III Үй тапсырмасы. «Поле чудес» ойыны
Сабақта өтілетін тақырып интеграциялы сабақ
Үй тапсырмасын сұрау кезінде студенттер өздері ұйымдастырған «Поле чудес» арнайы пәндер бойынша «Кемпи» командасы арнайы технология пәні бойынша, «Вольт» тобы физика пәні бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Сұрақтарға студенттердің есімдері жазылған графада кімнің тұсына келсе сол жауап беру керек.
Әр капитан командасы өзін- өзі басқару саласында ойындарды өткізеді.
Арнайы технология пәні бойынша «Кемпи» тобының капитаны Рифхатов Рамиль.
Физика пәні бойынша «Вольт» тобының капитаны Саут Есжан.
Топтарға тапсырма әртүрлі бағытта беріледі. Жұмбақ шешу, сөздегі әріптерді қою.
Әділ-қазылар мүшелері баға санын қойып анықтап отырады. Баға 5-тік баллмен қойылады. Командалар капитандарына берейік.
Үй тапсырмасы:
Поле чудес бойынша сөзерді табу
«Кемпи» тобының капитаныРифхатов Рамиль: Біздің топ «Кемпи». Команданың ұраны «Бәрімізбіріміз үшін, біріміз бәріміз үшін».
«Вольт» тобының капитаны Саут Есжан: «Жоғары кернеу 220 Вольт»
Үй тапсырмасын қорғаудағы «Поле чудес» ойынына қош келдіңіздер.
Біз өз білімімізді сынау үшін физика пәнімен ұштастырып тереңдету мақсатында жарысқа түсеміз. Соған байланысты «Вольт» командасына қойылатын сұрақтарды «Поле чудес» ойыны арқылы қоямыз.
Дәнекерлеу саласында жіктерді тотығудан қорғайтын негізгі минералды зат. (ФЛЮС)
Көмекші құралды ата (БАЛҒА)
Метал мен электрод ортасында болатын процес (ДОҒА)
Автоматты пісіруде қолданылатын флюс маркасын (АН-385)
Адам өмірінде қолданылатын флюс түрі (Пемза)
Дәнекерлеу саласында дайындама ретінде қолданылатын материал (БОЛАТ).
Физика пәні бойынша «Вольт» тобы «Кемпи» тобына физика мен арнайы технология пәндеріне ортақ жұмбақтар қояды. Ол жұмбақтарды балл көрсеткішімен «Поле чудес» ойыны арқылы қоямыз. Ал кеттік.
Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны? Жауабы: Генератор.
Асып кетсе кернеуді,
Төмендетіп береді,
Кеміп кетсе кернеуді
Жетерліктей береді,
Мұны ойлап тауып ед,
Яблочков пен Усагин,
Тұтынуға қажетті,
Тауып берем кернеуді. (трансформатор).
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток).
Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала - шаға ұсағын,
Бауырына қысады. ( магнит).
Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан. (энергия).
Көтерілсе жоғары
Ерітеді мұхит
Төмен түссе шамала
Сездірер суық ызғарын (Температура).
Достарыңызбен бөлісу: |