ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: /6-7 мин/
1- тапсырма: «Ұяшық таңдау» арқылы ұпайларды жинай отырып, өз білімімізді көрсетеміз.Сәттілік!
10 20 30 40
10 20 30 40
10 20 30 40
10 - Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (адамға пайдасын тигізеді, қазып алынады)
10 - Пайдалы қазбалар өндірілетін жерді қалай атайды? (кен орны)
10 - Пайдалы қазбалардың қолдануына қарай неше топқа бөледі және оларды ата?
( 3 ке 1. Жанғыш пайдалы қазбалар, 2. Кен пайдалы қазбалар, 3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар)
20 - Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады? (тас көмір, мұнай және газ)
20 - Түсті металл кендерін ата? (мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс)
20 - Мыс пен мырыштың қоспасынан қандай металл алады? (жез түсі сарғыш, қатты, тот баспайды)
30 – Картада газ қандай түсті мұнара белгісімен белгіленеді? (ақ мұнара)
30 - Ең ірі Соколов –Сарыбай кен орнын ашқан кім? (ұшқыш Сургутанов 1948ж)
30- Қазақстанда қаншаға жуық көмір кендері бар? (400-ден астам)
40 -Майлы, қоймалжың сұйық зат. Ол жақсы жанады, көп жылу бөледі және күлін қалдырмайды. Бұл не? (мұнай)
40 - Ашық әдіспен өндірілетін көмір кен орны еліміздің қай қаласында? (Екібастұз)
40 - Ең алғаш көмірдің табылуына өз үлесін қосқан, оны жылыну үшін жағып көрген кім еді? (Аппақ Байжанов)