Атом құрылысы:
1. Ядро заряды- +20
2. Электрон саны- 20
3. Протон саны- 20
4. Нейтрон саны -20
5. Энергетикалық деңгей саны -4
6. Валенттілік электрондары- 2
7. Электрондық конфигурациясы 1s2 2s22р63s2 3p6 4s2
Табиғатта таралуы:
1. Жер қыртысындағы мөлшері бойынша алатын орны – V
2. Сульфаттар CaS04• 2Н20 ғаныш.
3. Карбонаттар - СаС03, доломит СаС03 • 2MgC03
4. Фосфаттары - фосфорит Са3(Р04)2, апатит Са5(Р04)30Н, фторапатит Са5(Р04)3Ғ, флюорит СаҒ2
5. Қазақстанда кездесетін кен орындары: Жамбыл облысындағы Қаратау тауларында, Ақтөбе облысындағы Шилісайда.
Қасиеті:
1. Кальцийдің қосылыстардағы тотығу дәрежесі тұрақты +2. Ол әр түрлі бейметалдармен әрекеттеседі:
2. Ауамен қыздырғанда тұтанады, ал таза оттекте ашық жалынмен жанып, кальций оксидінің бөлшектерінен тұратын ақ түсті түтін түзеді:
3. Белсенді металл ретінде кальций күрделі заттармен де реакцияға түседі. Мысалы, сумен қуатты әрекеттесіп, одан сутекті ығыстырып шығарады:
Алынуы:
Өнеркәсіпте кальцийді сілтілік металдар сияқты, тұздарының балқымасын электролиздеу арқылы алады:
Қосылыстары:
–ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны «сөндірілмеген әк» деп атайды.
– нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілік жер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді:
СаО + Н20 = Са(ОН)2 + 70 кДж
– суда аз ериді. Оның қанық ерітіндісі лабораторияда әк суы деген атпен жиі колданылады. Кальций гидроксиді ерітіндіде иондарға толық диссоциацияланады:
Са(ОН)2 = Са+2 + 2ОН-
Сілті ерітіндісінің түзілгені фенолфталеиннің таңкурай түске боялуынан байқалады. Кальций гидроксиді қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп бейтараптанады.
Са(ОН)2 + CO2 = СаСО3↓ + Н2О
Газды одан өрі жібере берсе, лай көрінбей кетеді, өйткені суда ерімейтін орта тұз ерімтал қышқыл тұзға айналады:
СаСО3 + Н2О + СО2 = Са(НСО3)2
Жай заттармен әрекеттесуі:
Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді
Са + Н2 = СаН2 кальций гидриді
2Са + О2 = 2СаО кальций оксиді
3Са + N2 = кальций нитриді
Ca + 2С =СаС2 кальций карбиді
Күрделі заттармен әрекеттесуі:
Ca + 2НОН = Са(ОН)2 + Н2↑
Ca + 2HCl=СаСl2 + Н2↑
Қолданылуы:
Кальцийді тотықсыздандырғыштық қабілетіне бола өнеркәсіпте кейбір бағалы және сирек кездесетін металдарды (Ti, V, Be, U, т.б.) алу үшін қолданады. Мысалы:
Кальцийдің қоспалары табиғатта кең таралған. Кальций қосылыстарының бір-біріне айналуы, табиғаттағы кальцийдің айналымын іске асырады, сөйтіп, көптеген геологиялық процестер жүреді. Осылайша бір-біріне айналуының нәтижесінде кальцийдің қосылыстары адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Кальцийдің қосылыстары құрылыста кеңінен қолданылады.
Жаңа сабақты бекіту
Жаңа тақырыпты қорытындылау үшін мына реакция теңдеулерін жүзеге асырып, талдауды ұсынамын.
Са→СаО→Са(ОН)2→СаСl2→CaSO4→Ca(NO3)2
2Ca + O2 = 2CaO
CaO + H2O = Ca(OH)2
Ca(OH)2 + 2HCl = CaCl2 + 2H2O
CaCl2 + H2SO4 = CaSO4 + 2HCl
CaSO4 + 2HNO3 = Ca(NO3)2 + H2SO4
Тақырыпты толық қамту үшін жасалған карточкалар (жалпы саны 6 карточка):
А) Кальцийдің физикалық қасиетін айтып беріңіз. Ә) Күрделі заттармен әрекеттесуі, мысал келтіріңіз.
Жауабы: А) Кальций – күмістей ақ, жеңіл металл, тығыздығы (р)=1,54 г/см3 . Сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады.
Ә) Ca + 2НОН = Са(ОН)2 + Н2↑
Ca + 2HCl=СаСl2 + Н2↑
А) Кальцийді кез келген бейметалмен әрекеттестіріңдер. Ә) Мысал ретінде 2 реакция теңдеуін жазыңдар.
Жауабы: А) Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді.
Ә) 3Са + N2 = кальций нитриді
Ca + 2С =СаС2 кальций карбиді
А) Кальцийдің тұздары қайда және қандай мақсатта қолданылады. Ә) Алебастрдың түзілу реакциясын жазыңдар.
Жауабы: А) Кальцийдің қоспалары табиғатта кең таралған. Кальций қосылыстарының бір-біріне айналуы, табиғаттағы кальцийдің айналымын іске асырады, сөйтіп, көптеген геологиялық процестер жүреді. Осылайша бір-біріне айналуының нәтижесінде кальцийдің қосылыстары адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Кальцийдің қосылыстары құрылыста кеңінен қолданылады.
Ә)
гипс алебастр
А) Кальцийдің адам өміріндегі маңызы. Ә) Реакция теңдеуін аяқтаңдар:
Жауабы: А) Кальций — ұлпалық сұйық, қан құрамында болады, оның иондары көптеген ферменттік процестердің жүруін қамтамасыз етеді, бұлшық ет пен нерв жүйесінің қозғыштығын төмендегіп, жасуша мембранасынын, өтімділігін азайтады, жүрек қызметін реттеуде маңызды қызмет атқарады.
Ә)
А) Кальцийдің табиғатта кездесуі. Ә) Реакция теңдеуін аяқтаңдар:
Жауабы: А) Жер қыртысындағы мөлшері бойынша алатын орны – V. Сульфаттар CaS04• 2Н20 ғаныш; Карбонаттар - СаС03, доломит СаС03 • 2MgC03; Фосфаттары - фосфорит Са3(Р04)2, апатит Са5(Р04)30Н, фторапатит Са5(Р04)3Ғ, флюорит СаҒ2. Қазақстанда кездесетін кен орындары: Жамбыл облысындағы Қаратау тауларында, Ақтөбе облысындағы Шилісайда.
Ә)
А) Кальцийге қандай реакциялар тән. Ә) Мысал ретінде бірнеше реакция теңдеулерін жазыңдар.
Жауабы: А) Кальцийге қосылу, орын басу және айырылу реакциялары тән. Кальций – бейметалдармен, металдармен, қышқылдармен, оттегімен және сумен реакцияға түсе алады.
Ә) 2Ca + O2 = 2CaO
CaO + H2O = Ca(OH)2
Ca(OH)2 + 2HCl = CaCl2 + 2H2O
CaCl2 + H2SO4 = CaSO4 + 2HCl
CaSO4 + 2HNO3 = Ca(NO3)2 + H2SO4
Үй тапсырмасын беру
146-152 беттегі §32-33 оқу . Келесі тапсырмаларды орындау:
CaO → CaCl2 → CaCO3 → CaO → Ca(OH)2
20г кальций оксиді сумен әрекеттескенде, түзілген негіздің массасын есептеңіз
3) 30г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО мөлшері қанша?
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |