Н.Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Ашық сабақ Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар Өткізген: Байзакова Г.Д. 2013-2014 оқу жылы Пәні: Дүниетану Сыныбы: 4 «В» Сабақтың тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Тест
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру, алған білімдерін тиянақтау .
Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой - өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба - байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.