Сабақтың ортасы- тақырыпты өз бетімен меңгеру (15 минут)
4. «Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы «Сұрақтарға жылдам жауап беру» әдісін пайдаланып, сұақтардың толық жауаптарын дайындаңыздар (жұптық жұмыс)
Кәсіпкерлер дегеніміз кім?
Кәсіпкерлік идея қандай факторларға негізделуі керек?
Сұраныс дегеніміз не?
Технология дегеніміз не?
Идеялар матрицасының мәні неде?
«А нүктесі» дегеніміз не?
«В нүктесі» дегеніміз не?
«А нүктесі» мен «В нүктесі» арасындағы аралық нені білдіреді?
Бір-бірін толықтыра отырып, жұптар өз кезегінде жауаптарын береді.Олар мұғаліммен негізгі идеяларды талқылайды, оларды дәптерлеріне жазады.
5.«Ойланайық, талқылайық» дағдысы (топтық жұмыс). Мұғалім сұрақ карталарын топ жетекшілеріне таратады, сұрақтарды талқылап, жауап беру керектігін айтады
1-топ: 1. Кәсіпкердің жалдамалы жұмысшыдан айырмашылығы неде?
2.Кеңес берушілер жас кәсіпкерлерге қабылдаған ақпараттың дұрыстығын анықтаудың қандай әдісін ұсынады?
2-топ: 1. Қай жағдайда түйіндемелерді қарау мен сұхбаттасуға шақыру саны артуы мүмкін?
2.Қандай жағдайда түйіндемені қарастыру және сұхбаттасуға шақыру санының көрсеткіші төмен болуы мүмкін?
3.Кәсіпкерлікте сұраныс және тахнологиялық факторлар қалай қолданылады?
3-топ: 1. Қандай жағдайда маман жалдауға немесе серіктестік қабылдауға болады?
2.Қанша уақытқа дейін және қанша мерзім бойы кәсіпкерліктің қаржылық қауіпсіздіктегі берік тірегі болуы керек
3.Идеялар матрицасын пайдалану үшін қандай білім қажет?
«Джигсо» әдісі бойынша оқушылар тапсырманы талдайды, бір-біріне түсіндіреді.Мұғалім әрбір тапсырма бойынша нұсқаулар береді, топта жасалған жұмыстың барысын тексереді. Топ оқушыларының негізгі міндеті- тапсырмаларға жауап беру және бір ортақ презентация дайындап, оны сынып алдында қорғау. Оқулықтарды пайдалану рұқсат етіледі. Басқа топтағы оқушылар жауаптарын толықтырады.