеші болып жұмыс істеген. Көптеген газет – журналдарда қызмет еткен. Қазақ Совет энциклопедиясында бөлім меңгерушісі. Жазушы. «Сенат», «Атамұра» баспасының бас редакторы болды. Біршама орыс жазушыларының еңбектерін қазақ тіліне аударды, өзініңбір топ әңгімелері орыс тілінде кітап болып шықты. 4. Жаңа сабақ. 4 – слайд. Ой шақыру





Құмырсқалар

еңбекқор

пайдалы

иісшіл

ұйымшыл

(Құмырсқалар туралы түсінік беру) Бір балуан өзі күшті, қайратты мол, Өзінен үлкен затты көтерер ол. Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе, Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.



Құмырсқа жер шарында кеңінен таралған.

Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Құмырсқалар көбіне топтанып, арнайы илеу жасап, тіршілк етеді. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кезден – ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет