Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы «КЕРНЕУ» деп аталады.
Тізбектің берілген бөлігіндегі заряд бірлігінің орын ауыстыруы үшін тоқтың атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шама «ЭЛЕКТР КЕРНЕУІ» деп атайды.
Кернеудің формуласы
;
.
Өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшеуге арналған құралды «ВОЛЬТМЕТР» деп атайды
Вольтметрдің сызба нұсқасы
Өткізгіштің қандай да бір екі нүктесінің арасындағы кернеуді өлшеу керек болса, вольтметрді сол нүктелерге жалғайды. Құралды осылайша жалғауды «ПАРАЛЛЕЛЬ ЖАЛҒАУ» деп атайды. Бұл кезде «+» қысқышын ток көзінің оң полюсінен, ал «-» қысқышын ток көзінің теріс полюсінен келетін өткізгіш сыммен жалғайды.