Сабақтың тақырыбы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру


Тақырыпты талдауға, түсінуге бағыт беру



бет11/14
Дата05.02.2022
өлшемі4,64 Mb.
#18453
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Тақырыпты талдауға, түсінуге бағыт беру. Мұғалімдердің есте сақтау қабілетін дамыту, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Мұғалімдерді ұйымдастырып, 3 топқа бөліп болған соң, сын тұрғысынан ойлау әдісінің суреттерін қолдандым. Осы сын тұрғысынан ойлау әдісінде сәтсіз жері мұғалімдерде әлі де болса , сын тұрғысынан ойлаудың аз екені байқалды. Екіші кезең постер жасау болды. Онда топтық жұмыс не үшін керек? Топтық жұмысты пайдалану себептері . Оқушыларды топтық жұмысқа қалай дайындау керегін, Әр оқушының үлесі бар, мұғалімнің рөлі қандай деген сұрақтарды қамтып отырып постер жасаттым. Бұл постер жасаудың сәтті жері мұғалімдердің ойларын ашық айта білуі, жаңа әдіс-тәсілдер туралы түсініктің болуы, сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысулары. Әр топтан көшбасшы мұғалімдер шығып постерді қорғады, қалған мұғалімдер толықтырып отырды. Постерді жақсы қорғаған топ мұғалімдеріне 2 жұлдыз, 1 тілек формативті бағалауды қолданып постерлеріне баға беріп отырды және смайликтермен марапаттап отырылды.
Тапсырманы орындап болған соң теориялық білімге тоқталдым. Теориялық білімде Топтарда бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісу. Топтарда жұмыс істеу үдерісін модельдеу.Топтарда жұмыс істеу мен тиімді топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықты анықтау. Таныстырылым сәтті өтті деп ойлаймын, себебі таныстырылымнан кейін мұғалімдер үндемей біраз отырды.
«То что можно изменить» бейнетаспасын көрсеттіп. Осы бейнетаспаны көрсетуімнің мақсаты неде? Осыдан қандай ой түйдініздер? деген сұрақтар қою арқылы әр мұғалімнің ойын білуге тырыстым. Сәтті жері мұғалімдердің өткен коучингтегідей емес өз ойларын ашық айта білді, сыни тұрғыдан ойлауға бейім болуы.
Сергіту сәтінде «Австралия жауыны» арқылы өткіздім. Осы сергіту сәтін жасар алдында бейне таспа көрсетіп осы сергіту сәтін көрсеттім. Сергіту ойдығыдай өтті.
Кері байланыс алғанда мұғалімдерге ұнаған жерлері: коучинг сабағының мұғалімдердің қызығушылығын арттыратыны , өз ойынды ашық жеткізуге болатыны, бірлесе жұмыс жасау, постер жасау . Коучинг сәтті өтті.
Біршама кедергілер болды. Әр топ мұғалімдері ойланып қалды, белсенділігі жоғары мұғалімдері тапсырманы жылдам орындады, оларға қиындық болған жоқ. Өз ойларын айтуда кейбір мұғалімдер тапсырманы орындай алмай жатты. Мұғалімдердің уақыттары болмауы. Белсенділігі жоғары мұғалімдердің іс әрекеті: барлық тапсырмалар қызық болды, ұнады . Әр тапсырмаға белсенді жауап берді, өз ойларын айта бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет