«Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз....мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз.
Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз.
«Талдап, салыстырайық» дағдысы.Мұғалім: тақырыптың мазмұнына талдау жасап, өз жауаптарыңызды дәлелдеңіздер (жұптасып пікір алмасу)
Кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшылардың айырмашылықтарын анықтаңыздар
«А нүктесі» мен «В нүктесі» арасындағы айырмашылықты анықтаңыздар.
Тақырыптың негізгі идеясы қандай?
«Дәптерге орындайық» дағдысы. Оқушылар алған білімдері негізінде дәптерлеріне «Кәсіпкерлік көзқарас» тақырыбы бойынша кластер қорғайды.
« Қолданып көрейік» дағдысы. Қызметтің сипаттамасына сәйкес «+» немесе «-» белгілерімен кестені толтырыңыздар.
№
Қызмет
Сұраныс
Технология
1
Сіз аймағыңызда бірде-бір шаштараздың жоқтығын, көршілеріңіздің шашиарын алдыру үшін үнемі алысқа, қаланың басқа жағына баруға тиіс екендіктеріне шағымданып жүргенін білесіз. Бірақ сіз бұл бизнестің не екенін қалай жұмыс істейтінін білмейсіз, себебі сіз шаштараз емессіз, мысалы, сантехниксіз.
+
-
2
Сізде тоңазытқыштарды жобалау және оны жинақтау дағдылары бар, бірақ солтүстік полюсте өмір сүресіз. Мұнда жыл бойы суық, оның үстіне ғылыми экспедициялар мен ақ аюларды санамағанда, онда ешкім өмір сүрмейді
-
+
3
Сіз ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдарын білесіз, алайда ол ауданда біде-бір тіл үйрету орталығы жоқ.
+
+
4
Сіз ыстық аймақта өмір сүресіз, «құлақшындар» тіккіңіз келеді, сонымен қатар сізде өндірістік дағдылар жоқ.