Тургумбаева У.И.
Алматы облыстық қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің Арнайы пән оқытушысы.
Алматы қаласы
Сабақтың тақырыбы: Кернеу мен деформациялар туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Студенттерді негізгі ұғымдар, кернеумен деформация арасындағы байланыс түрлерімен таныстыру. Физика пәніндегі қолданылатын терминдер. Ом заңы туралы түсінік.
Дамытушылық: Физика пәні мен дәнекерлеуші мамандығында оқытылатын арнайы технология пәні арасындағы байланысты көрсету. Жеке тұлғаның жалпы қабілеттерін дамыту. Талдау, салыстыра білуге, есте сақтау қабілетін арттыра отырып, студенттердің ой өрісі мен шығармашылық ізденісін тереңдету.
Тәрбиелілік:Адамгершілік қасиетті қалыптастыру. Топтасып жұмыс істеуге, еңбекке деген қызығушылығын ояту. Мамандыққа бағыт бағдар беру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі. Пәнаралық байланысты тереңдете оқыта отырып бинарлы сабақпен ұштастыру
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, топтық, жарыс сабақ
Сабақ барысында қолданылатын технологиялар:
Ойын технологиясы; кәсіптік бағдар беру технологиясы; интеграциялы технология бойынша пәнаралық байланыс; өзара салыстырмалы түрде «Блум» технологиясы; көрмемен жұмыс, құралдардың өзара ұқсастығы және қолдану саласы; ойын технологиясы. Әртоптың өзара жарысуы; өндірістік сабақпен байланыстыру; материалдардың маркасына жеке-жеке тоқталу; болат жалпақ пластиналарды салыстыру; физика пәні бойынша құралдарымен жұмыс.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекілігі: Техникалық құралдар, проектор, экран, «Поле чудес» тақтайы, «Бинго» шарлары, тақырып бойынша ұйымдастырылған көрме.
Сабақтың пәнаралық байланысы. Ағылшын тілі, орыс тілі, физика, химия, арнайы пәндер, сызу, еңбек қорғау, материалтану.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі ( 2-минут).
II Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (3-минут).
III Үй тапсырмасы «Поле чудес» ойыны (10 минут).
IV Жаңа сабақ (10 минут).
V Көрнекілік тәжірибе көрсету (10 минут).
VI Жаңа сабақты бекіту.«Бинго ойыны»(5 минут).
VII Қорытынды (5 минут).
I Ұйымдастыру кезеңі
Студенттерді түгендеу. Аудитория тазалығына студенттердің сыртқы келбетіне көңіл бөлу. Сабаққа қажетті құралдармен қамтамасыз ету. Журналды толтыру, студенттердің назарын сабаққа аудару.
II Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау:
Біз бүгінгі сабағымызда сұхбаттасу мәдениетін қалыптастыру, ортақ пікір, тиянақты тұжырым жасауды үйренеміз. Бір-біріміздің пікірімізді тыңдап, ізденіп шешім қабылдаймыз. Осы мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін пәнаралық байланыс ретінде физика пәнімен бірге ойын жарыс сабағын өткіземіз. 2-топқа бөлінеміз. Топтарға бөлінгеннен кейін сабақ жарыс – сайыс түрінде өтеді. Топтарға білім деңгейі әртүрлі студенттер біріктірілген. Олар бірінің білімін екіншісі толықтырып, бірін –бірі жеңіске жетуге әрекеттенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |